"Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адам

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31805 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу қағидалары;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (бұдан әрі – ӘҚНК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен берілетін нөмір;

      2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау - денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) - жеке тұлғаның біліктілігін және клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, оның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат;

      4) денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау (бұдан әрі - сертификаттау) - жеке тұлға біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындықты қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындықты айқындау;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман – санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық аудит, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы тәуекелдерінің дәрежесін бағалау бойынша функцияларды жүзеге асыруды қамтитын еңбек міндеттерін орындайтын жеке тұлға.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Маман сертификаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мамандықтар мен маманданулардың тізбесі) сәйкес беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру, қайта ресімдеу, қолданысын растау тәртібі

      41. Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен жеке тұлға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.

      42. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды сертификаттау Мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

      43. Қазақстан Республикасынан тыс медициналық білім алған жеке тұлға Тану қағидаларына сәйкес оның білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі.

      44. Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 (бес) жылдан астам үзілісі бар мамандар маман сертификатын алу үшін "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (бұдан әрі – Қосымша білім беру қағидалары) сәйкес өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 180 сағат (6 кредит) біліктілікті арттырудан өтеді, Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өтеді.

      45. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар мамандар сертификаттың қолданысын растау үшін Қосымша білім беру қағидаларына сәйкес өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 120 сағат (4 кредит) біліктілікті арттырудан өтеді.

      46. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

      47. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі – №3 тізбе) келтірілген.

      48. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификатты алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) №3 тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жібереді.

      49. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      50. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      51. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде №3 тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші сертификат ресімдейді және береді.

      52. Қорытындысы теріс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы хабарламаны ресімдейді және жібереді.

      Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн бұрын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы бойынша жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсы пікір ұсынуға немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      53. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      54. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:

      1) жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің бар боулы туралы;

      2) орта (техникалық және кәсіптік) білімінің болуы туралы;

      3) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол бар болса), тегін өзгерткен көрсетілетін қызметті алушылар үшін атын, әкесінің атын (ол бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

      4) өтінім берілген мамандық бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы туралы мәліметтерді алады.

      55. Сертификатты растау үшін көрсетілетін қызметті берушіге № 3 тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 48-52 тармақтарында көзделген осыған ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      56. Сертификатты қайта ресімдеу мынадай:

      1) құжатта қателер (қате жазулар) анықталған;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптар болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      57. Осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген негіздер бойынша сертификатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және № 3 тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 48-52 тармақтарында көзделген осыған ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      58. Осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайларда сертификатты қайта ресімдеу бұрын берілген сертификат туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      59. Көрсетілетін қызметті беруші растайтын құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген негіздер бойынша бастамалық жасалған сертификатты қайта ресімдеуден бас тартады.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 18 Бұйрыққа
1-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
8-қосымша

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" (ww.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Маман сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Сертификатты бастапқы беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасынан тыс медициналық білім алған жағдайда "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
6) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
7) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда (оның ішінде шетелде медициналық білім алған адамдар үшін) бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесінің электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын қолдасын растау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) Мәлімделген мамандандыру бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілігін арттыру туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда сертификатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі.
Шетелде берілген құжатқа қазақ және орыс тіліндегі аудармасы наториальды расталған электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады.
"Биология", "Химия" (жаратылыстану ғылымы, математика және статистика бағыты), "Биотехнология", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы", "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары, жоғары орнынан кейінгі білімі бар жеке адамдарды сертификаттауға жіберу.
"Зертханалық диалностика", "Ветеринария", "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушерия ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар үміткер өтінім берілген мамандану бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.
Сертификаттың бастапқы берілуіне сертификаттық курс туралы куәліксіз және бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесінсіз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы еңбек міндеттерін жүзеге асыратын маман жатады.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш беріліп отырған мамандық немесе мамандану бойынша тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
9-қосымша
  Нысан

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      __________________________________________________________________________

      (бойынша мамандығы)

      __________________________________________________________________________

      (мамандану бойынша)

      __________________________________________________________________________

      мамандығы, мамандануы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

      саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін шын мәнінде осы маман

      сертификатын алды

      Берілген күні 20 ____ жылғы "____" ___________.

      Сертификаттың растлған күні 20 ____ жылғы "____" ___________.

