БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
36 -тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"36. Егер кезекті Аттестаттауды жүргізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті Аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Егер кезекті Аттестаттауды жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті Аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Егер кезекті Аттестаттау жүргізу нәтижесінде генерацияның маневрлік режимі бар пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті Аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Егер кезекті Аттестаттауды жүргізу нәтижесінде тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті Аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.".
45-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"45. Егер осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес есептелген энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі мен ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемінің арасындағы айырмашылықтың мәні(бұдан әрі – толық жеткізбеу) мынадай басым тәртіппен:
1) осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен.
2) осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен.
3) осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен.
4) осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен.
5) осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен.
6) осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен шегеріледі.
Егер толық жеткізбеу осы тармақтың 2) және (немесе) 4) тармақшаларында көрсетілген шарт (шарттар) бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен (көлемдерінен) асқан жағдайда, аталған шартқа (шарттарға) сәйкес келетін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі (көлемдері) нөлге теңестіріледі.
Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін есеп осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары бойынша ғана жүргізіледі. Бұл ретте, бірінші шарттың айырмашылығының мәні теріс болған жағдайда, осы шарттың 2) тармақшасында көрсетілген шарт бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі нөлге теңестіріледі.".
59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"59. Қуат нарығының тұтынушысына есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) бірыңғай сатып алушы жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметтің нақты көлемі (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формула бойынша ондықтарға дейінгі дәлдікпен есептеледі:
электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген, тұлғалар тобына кірмейтін энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар үшін:
НК = (ШК + nо * (Dо - 0,05* ШК))*
НК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
nо – Dо-ға тәуелді шексіз коэффициент:
1) n0 = 0, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;
2) n0 = 1,3, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
3) n0 = 1,5, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
4) n0 = 1,7, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
5) n0 = 2,0, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайызға асқан жағдайда;
Dо – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті шарттық көлемінен қуат нарығының тұтынушысы тұтынатын электр қуатының асып кеткен нақты максималды мәні, МВт;
0,05 – қуат нарығының тұтынушысы үшін ауытқу диапазоны;
1 – шарттық көлемді білдіретін коэффициент;
– олардың әрқайсысының шеңберінде энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын өткізетін цифрлық майнинг бойынша көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін электр энергиясын жоспарлы жеткізуді төмендету жөніндегі Жүйелік оператордың өкімдерін толық көлемде орындамаған, осы энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын іске асыратын есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) күндерінің саны (Жүйелік оператордың тиісті өкімдерін орындамаған энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін қолданылады, нөлге тең емес);
– олардың әрқайсысының шеңберінде энергия беруші ұйым осы энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған, цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды шектеу (электр желілерінен ажырату) бойынша Жүйелік оператордың өкімдерін толық көлемде орындамаған есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) күндерінің саны (Жүйелік оператордың тиісті өкімдерін орындамаған энергия беруші ұйымдар үшін қолданылады, нөлге тең емес);
100 – цифрлық майнинг бойынша көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тұтынуын шектеу (электр желілерінен ажырату) немесе азайту жөніндегі Жүйелік оператордың өкімінің орындалмауын ескеретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға арналған коэффициент;
– бір айдағы күндер саны.
z – мынадай мәндерді қабылдайтын өлшемсіз коэффициент:
1) z = 1, мәлімделген қуаты 5 МВт жоғары электр желісінің пайдаланушыларын Жүйелік оператордың келісімінсіз энергия беруші ұйымның электр желісіне қосу (қосылған күйінде сақтау) фактілері болмаған кезде;
2) z = 3, мәлімделген қуаты 5 МВт жоғары электр желісінің пайдаланушыларын Жүйелік оператордың келісімінсіз энергия беруші ұйымның электр желісіне қосу (қосылған күйінде сақтау) фактілері болған кезде.
z коэффициенті энергия беруші ұйымдарға қолданылады, қуат нарығының барлық қалған тұтынушылары үшін ол 1-ге (бірлікке) теңестіріледі;
электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар үшін:
НК = ШК + n1 * D1, мұнда:
НК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
n1 – D1 -ге тәуелді шексіз коэффициент, мұнда:
1) n1 = 0, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;
2) n1 = 1,3, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
3) n1 = 1,5, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
4) n1 = 1,7, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
5) n1 = 2,0, егерD1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайыздан асқан жағдайда;
D1 – электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушының тұтынуының электр қуаты мәнінің есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) нақты максималды мәнінің қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті шарттық көлемі мен онымен бірге тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсеткен қызмет көлемдерінің қосындысынан артуы, МВт, мына формула бойынша есептеледі:
НМ – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушының электр қуатын тұтынуы мәнінің есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) нақты максималды мәні, МВт;
ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
НКr.i – аталған энергия өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі барлық қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) осы Қағидалардың 91-тармағына сәйкес белгіленетін i-ші энергия өндіруші ұйым нақты көрсеткен көлемі, МВт;
ШКr.i – i-ші энергия өндіруші ұйым электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
Дi – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектісі болып табылатын тұтынушы i-ші энергия өндіруші ұйыммен жасаған электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шартта белгіленген электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт;
n – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектісі болып табылатын тұтынушы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт жасаған энергия өндіруші ұйымдардың саны;
i – реттік нөмірі, 1-ден n-ға дейін;
- і бойынша қаржы.
Бұл ретте, D1 коэффициентінің мәні теріс болған жағдайда, оның мәні нөлге тең болып қабылданады.".
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 388 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30837 болып тіркелген):
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | А. Хасенов |