"Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 ақпанда № 31875 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-1-жолмен толықтырылсын:

      "

224-1

ҚР ҚМ МКК Шымкент қаласы бойынша МКД Тұран ауданы бойынша МКБ

5908


  ";

      реттік нөмірі 235, 236, 237, 238, 239, 240-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

235

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД

6201

236

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Aлматы ауданы бойынша МКБ

6202

237

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Сарыарқа ауданы бойынша МКБ

6203

238

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Есіл ауданы бойынша МКБ

6205

239

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД "Aстана - жаңа қала" МКБ

6206

240

ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Байқоңыр ауданы бойынша МКБ

6207

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев