"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 ақпанда № 31845 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңның 16 және 18-баптарының талаптарына сәйкес объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар адамдар (бұдан әрі – ұйым басшысы) қамтамасыз етеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңның 16-бабының 2-тармағына және 18-бабының 2-тармағына сәйкес ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бұйрығымен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына (тұрақты, уақытша немесе орындалатын жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) байланысты міндет жүктелген) жауапты адамдарды тағайындай алады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұйым басшысы өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелерінің, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтаудың, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасының, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыруын, ғимараттар мен құрылыстардағы үй-жайлардың, адамдарды қорғау және құтқару құралдарының, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының болуын, жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етеді.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Барлық өндірістік және қойма үй-жайлары үшін, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар үшін жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 21045 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті) 16-қосымшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭҚОҚ) талаптарына сәйкес аймақтардың кластары анықталып, үй-жайлардың есіктерінде тиісті белгілермен белгіленеді.";

      24-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) түтінсіз баспалдақтарға апаратын балкондарды, лоджияларды және галереяларды шынылауға, сондай-ақ оларға торлар орнатуға;";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ғимараттар мен құрылыстардың шатырларындағы сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршаулары жарамды күйде күтіп-ұсталады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын пайдалану кезінде жобалау шешімдерін (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын жарықтандыру, олардың саны, өлшемдері және көлемдік-жоспарлау шешімдері бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.";

      43-тармақ алып тасталсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жыл сайын найзағайлы маусым басталар алдында жүргізіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Найзағайдан қорғау құрылғыларын қарап-тексеру кезінде жерге тұйықталатын құрылғылардың кедергісі өлшенеді, ал тексерулер мен өлшеулердің нәтижелері еркін нысанда толтырылатын найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына жазылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Елді мекендердің, ұйымдардың аумақтары қызмет түріне және меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қашықтықтар шегінде жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, құрғақ шөптен, мамықтан, жанғыш материалдардан уақтылы тазартылады.

      Алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.

      Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Блок-контейнерлерді пайдалану кезінде дайындаушы зауыт көздеген конструкциялық параметрлерді өзгертуге жол берілмейді. Блок-контейнерлердің ішін өңдеу үшін жанғыш жылу оқшаулағыш материалдарды қолдануға, сондай-ақ оларды жанғыш негізге орнатуға жол берілмейді.

      Жеке блок-контейнерлер мен тұрмыстық вагондар топта саны 10-нан аспайтын және биіктігі екі қабаттан аспайтын топтарда орналасады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан жақын маңдағы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі арақашықтық кемінде 18 м қабылданады.

      Адамдардың тұруына және кеңсе үй-жайларын ұйымдастыруға арналған екі және одан да көп контейнерлер топтарға біріктірілген жағдайда, бұл контейнерлер автоматты өрт дабылымен және авариялық люктермен қамтамасыз етіледі.";

      65-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігіне техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізудің және тексерудің дұрыстығын;";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10889 болып тіркелген) Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес сәйкес электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы бар тұлғалар орындайды.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын өшіруге байланысты жүргізілетін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объектінің әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.";

      78-тармақ алып тасталсын;

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт сөндіру сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне апаратын жолдар, өтпелер мен кіреберістер жарамды күйде және өрт техникасының өтуі үшін қолжетімді етіп ұсталады, ал қыста қардан тазартылады.

      Ғимараттар мен құрылыстардың аумағына өту жолында өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіретін шлагбаумдар, қақпалар мен қоршаулар орнату кезінде бұл құралдар өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуі үшін бұғаттан босатылу және (немесе) құлыптан ашылу, сондай-ақ ашық күйде болу мүмкіндігімен мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі:

      1) арнайы техникалық құралдарды қолданбай қолмен ашу;

      2) персоналдың тәулік бойы кезекшілігімен тұрақты бекетті ұйымдастыру.

      Жолдар мен өтпелердің жөнделуі туралы немесе өрт техникасының өтуіне кедергі келтіретін басқа да себептер бойынша оларды пайдалануға жауапты ұйым шығу ауданында осы жолдар мен өтпелер бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына уақтылы хабарлайды.

      Жолдарды жабу кезеңінде айналып өту бағытының көрсеткіштері белгіленеді немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өткелдерлер немесе өтпелер ұйымдастырылады.";

      183-тармақ алып тасталсын;

      265-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) баспалдақ торлары алаңдарында, тамбурлерде және басқа да эвакуация жолдарында сауда, ойын аппараттарын, банкоматтарды, терминалдарды орналастыруға және тауарлар сатуға; эвакуация жолдарында сауда, ойын аппараттарын және құрал-жабдықтарды орналастыруға, сондай-ақ тауарлар сатуға;";

      284-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "284. Қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнату, медициналық аспаптарды зарарсыздандыру, сонымен қатар парафин мен озокериттi қыздыру осы мақсатта арнайы жабдықталған үй-жайларда жүргiзiледi. Аспаптар мен төсемдердi қайнату үшiн жабық шиыршықтары бар зарарсыздандырғыш қолданылады.";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi";

      341-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "341. Ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын беттерге, олардың төңкеріліп қалуын болдырмайтындай берік орнатылады.";

      347-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "347. Ғибадат үйлерінде (ғимараттарда) от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға болмайды.";

      353-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "353. ҚАЖ және УҰИ аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау желілері немесе табиғи су көздері болмаған жағдайда "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес сыртқы өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің қажетті шығынына есептелген сыйымдылықпен өрт сөндіру су айдындарын орнатуды көздеу қажет. Объектiден 200 м радиуста табиғи немесе табиғи су көздерi болған кезде оларға жылдың кез келген мезгiлiнде су жинау және өрт автомобилiн орнату және су алу үшін кемінде 12х12 м көлемi бар қатты жабынды алаңқайы (пирс) бар кiреберiс орнатылуы керек.";

      411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "411. Өндіріс басшысы балқытылған металға арналған домна, болат балқыту, электр доғалы пештерді, конвертерлерді, миксерлерді, шөміштерді және басқа да ыдыстарды қаптаудың жарамдылығын қамтамасыз етеді.";

      530 және 531-тармақтары алып тасталсын;

      1207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1207. Қойма үй-жайларының ішіндегі ағаш конструкциялар (стеллаждар) оттан қорғау құрамымен өңделеді.";

      1215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1215. Қоймалардың үй-жайларында кезекші жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға жол берілмейді, ал штепсель розеткаларды орнату ЭҚОҚ сәйкес жүзеге асырылады.";

      1264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1264. Сығылған, сұйытылған және ерітілген күйдегі газды сақтау қысым мен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10303 тіркелген) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес тексерілген және куәландырылған баллондарда жүзеге асырылады. Баллондардың сыртқы беті осы газ үшін белгіленген түске боялады.

      Куәландыру мерзімі өткен баллондарды пайдалануға жол берілмейді.";

      1487-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1487. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,05 метрден артық емес етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.";

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      Министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Орталық сайлау комиссиясы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі