"Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 31768 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11603 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережесінде:

      14-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әуежайдың және тұрақты әуе тасымалын орындайтын авиакомпания АҚҚ-ның өзіне авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген міндеттерді орындауы үшін мынадай жағдайлар жасайды:".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев