"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31742 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЖЖОКБҰ мазмұны ҮОБ-мен айқындалатын ЖБП циклінің тізбесіндегі міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартпайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары ерекшелік болып табылады.

      ЖЖОКБҰ тиісті бейіндегі білім беру бағдарламаларын қоспағанда, ҮОБ анықтайтын ЖБП циклінің "Қазақстан тарихы" және "Философия" пәндерінің мазмұнын өзгеріссіз қалдырады.

      Кәсіптік даярлау сапасын арттыру және ЖЖОКБҰ кадрларын даярлау бағыттарының ерекшеліктерін есепке алу үшін ҮОБ айқындайтын "Шет тілі", "Орыс тілі", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Дене шынықтыру" пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді.

      ЖЖОКБҰ ҮОБ-мен анықталатын "Қазақ тілі" пәнінің және әлеуметтік-саяси білім модулінің мазмұнына 50% - ға дейін өз бетінше өзгерістер енгізеді.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ филиалдары және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының территориясында құрылған шетелдік ЖЖОКБҰ және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша халықаралық стратегиялық әріптестігі бар ЖЖОКБҰ "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі" және "Философия" пәндерін қоспағанда, ҮОБ айқындайтын ЖБП циклі пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді.

      ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖБП циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқыту нәтижелерін тануды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын тұлғалар "Қазақстан тарихы" пәнін оқиды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЖБП циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

      Бұл ретте бакалавриат деңгейіндегі барлық білім беру бағдарламалары және (немесе) кадрлар даярлау бағыттары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары "Қазақстан тарихы" пәнінен оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

      ЖБП цикліндегі міндетті компонент пәндері:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру негізінде бәсекеге қабілетті болашақ маманның дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруға, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде коммуникация бағдарламаларын құруға, салауатты өмір салтына бағдарлауға, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағдарланған;

      2) дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы негізінде болашақ маман тұлғасының әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін жалпы құзыреттілік жүйесін құрайды;

      3) мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады;

      4) өз өмірі мен қызметіндегі барлық салаларда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді;

      5) өзін-өзі дамыту және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастырады;

      6) қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.

      ЖЖОКБҰ мемлекеттік бақылаудан өту кезеңінде білім алушылар ЖБП циклінің міндетті компонентінің пәндері бойынша білім алушылардың біліміне срез қорытындысы бойынша қол жеткізген оқу нәтижелерін растайды.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды." ;

      9. ЖЖОКБҰ пәнаралық сипатқа ие ЖБП циклінің пәндері бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады және білім алушылардың экономика және құқық саласындағы құзыреттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдыларын, ғылыми зерттеу әдістерін қалыптастыруға бағытталған.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. БП және бейіндеуші пәндер циклі оқу пәндерін, кәсіби практикалардың түрлерін оқуды қамтиды және кемінде 176 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-лар үшін БП циклі жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 112 академиялық кредиттен аспайды. БП цикліне практикалардың барлық түрлері (кәсіптік практика, оқу практикасы, әскери тағылымдама, жауынгерлік дайындық және т.б.) кіреді.

      ӘАОО-ларда бейіндеуші пәндер циклінің көлемі жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының жалпы көлемінен кемінде 60 академиялық кредитті құрайды.";

      12 тармақтың 1 абзацы алып тасталсын;

      13 тармақтың 3 абзацы алып тасталсын;

      16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ЖЖОКБҰ және ӘАОО-да оқытудың қосымша түрлерін ӘАОО дербес анықтайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20 ЖЖОКБҰ МЖМБС және кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарына сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

      ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеумен ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылатын академиялық комитеттер айналысады, олардың құрамына академиялық персоналдың, жұмыс берушілердің, білім алушылардың өкілдері кіреді.

      Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.

      ЖБП циклінің пәндерін қоспағанда, білім алушылар білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған оқыту траекториясын дербес айқындайды.";

      Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы кемінде 10 академиялық кредитті құрайды. Оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 6 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.";

      8. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 53 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 46%-ды құрайды.

      9. Бейінді бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі ЖЖОКБҰ-ның қалауы бойынша ЖК мен ТК арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемі кемінде 29 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-ларда бейінді бағыттағы магистратурада магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен бейіндеуші пәндер циклінің көлемі кемінде 47% (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 50%-ды (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30.Магистрант қабылданғаннан кейін екі ай ішінде ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ғылыми кеңестің шешімі негізінде магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбы бекітіледі және ғылыми жетекші тағайындалады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (жобаны) ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.

      ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және ӘАОО өз бетінше пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.";

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Осы МЖМБС-ның 54 және 55-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Магистрант семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп санын меңгереді. Магистранттардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологиясына байланысты оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және ЖЖОКБҰ дербес есептейді.";

      58. Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың:

      1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті (ӘАОО үшін кемінде 120 кредит) мөлшерінде анықталған;

      2) бейінді магистратурада кемінде 60 академиялық кредитті (ӘАОО үшін 1 жыл оқу мерзімімен 60 кредиттен кем емес, 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 кредиттен кем емес және 110 кредиттен көп емес) игеруі болып табылады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кемінде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың бірі шетелдік ЖЖОКБҰ-ның ғалымы болады ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" даярлау бағыттары тобынан басқа).

      Бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылыми жетекшілік етуді кем дегенде 2 адамнан тұратын консультанттар жүзеге асырады, олардың біреуі тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманы болады.

      Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияның орындалуына және академиялық адалдық принциптерінің сақталуына және диссертациялық жұмыстың қорғауға уақытылы ұсынылуын қамтамсыз етеді.";

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ғылым және жоғары білім министрі С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

2

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)

кемінде 5280

кемінде 176

1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Кәсіптік практика



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



1)

Таңдау компоненті



4

Қорытынды аттестаттау

кемінде 240

кемінде 8


Барлығы

кемінде 7200

кемінде 240

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Дене шынықтыру

150

5

2

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

Кемінде 7080

Кемінде 236

1)

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)



2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



3

Кәсіптік практика



1)

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Таңдау компоненті

Кемінде 240

Кемінде 8


Қорытынды аттестаттау

Кемінде 9000

Кемінде 300

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
3-қосымша
Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

2640

88

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

1050

35

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):

600

20

оның ішінде:



Ғылым тарихы мен философиясы



Шет тілі (кәсіби)



Жоғары мектептің педагогикасы



Басқару психологиясы



Педагогикалық практика



2)

Таңдау компоненті (ТК)

450

15

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

1590

53

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



2)

Таңдау компоненті (ТК)



3)

Зерттеу практикасы



2

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

720

24

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

720

24

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 240

кемінде 8

1)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

240

8


Барлығы

кемінде 3600

кемінде 120

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
4-қосымша
Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
3-қосымша

Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

1 жылдық типтік оқу мерзімімен

1,5 жылдық типтік оқу мерзімімен

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

5

6

1.

Теориялық оқыту

кемінде 1170

кемінде 39

1920

64

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 300

кемінде 10

450

15

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

180

6

180

6

Оның ішінде:





Шет тілі (кәсіби)





Менеджмент





Басқару психологиясы





2)

Таңдау компоненті (ТК)

кемінде 120

кемінде 4

270

9

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 870

кемінде 29

1470

49

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)





2)

Таңдау компоненті (ТК)





3)

Өндірістік практика





2

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 390

кемінде 13

540

18

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 390

кемінде 13

540

18

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)





4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 240

кемінде 8

кемінде 240

кемінде 8

1)

Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ)

кемінде 240

кемінде 8

240

8


Барлығы

кемінде 1800

кемінде 60

кемінде 2700

кемінде 90