"Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31791 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173719 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарда:

      18 және 19 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Есепке алу ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті, салықтық есепті, персоналды және жалақыны есепке алуды, тарифтеуді, білім берудегі есепті, контингентті есепке алуды, бюджеттеуді, әкімшілендіруді жүргізуді автоматтандыруды қолдайды.

      19. Есепке алу ақпараттық жүйесі олардың функционалдығы бойынша келесі минималды талаптарға ие:

      1) нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу;

      2) бас кітапты/ "Басты журнал" кітабын жүргізу;

      3) кассада және есеп айырысу шотында ақша қаражатын есепке алу;

      4) клиенттермен және жеткізушілермен, сондай-ақ өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды есепке алу;

      5) Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуларды есепке алу;

      6) іссапарларды басқару;

      7) тауар-материалдық қорларды есепке алу;

      8) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстарды есепке алу;

      9) ұйымның өзге де кірістері мен шығыстарын есепке алу;

      10) негізгі құралдарды есепке алу.

      11) персоналды есепке алу;

      12) Еңбек және жалақы есебі;

      13) бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру (бухгалтерлік баланс, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеме шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (Тікелей әдіс), таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп);

      14) білім беру ұйымдарындағы контингентті есепке алу;

      15) білім берудегі есеп;

      16) тарифтеу;

      17) бюджеттеу;

      18) әкімшілендіру."

      25-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын:

      "6) дербес педагогикалық жүктемені есептеу;"

      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған Білім беру ұйымдарында оқытуды басқару жүйесі олардың функционалы бойынша мынадай ең төменгі талаптарға ие:

      1) білім алушының цифрлық бейінін қалыптастыру (бару және үлгерім журналы, үй тапсырмалары, куәліктер, сертификаттар, бағалау, кесте, олимпиадалар, кәсіптік бағдар беру);

      2) педагогтің цифрлық бейінін қалыптастыру (білімі туралы деректер, бар болса: атағы, дәрежесі, ұлттық біліктілік тестінің, аттестаттаудың, біліктілікті арттырудың нәтижелері, сертификаттар туралы деректер);

      3) сыныптарды қалыптастыру;

      4) білім алушыларды (контингентті)және педагогтерді (персоналды) басқару;

      5) оқу процесінің мониторингін жүргізу;

      6) оқу жоспарын қалыптастыру;

      7) заттар каталогын қалыптастыру;

      8) сабақ кестесін, бөлімге жиынтық бағалауды және тоқсанға жиынтық бағалауды қалыптастыру;

      9) педагогтер үшін өз сабақтарын қалыптастыру;

      10) қашықтықтан оқытуды жүргізу (бейнеконференция, чаттар құру, деректерді мұрағаттау және сақтау);

      11) үй тапсырмаларын қалыптастыру, тексеру және бағалау;

      12) бару және үлгерім журналын жүргізу;

      13) педагогикалық жүктемені есептеу;

      14) тестілеуді жүргізу (аралық бақылау, прокторинг);

      15) Талдамалық модульді жүргізу (статистика, есептер, диаграммаларға және есептердің басқа да нысандарына аудару мүмкіндігімен сауалнама жүргізу);

      16) кері байланыс жүргізу (сауалнама жүргізу, жиі қойылатын сұрақтар, чаттар, форумдар, мессенджерлер, хабарландырулар мен хабарламаларды файлдарды енгізу мүмкіндігімен жіберу);

      17) нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу;

      18) оқу процесінің рөлдерін баптау: педагог, әдіскер, тьютор, директор, директордың орынбасары, білім алушы, ата-ана немесе білім алушының заңды өкілі;

      19) білім алушыларға, ата-аналарға және білім алушылардың өзге де заңды өкілдеріне өтеусіз қолжетімділігі бар смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған мобильді қосымша."

      30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы цифрлық білім беру ресурсында "Ағылшын тілі", "Француз тілі" (оқу пәнін зерделеу кезінде), "Неміс тілі" (оқу пәнін зерделеу кезінде) оқу пәндері бойынша білім беру материалдары, виртуалды симуляторларды немесе "Жаратылыстану" (қазақ және орыс тілдерінде), "Физика" (қазақ және орыс тілдерінде), "Химия" (қазақ және орыс тілдерінде), "Биология" (қазақ және орыс тілдерінде) оқу пәндері бойынша бейне зертханалық жұмыстарды қамтиды."

      34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытуды басқару жүйесі олардың функционалдығы бойынша мынадай минималды талаптарға ие:

      1) студенттің цифрлық бейінін қалыптастыру (студенттік билет, оқу/оқудан тыс жетістіктер, куәліктер және (немесе) сертификаттар, кәсіптік бағдарлаудан өту);

      2) педагогтің цифрлық бейінін қалыптастыру (білімі туралы деректер, бар болса: атағы, дәрежесі, ұлттық біліктілік тестілеу, аттестаттау, біліктілікті арттыру нәтижелері, сертификаттар туралы деректер);

      3) шығару жөніндегі мәліметтерді қалыптастыру (диплом беру, дипломға қосымша, құзыреттер картасы, әлеуметтік жетістіктер картасы, транскрипт бар болған жағдайда, оқуды жалғастыру және / немесе жұмысқа орналастыру жөніндегі мәліметтер);

      4) мамандықтар (біліктіліктер)/оқыту курстары бойынша топтарды қалыптастыру және басқару;

      5) оқу процесінің мониторингін жүргізу;

      6) оқу курстары бойынша академиялық кезеңдерді қалыптастыру;

      7) оқу жұмыс жоспары мен бағдарламасын қалыптастыру;

      8) қашықтықтан оқытуды жүргізу (бейнеконференция, чаттар құру, деректерді мұрағаттау және сақтау);

      9) сабаққа қатысуды және білім алушылардың үлгерімін есепке алу (ведомостарды қалыптастыру);

      10) үлгерімге ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу;

      11) кәсіптік практиканы жүргізу (кәсіптік практикадан өткені туралы мәліметтер, болған жағдайда дуальды оқыту жөніндегі мәліметтер, практикадан өткені туралы бұйрық, тәлімгердің болуы, кәсіптік практикадан өткені туралы күнделік-есеп);

      12) жылдық педагогикалық жүктемені есептеу;

      13) жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл туралы мәліметтерді қалыптастыру (индустриялық және (немесе) қамқоршылық кеңеске қатысу, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан және тағылымдамадан өту);

      14) сауалнама жүргізу (студенттер мен педагогтердің педагогикалық құрамды бағалауы);

      15) жатақханада орналасуды есепке алу және орындарды басқару;

      16) онлайн-кітапхананы жүргізу;

      17) талдау модулін жүргізу (статистика, есептер, сауалнама);

      18) кері байланыс жүргізу (сауалнама жүргізу, жиі қойылатын сұрақтар, чаттар, форумдар, мессенджерлер, хабарландырулар мен хабарламаларды файлдарды енгізу мүмкіндігімен жіберу);

      19) нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу;

      20) оқу процесінің рөлдерін баптау: педагог, әдіскер, тьютор, басшы (директор), басшының (директордың) орынбасары, білім алушы, ата-ана немесе білім алушының заңды өкілі;

      21) білім алушыларға, ата-аналарға және білім алушылардың өзге де заңды өкілдеріне тегін қолжетімділігі бар смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған мобильді қосымша.".

      36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Қосымша білім беру ұйымдарында оқытуды басқару жүйесі олардың функционалдығы бойынша мынадай минималды талаптарға ие:

      1) баланың / тыңдаушының цифрлық бейінін қалыптастыру;

      2) педагогтің цифрлық бейінін қалыптастыру (білімі туралы деректер, бар болса: атағы, дәрежесі, ұлттық біліктілік тестінің, аттестаттаудың, біліктілікті арттырудың нәтижелері, сертификаттар туралы деректер);

      3) топтарды (бірлестіктерді) жинақтау;

      4) оқу процесінің мониторингін жүргізу;

      5) оқу жоспарын қалыптастыру;

      6) сабақтар каталогын қалыптастыру;

      7) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;

      8) сабақ кестесін жасау;

      9) бару және үлгерім журналын жүргізу;

      10) электрондық сертификаттар беру;

      11) Талдамалық модульді жүргізу (статистика, есептер, диаграммаларға және есептердің басқа да нысандарына аудару мүмкіндігімен сауалнама жүргізу);

      12) кері байланыс жүргізу (сауалнама жүргізу, жиі қойылатын сұрақтар, чаттар, форумдар, мессенджерлер, хабарландырулар мен хабарламаларды файлдарды енгізу мүмкіндігімен жіберу);

      13) нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу;

      14) білім беру процесінің рөлдерін баптау: педагог, ұйым басшысы, білім алушы, ата-ана немесе білім алушының заңды өкілі;

      15) білім алушыларға, ата-аналарға және білім алушылардың өзге де заңды өкілдеріне өтеусіз қолжетімділігі бар смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған мобильді қосымша.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев