"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31928 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Заңның 26-бабының 8 және 9-тармақтарында көрсетілген түсушілерді қоспағанда, қабылдау тәртібін, нысанын, қосымша емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, түсушілер үшін өту балын айқындайды.

      Қосымша емтиханға қатысу үшін өтінішті қабылдау, оны ЖЖОКБҰ-ның өткізуі 01 шілде мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады, бұл ретте білім беру грантын беру конкурсына қатысушылар үшін қосымша емтихан конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанға дейін өткізіледі.

      Түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген балдарға сәйкес мәлімделген ЖЖОКБҰ-ға қосымша емтиханға қатысуға өтініш береді.

      Түсуші қосымша емтиханнан өткен және (немесе) ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.";

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

      "Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде жжокбұ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде күнтізбелік жыл ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әрбір ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ЖЖОКБҰ-ның басшысы, проректорлар (ЖЖОКБҰ-ның басшының орынбасарлары), ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ келесі жағдайларда:

      1) білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және күшін жою туралы шешім қабылдағанда;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары мен әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда институционалды аккредиттеу болмағанда, және ол тоқтатылғанда, қайтарылғанда не жарамдылық мерзімі өткенде;

      3) мемлекеттік бақылау нәтижесі және (немесе) оның қорытындысы бойынша сот ісі кезеңінде өрескел қате анықталғанда;

      4) тиісті білім беру бағдарламаларының тобына Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламалары реестрінде білім беру бағдарламасы болмағанда немесе алынып тасталғанда қабылдауды іске асырмайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

      Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-15 шілде аралығында өткізіледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін қосымша, арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындысын қосымша, арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша), бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

      ЖЖОКБҰ-да жаңа оқу жылы аяқталғанға дейін осы тұлғалар ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде тапсырады.

      Осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды қайта жинамаған адамдар 1 (бірінші) оқу жылы аяқталғаннан кейін тапсырылатын ҰБТ нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-дан шығарылуға жатады.";

      Үлгілік қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1 – қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі – ғылыми ұйымдардың) резидентурасы тыңдаушыларын қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, ЖЖОКБҰ келесі жағдайларда:

      1) білім саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және күшін жою туралы шешім қабылдағанда;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары мен әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда институционалды аккредиттеу болмағанда, және ол тоқтатылғанда, қайтарылғанда не жарамдылық мерзімі өткенде;

      3) мемлекеттік бақылау нәтижесі және (немесе) оның қорытындысы бойынша сот ісі кезеңінде өрескел қате анықталғанда;

      4) тиісті білім беру бағдарламаларының тобына Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламалары реестрінде білім беру бағдарламасы болмағанда немесе алынып тасталғанда қабылдауды іске асырмайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Магистратураға, докторантураға және резидентураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін үш жыл ішінде бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Денсаулық сақтау білім беру саласындағы докторантурасына қабылдау екі кезеңмен жүргізіледі: алдын ала іріктеу, түсу емтихандары.

      Денсаулық сақтау білім беру саласындағы докторантурасына түсушілерді алдын ала іріктеу түсу емтихандары басталғанға дейін, күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан 31 мамырға дейін жүргізіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін алдын ала іріктеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары және "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.

      MBA және DBA білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау ЖЖОКБҰ-лармен дербес жүргізіледі.";

      Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі 2023 жылғы
26 қаңтардағы № 29
бұйрығына
1-қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына 3-қосымша

"Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 1 жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)) қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www. edu. gov. kz;
2) порталда: www. egov. kz орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6) ҰБТ сертификатын;
7) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
8) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік.
Көрсетілетін қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) 3x4 көлеміндегі цифрлық фото;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
5) ҰБТ сертификаты;
6) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы мәліметтерді, медициналық анықтама, ҰБТ электрондық сертификаты және білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (ақпараттық жүйелерде болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 10-25 тамызы аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысанда өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарта;
5) "денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (бұдан әрі - № ҚР бұйрығы ДСМ-175/2020). Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
6) әскери билеттің көшірмесі;
7) мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут (практиканы ескере отырып).
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. edu. gov. kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777.

  бұйрығына 2-қосымша
Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-1-қосымша

"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі"

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
магистратураға – күнтізбелік жылғы 15-28 тамыз аралығында;
докторантураға – күнтізбелік жылғы 26 қарашадан 10 қаңтарға дейін.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі № 39 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www. edu. gov. kz;
2) порталда: www. egov. kz орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар: ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 60;
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 498;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau С1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво C1) (DSH, Niveau C1) (ДЙСИЭИЧ, ниво C1) – C1 деңгейі;
TestDaF-Prufung Niveau C1 (тестдаф-прюфун ниво C1) (TDF Niveau C1) (ТЙДИЭФ, ниво C1) – C1 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейі;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - С1 деңгейі;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – 50;
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жоғары білім туралы электрондық құжат;
3) интернатураны бітіргені туралы электрондық куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 60;
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 498;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau С1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво C1) (DSH, Niveau C1) (ДЙСИЭИЧ, ниво C1) – C1 деңгейі;
TestDaF-Prufung Niveau C1 (тестдаф-прюфун ниво C1) (TDF Niveau C1) (ТЙДИЭФ, ниво C1) – C1 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейі;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - С1 деңгейі;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – 50;
5) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;
7) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
2. Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 46;
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 453;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейі;
TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) - В2 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейі;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – 50;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Осы тармақтың 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми Консультантпен келісілген Жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесінің электрондық құжаты;
3) білімі туралы электрондық құжат;
4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
5) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 46;
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 453;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейі;
TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) - В2 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейі;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – 50;
6) көлемі 3x4 сантиметр сандық фото;
7) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
8) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Бейінді магистратураға түсетін мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысанда өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3)интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарта;
5) "денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (бұдан әрі - № ҚР бұйрығы ДСМ-175/2020). Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
6) әскери билеттің көшірмесі;
7)мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған);
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда). 3), 8) және 9) тармақшаларда санамаланған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.