"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 31784 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесБілім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 17-тармағының талабы мынадай:

      1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын;

      2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған;

      4) Заңның 22-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдағанда;

      5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;

      6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша есебінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу Заңның 5-бабының талаптары сақтала отырып іске асырылады.";

      470-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "470. Заңның 39-бабы 3-тармағының 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы шешім қабылданған жағдайларда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар веб-портал арқылы жібереді.";

      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "474. Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 7), 16), 27), 29), 30), 33), 36), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.";

      497-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "497. Тапсырыс беруші тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді (мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) енгізу туралы талапты ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуын ескере отырып айқындайды.";

      525-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "525. Заңның 43-бабының 19-тармағына сәйкес шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтиды:

      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

      2) ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

      3) Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылған;

      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.";

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      8.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.6. Шарт:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;

      3) Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылған жағдайда кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.";

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шартта:

      9.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылса;

      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.";

      Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      8.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Жобалаушыға/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылса;

      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.";

      Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      9.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылса;

      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.";

      Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      8.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.7. Шарт:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;

      3) Заңның 43-бабының 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылған;

      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару жағдайында кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев