БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 8 академиялық кредитті құрайды.
Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 10 академиялық кредитті құрайды. Оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 6 академиялық кредитті құрайды.
ӘАОО-ларда бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау түрінде жүргізіледі.
ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және ӘАОО өз бетінше пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.";
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 20 ақпандағы № 66 бұйрығына 1-қосымша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша |
Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
р/с | Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |||
1 жылдық типтік оқу мерзімімен | 1,5 жылдық типтік оқу мерзімімен | ||||
академиялық сағат бойынша | академиялық кредит бойынша | академиялық сағат бойынша | академиялық кредит бойынша | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Теориялық оқыту | кемінде 1170 | кемінде 39 | 1920 | 64 |
1.1 | Базалық пәндер (БП) циклі | кемінде 300 | кемінде 10 | 450 | 15 |
1) | Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) | 180 | 6 | 180 | 6 |
Оның ішінде: | |||||
Шет тілі (кәсіби) | |||||
Менеджмент | |||||
Басқару психологиясы | |||||
2) | Таңдау компоненті (ТК) | кемінде 120 | кемінде 4 | 270 | 9 |
1.2 | Бейіндеуші пәндер циклі | кемінде 870 | кемінде 29 | 1470 | 49 |
1) | Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) | ||||
2) | Таңдау компоненті (ТК) | ||||
3) | Өндірістік практика | ||||
2 | Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) | кемінде 390 | кемінде 13 | 540 | 18 |
1) | Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) | кемінде 390 | кемінде 13 | 540 | 18 |
3 | Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ) | ||||
4 | Қорытынды аттестаттау (ҚА) | кемінде 240 | кемінде 8 | кемінде 240 | кемінде 8 |
1) | Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ) | кемінде 240 | кемінде 8 | кемінде 240 | кемінде 8 |
Барлығы | кемінде 1800 | кемінде 60 | кемінде 2700 | кемінде 90 |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 20 ақпандағы № 66 бұйрығына 2-қосымша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 5-қосымша |
Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы
р/с | Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық сағат бойынша | академиялық кредит бойынша | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Теориялық оқыту | 900 | 30 |
1.1 | Базалық пәндер (БП) циклі | 600 | 20 |
1) | Жоғары оқу орны компоненті (ЖК): | ||
Оның ішінде: | |||
Ғылым тарихы мен философиясы | |||
Жоғары мектеп педагогикасы | |||
Педагогикалық практика | |||
2) | Таңдау компоненті (ТК) | ||
1.2 | Бейіндеуші пәндер циклі | 300 | 10 |
1) | Жоғары оқу орны компоненті (ЖК) | ||
2) | Таңдау компоненті (ТК) | ||
Барлығы | кемінде 900 | кемінде 30 |