БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19491 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К. Арпабаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
Б. Сариев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
__________________________
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1-1 | Басшының орынбасары |
А2 | 1 | Қызмет басшысы, бас бухгалтер |
1-1 | Қызмет басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары, бас экономист | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 2 | Бас сарапшы |
3 | Жетекші сарапшы | |
4 | Кеңесші | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр бойынша маман, заңгер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бухгалтер, құжат жүргізуші |