"Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31922 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында:

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Квоталау субъектісі мониторинг жоспарына келесі жағдайларда өзгерістер енгізеді:

      1) кез келген қызметтен (көзден) шығарындыларды есептеу әдісін (теңдеуін) немесе параметрлерін өзгерткенде;

      2) мониторингі валидацияланған мониторинг жоспарынан ерекшеленетін жаңа қызметті (көздерді) қосқанда;

      3) мониторингі (деректер мен коэффициенттер) валидацияланған жоспарда көрсетілмеген отынды қосқанда.

      Жанармайдың жалпы балансының 1%-дан азын алатын отынның жаңа түрі қосылса, бақылау жоспарына өзгерістер енгізілмейді;

      4) бұрын қолданылған мониторинг әдіснамасы нәтижесінде алынған деректерді уәкілетті орган дұрыс емес деп таныған жағдайларда;

      5) егер осы процедуралардың өзгеруі шығарындылар туралы деректердің дәлдігіне тікелей әсер етсе, сынамаларды іріктеумен және талдаумен немесе өлшеу аспаптарын калибрлеумен байланысты жаңа процедураларды енгізу;

      6) алдыңғы мониторинг жоспарын валидациялаған органнан аккредиттеу туралы аттестатты кері қайтарып алу;

      7) квоталау субъектісінің есептік деректерінің дәлдігін жақсарту немесе валидация жөніндегі органның қорытындысына жауап ретінде."

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология әне табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық

      жоспарлау және реформалар агенттiгi

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі