"Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу т

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 ақпанда № 31906 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21597 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасында:

      "Әуежайлар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 1-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39) жолмен толықтырылсын:

      "

39)

ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар.



      ";

      "Әуекомпаниялар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 7-бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22) жолмен толықтырылсын:

      "

22)

ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар.



      ";

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АА - азаматтық авиация;

      АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      АҚ - авиациялық қауіпсіздік;

      ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;

      ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;

      ӘК - әуе кемесі;

      БӨП - бақылау-өткізу пункті;

      ТЖ - төтенше жағдай;

      VІР - залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;

      ЖЗ - жарылғыш заттар;

      ӘКК- әуе кемесінің командирі;

      ИАҚ- инженерлік-авиациялық қызмет;

      (-1) – авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндерітен және одан әрі қызметіне кедергі келтіретін сындарлы сәйкессіздіктер;

      (-2) - келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін шарттарда одан әрі қызметіне кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;

      (-3) - одан әрі қызметіне кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер;

      (*) - осы ұйым үшін міндетті емес;

      (+) – талаптарға сәйкес келеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..

      Министрдің м.а. А. Бейспеков