      Сертификат расталған/қайта рәсәмдеу кезде ӘҚНК № _______ көрсетіледі.

  Бұйрыққа 3-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
10-қосымша

Маман сертификатын қайта ресімдеу үшін өтініш

      ______________________________________________________________________ -ге

      (көрсетілетін қызметі берушінің атауы)

      _____________________________________________________________________ - ден

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (берілген күні, ӘҚНК №, көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      берген 20__жылғы "__"____№_____ маман сертификатын қайта ресімдеуді сұраймын.

      (Х ұяшыққа сәйкес келетін мынадай (мына) негіз (негіздер) бойынша:

      1) _________________________________құжатта қателер (қате жазулар) анықталған;

      2) _________________________________көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген;

      3) ________________________________Қазақстан Республикасының заңдарында қайта

      ресімдеу туралы талаптар болған.

      Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы__________________________________

      Электрондық почта ________________________________________________________

      Телефондар_______________________________________________________________

      Қызметті немесе әрекетті (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы________________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елдімекен, көшенің атауы, Үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      келісім беремін.

      Қолы күні, айы, жылы

  Бұйрыққа 4-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
11-қосымша
Нысан
  ___________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________
басшысы
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), ЖСН)
Тұрғылықты жері __________

Өтініш

      Сізден, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін

      _______________________________________________________________________

      маман (мамандықтың атауы)

      ________________________________________________________________________

      сертификатын беруді/растауды маман (маманданудың атауы)

      (қажетінің астын сызу) сұраймын (расталған кезде сертификаттың ӘҚНК нөмірі

      көрсетіледі).

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Қолы күні, айы, жылы

  Бұйрыққа 5-қосымша
Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай –ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
12-қосымша

Мәліметтер нысаны

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижесі.

      1.1.Өтінім берілген мамандықтың атауы________________________________________

      1.2. Өтінім берілген мамандандырудың атауы___________________________________

      1.3. Бағалау қорытындысын берген орган_______________________________________

      1.4. Бағалау қорытындысын алған жылы, айы, күні_______________________________

      2. Білім____________________________________________________________________

      2.1. Білімі (орта білім, орта білімнен кейінгі білім, техникалық және кәсіби білім,

      жоғары білім) (дипломның сканерленген көшірмесі)

      2.2. Диплом нөмірі__________________________________________________________

      2.3. Диплом сериясы________________________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы_________________________________________

      2.5. Оқитын елі_____________________________________________________________

      2.6. Түскен жылы___________________________________________________________

      2.7. Бітірген жылы__________________________________________________________

      2.8. Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________

      2.9. Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________

      2.10. Нострификация және дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерде

      білім алған тұлғалар үшін) (нострификация туралы құжаттың сканерленген көшірмесі)

      Оқитын елі________________________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы____________________________________________

      Нострификация туралы куәлік берген орган_____________________________________

      Нострификация бұйрығының нөмірі___________________________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі_____________________________________________

      Нострификация куәлігінің берілген күні________________________________________

      3. Өтініш берілген мамандық бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

      (магистратура) (бар болғанда) туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар

      мамандар үшін) (құжаттың сканерленген көшірмесі)

      3.1. Магистратура мамандығы________________________________________________

      3.2. Түскен жылы___________________________________________________________

      3.3. Бітірген жылы__________________________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы___________________________________________________________

      3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі_____________________________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы___________________________________________________

      3.7. Магистратура өткен орны_________________________________________________

      4. Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы

      мәліметтер (құжаттың сканерленген көшірмесі)

      4.1. Қайта даярлау бойынша куәліктің нөмірі____________________________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы________________________________________________

      4.3. Оқытатын ұйымның атауы________________________________________________

      4.4. Оқу көлемі сағатпен_____________________________________________________

      4.5. Оқудың басталуы_______________________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы_______________________________________________________

      5. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер_______________________________________

      5.1. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)_________________

      5.2. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны____________________________________________

      5.3. Атқаратын лауазымы____________________________________________________

      5.4. Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні







      6. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

      1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы

      мәліметтер____________________________________________________________

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі _____________________________

      3) цикл атауы _________________________________________________________

      4) оқытатын ұйымның атауы _____________________________________________

      5) оқудың басталуы ____________________________________________________

      6) оқудың аяқталуы ____________________________________________________

      7) оқыту көлемі сағатпен________________________________________________