"Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31741 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодекс 121-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы дайындалған әуе кемесі – функционалдық мақсатына және пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке қолданылатын аппараттармен, аспаптармен, жабдықтармен, кешендермен, жүйелермен жарақтандырылған медициналық авиация желісі бойынша мамандандырылған операцияларды орындауға арналған әуе кемесі;

      2) әуе кемесі (көлік) – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

      3) әуе кемесінің (көліктің) командирі – белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен, ұшқыш куәлігі және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар тұлға;

      4) әуе компаниясы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

      5) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      8) жедел медициналық жәрдем (бұдан әрі – ЖМЖ) – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;

      9) жедел өтінім – әуекомпанияның және медициналық авиацияның мобильдік бригадасының ұшуын жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын уәкілетті орган бекіткен нысан;

      10) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      11) қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      12) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;

      13) медициналық авиацияның мобильдік бригадасы (бұдан әрі – МАМБ) – жедел медициналық жәрдем, сондай-ақ білікті бейінді мамандардың мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмегін тікелей көрсететін медициналық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі болып табылады;

      14) медициналық авиацияның үйлестіруші дәрігері – жоғары медициналық білімі бар, маман сертификаты бар адам тиісті мамандық бойынша және медициналық авиация бөлімшесіне/бөлімшеден негізделген өтінімді қабылдауды/беруді ұйымдастырушы және жедел өтінімді орындау рәсімі;

      15) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

      16) медициналық білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      17) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

      18) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      19) мобильді авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, "Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем" және (немесе) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)" және (немесе) "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты бар тұлға;

      20) мобильдік камера – аудио-бейне ақпаратты жазуға, сақтауға және көрсетуге арналған құрылғы;

      21) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      22) парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам;

      23) санитариялық автокөлік – пациенттерді, алып жүретін медицина персоналын, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымдарға тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;

      24) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар, зілзала және басқа да жойқын құбылыстар салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

      25) төтенше жағдай – азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүддесінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимін білдіретін уақытша шара;

      26) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;

      27) тұрақты рейс – авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;

      28) үйлестіруші ұйым – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған заңды тұлға;

      29) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім Кодекстің 1-бабы 279) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді;

      30) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМЖ станциясы (бұдан әрі – ЖМЖС) стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері және медициналық қызметтер көрсететін әуе кемелері конструкторлық және техникалық сипаттамалары бойынша біркелкі медициналық жабдықпен жарақтандырылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМЖ станциясы медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін немесе Үйлестіруші ұйым үшін ақпараттық жүйлермен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

      4. "Жедел медициналық жәрдемді шақырту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "103" нөміріне қоңырау соғады немесе мобильдік қосымшаларды (мессенджерлер, чат-боттар) оның ішінде геолокацияны көрсете отырып пайдаланады.

      "Жедел медициналық жәрдемді шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде мемлекеттік сараптама ұйымы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жедел медициналық жәрдемді құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалған фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалар көрсетеді.

      ЖМЖ станциялары жанындағы мамандарды шұғыл медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларына, коммуникативтік дағдыларға және стресске төзімділік негіздеріне үздіксіз негізде оқыту қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім және ғылым ұйымдарымен жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша және бейресми білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМЖС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.

      Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша елді мекендерде ЖМЖ функциялары "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 149571 болып тіркелген) сәйкес бірлесіп орындау шарты арқылы (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) жедел медициналық жәрдем көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субъектілеріне "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасының 15-жолына сәйкес беріледі.

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға МСАК ұйымы жанындағы ЖМЖ бөлімшесі деңгейінде фельдшерлік бригадалар қызмет көрсетеді. Жиырма мың адамнан кем тіркелген халқы бар МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-қосымшасының 15-жолына сәйкес осы қызметті ЖМЖ көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субъектілеріне аутсорсингке беру арқылы жол беріледі.

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Бірінші топтың пациенттері одан әрі мамандандырылған медициналық көмек алу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасымен қабылдау бөлімшесіне жеткізіледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМЖС халықтың жүгінуін ескере отырып, 10 мың және одан аз тұрғынға 1 бригада есебінен, МСАК ұйымдары жанындағы ЖМЖ бөлімшелері – 35 мын және одан аз тұрғындарға жарақтандырылады. Санитариялық автокөлік радиобайланыс және навигациялық жүйемен жабдықталады.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМЖС осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі және қажетті қоры бар.

      ЖМЖ бригадаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖМЖС мамандары пациенттерге қызмет көрсету орындарында және пациентті қабылдау бөлімшесінің медициналық персоналына бергенге дейін стационарға тасымалдау барысында қоршаған жағдайды аудио-бейне жазуға арналған мобильді камералармен жарақтандырылады.

      Медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен (бұдан әрі – МБ және ДЗ) ЖМЖ бригадасы жоғарыда көрсетілген қосымшаға сәйкес кезекшілікті шақырту алдында қамтамасыз етіледі. Әрбір жұмсалатын препарат АБЖ-да тіркеледі және медициналық жәшіктерді жинақтау бөлімінде немесе станцияның/қосалқы станцияның жанармай құю кабинетінде жинақталады. Кейін ДЗ және МБ қабылдау беру журналындағы үзінді көшірмелер арқылы ЖМК басқа ауысымына беріледі.

      48. ЖМЖ қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жетуі қиын елді мекендерде (жол жабындыларының болмауы, таулы жер, биік жар, маусымдық табиғи-климаттық жағдайлар), медициналық көмекке қол жеткізуден алыс учаскелерде облыстық және қалалық ЖМЖС қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылады.

      Халық саны 100 000 (жүз мың) адамнан асатын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қарауы бойынша ЖМЖ дербес станциялары ұйымдастырылады.

      Дәрігерлік бригадалардың саны жалпы санының кемінде 25% құрайды, бригадалардың құрамына:

      қарқынды терапияның мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалары, оның ішінде балалар;

      бейінді бригадалар (кардиологиялық, педиатриялық) кіреді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Медициналық авиация бөлімшесі Кодекстің 121-бабының 2-тармағына сәйкес санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейлерде медициналық қызметтер көрсетеді.

      Медициналық авиация бөлімшесінің санитариялық автокөлігін пайдалану үшін негіздер:

      пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

      медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;

      пациент тұрған жердегі медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде пациентті медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;

      кейіннен трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу бойынша бейінді маманды (мамандарды) донордың/пациенттің орналасқан орны бойынша әуежайдан медициналық ұйымға дейін және бос санитариялық автокөлік болған кезде кері тасымалдау үшін көрсетіледі;

      пациентті және МАМБ әуе кемесінде өтінімді орындау кезінде әуежайдан медициналық ұйымға санитариялық автокөлікпен және кері тасымалдау болып табылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағым беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен қызметті алушының мемлекеттік қызметті шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап оны және әкімшілік істі үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шешімді не шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын өзге де әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін негіздер:

      медициналық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің медициналық картасынан көшірме;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үйлестіруші ұйымның диспетчеріне медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі (бұдан әрі – Өтінім);

      өтінім стационарлық пациенттің медициналық картасының үзіндісінен (бұдан әрі – көшірмеден үзінді) және/немесе медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші–дәрігерінің өтінімі және/немесе үйлестіруші дәрігерден медициналық авиация желісі бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің болуы туралы ауызша ақпарат, кейіннен үзінді көшірме беріледі;

      шұғыл жағдайларда жазбаша растаумен уәкілетті органның ауызша тапсырмасы;

      ЖМЖ қызметінен және басқа да шұғыл қызметтерден шақыртулар болып табылады.

      56. Үйлестіруші ұйымда және медициналық авиация бөлімшелерінде тәуліктік диспетчерлік посттар ұйымдастырылады, олар өзара, медициналық ұйымдармен, әуе кемелерін пайдаланушылармен, әуе кемелерінің ұшқыштарымен, МАМБ үнемі байланыс жүргізеді.

      Үйлестіруші ұйым:

      ЖМЖ ұйымдары мен медициналық авиация бөлімшелерінің қызметін, ЖМЖ станциялары мен республикалық және облыстық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылға мониторинг және үйлестіруді жүзеге асырады;

      жол-көлік оқиғалары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі медициналық-санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде ішкі істер органдары мен Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

      электронды-сандық картада барлық санитариялық автокөліктер мен санитариялық авиакөліктердің жүруіне GPS-мониторинг жүргізеді;

      оқыту-тренингтік орталықта жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқыту ұйымдастырады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Медициналық авиация бөлімшесінің диспетчері:

      медициналық авиация нысанындағы медициналық көмекті қажет ететін пациенттің келіп түскен медициналық құжаттамасын зерделейді, пациенттің жай-күйін нақтылау үшін қосымша деректерді, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нәтижелерін, пациенттің динамикадағы жай-күйі туралы ақпаратты сұратады, медициналық көмек көлемін айқындайды;

      үйлестіруші ұйымның диспетчерлік қызметіне ұсыну үшін өтінім қалыптастырады;

      үйлестіруші ұйымның аға дәрігерімен МАМБ құрамын келіседі және бекітеді, өңірлердің медициналық ұйымдарынан білікті бейінді мамандардың ақпараттандырылған келісімін ала отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша қалыптастырады;

      әуежай өкілдерімен медициналық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі және медициналық ұйымдармен өзара байланысты қамтамасыз етеді;

      санитариялық автокөлікте пациентті МАМБ медициналық ұйымнан әуежайға және әуе кемесінің өзге де орналасқан жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

      МАМБ келген кезде қарсы алуды және қабылдаушы медициналық ұйымға алып жүруді ұйымдастырады;

      МАМБ спутниктік бақылаудың дербес модульдері, сондай-ақ үш өлшемді-навигациялық жүйемен жарақтандырылған әуе көлігі арқылы МАМБ-тың жерүсті санитариялық көлігімен жүріп-тұру бағытын қадағалайды, жедел өтінімді орындау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің командирімен бірлесіп орындау туралы ақпаратты үйлестіруші ұйымға ұсынады;

      МАМБ және әуе кемесінің трекерлік-навигациялық жүйесіне мониторингті жүзеге асырады;

      төтенше жағдайлардың туындауы туралы ақпарат келіп түскен кезде Үйлестіруші ұйымның ахуал орталығы диспетчерін ақпараттандырады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Жедел медициналық жәрдем қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Үйлестіруші ұйымның аға дәрігері, оның ішінде өтінім түскен кезде медициналық авиацияны тарта отырып:

      медициналық авиация бөлімшесінің диспетчерінен келіп түскен өтініммен, пациенттің медициналық құжаттамасымен танысады, пациенттің ағымдағы жай-күйін бағалайды, өтінімнің негіздемесін (медициналық көмектің мақсаты, түрі, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нәтижелері) талдайды, пациенттің жай-күйін нақтылау үшін медициналық авиация бөлімшесінің диспетчерінен қосымша деректерді сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі әуе кемесін пайдаланушының мүмкіндіктерін бағалайды;

      азаматтық авиацияның тұрақты рейстерін пайдалана отырып, операция, орналасқан жері бойынша немесе пациенттің өміріне қауіп төнген кезде бетпе-бет консультация жүргізу үшін білікті бейінді мамандарды тасымалдауды ұйымдастырады;

      қажетті медициналық көмектің түріне сәйкес пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау орындылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде тәуекелдердің пайда болу дәрежесін айқындайды және авиациялық қызметтерге жедел өтінімді орындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жүргізеді;

      қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала нақтылаумен пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастырады;

      медициналық көрсетілімдер бойынша МАМБ қалыптастырады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан және медициналық білім беру ұйымдарынан білікті бейінді маманды тартады;

      медициналық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан тартылған білікті бейінді маман мен МАМБ құрамын келіседі;

      ара қашықтық ұзақтығын, ұшу бағытын, әуе кемесінің түрін анықтайды, кемесін таңдау кезінде пациенттерді тасымалдауға арналған және жабдықтың стационарлық ең аз тізбесімен жабдықталған әуе кемелері басымдылық тәртіппен қаралады;

      әуе кемесін пайдаланушымен ұшу уақыты мен күнін келіседі және жедел өтінім береді;

      әуежай өкілдерімен медициналық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;

      санитариялық автокөлікте пациентті, МАМБ-ты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан әуежайға дейін және кері тасымалдауды ұйымдастырады;

      әуе кемесімен пациентті аудандық, облыстық және республикалық деңгейде бір медициналық ұйымнан екіншісіне бейіні бойынша тасымалдауды ұйымдастырады;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдарынан кейіннен транспланаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және тіндерді (тіннің бөлігін) алу және кері қайтару бойынша білікті бейінді маманды (мамандарды) әуе кемесінде жеткізуді ұйымдастырады;

      жедел өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде Үйлестіруші ұйымның басшылығын уақтылы хабардар етеді;

      Үйлестіруші ұйымның басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.

      Аға дәрігер жедел өтінімнің орындалуын қалыптастырады және ұйымдастырады.";

      62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну білікті бейінді мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.

      63. Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек кейіннен медициналық қорытынды ұсынумен қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдаланатын консультацияны, пациентті тасымалдауды, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті бейінді маманды тасымалдауды қамтиды.

      64. Мамандырылған немесе арнайы дайындалған әуе кемелерін пайдалану арқылы медициналық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету негіздері:

      жетуі қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (учаскелер) және т.б.);

      пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) білікті бейінді маманның жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

      ЖМЖ көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;

      жерүсті көлігімен және "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) сәйкес және медициналық ұйымның хаты негізінде азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйым хатының негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, медициналық алып жүруді қажет ететін, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек алған пациентті тасымалдау. Пациентті тасымалдау осы өңірдің медициналық авиация бөлімшесінен медициналық авиацияны тарта отырып, ауырлық жай-күйі бойынша республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымы дәрігерінің алып жүруімен медициналық қызмет көрсетуге өтінім болған кезде ұйымдастырылады және 18 жасқа дейінгі баланы бір туысының алып жүруіне жол беріледі;

      уәкілетті органның хатына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдарына шетелдік медициналық ұйымдардағы, дербес тыныс алмай, комада жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды; медициналық сүйемелдеуге мұқтаж, жағдайы жер үсті көлігімен және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдауға мүмкіндік бермейтін жазатайым оқиға мен жарақаттардан зардап шеккендерді бір туысының алып жүруіне жол беріледі;

      төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде шетелде стационарлық емделуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау;

      медициналық көмек көрсету және зертханалық зерттеу үшін биологиялық материалдарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдары бар жүктерді жеткізу;

      уәкілетті органның жазбаша тапсырмасына сәйкес МАМБ-ты, комиссия мүшелерін медициналық-санитариялық салдарларды жою, республикалық деңгейде карантин жариялау бойынша төтенше жағдайлар орындарына және кері жеткізу;

      медициналық көмек көрсету (медициналық жабдықтардың және (немесе) білікті бейінді маманның болмауына байланысты пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда (консультация және (немесе) операция, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу үшін білікті бейінді маманды жеткізу және кері алып келу;

      мемлекеттік тапсырмадан тыс шарттық талаптармен тасымалдау болып табылады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық авиация нысанында медициналық көмекті Үйлестіруші ұйым мен денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдары арасында жасалған медициналық қызметтерді сатып алу шарттары негізінде көрсетіледі.

      Сатып алу қағидаларына сәйкес, денсаулық сақтау субъектілері және (немесе) медициналық білім беру ұйымы медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындаушылармен бірлесіп орындау шарттарын, медициналық қызметке қолда бар лицензияларды және (немесе) тиісті медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсету құқығын растайтын оларға қосымшаларды жасасады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді Үйлестіруші ұйым білікті бейінді маманды тарта отырып, білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тәсілін және медициналық авиация нысанында медициналық көмекке көрсетілімдерді айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы медициналық білім беру және ғылым ұйымдары ұйымдастырады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
1 қосымша
  Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып,
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Денсаулық сақтау субъектілері, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі. Жедел медициналық жәрдемді шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін).

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде/электронды.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жедел медициналық көмек шақырту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Тәулік бойы

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер
1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы;
2) пациенттің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиғаның, жарақаттанудың немесе аурудың мән-жайлары;
3) мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан орнына жол жүру жөніндегі болжамды деректер.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көзделмеген.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Денсаулық жай-күйінің бұзылуы жағдайында азаматтардан "103" нөмірі бойынша шақыртулар.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Жедел медициналық жәрдем
көрсету, оның ішінде
медициналық авиацияны
тарта отырып, көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      "2. Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:

      1. "103" пультіне шақырту түседі.

      2. Республика бойынша бірыңғай "Жедел медициналық жәрдем станциясы" дыбыстық жазбасы қосылады, сөйлесуіңіз жазылады.

      3. Тұтқаны диспетчер көтереді, ол:

      1) қысқаша сәлемдеседі (өзінің қызметтік нөмірін, болмаған жағдайда – өзінің тегін айтуға);

      2) шақыртудың нақты мекенжайын және байланыс телефонын айқындайды;

      3) көшедегі пациентке шақырылған жағдайда жалпыға белгілі бағдарларды (көшелер қиылысы, әкімшілік ғимараттар) нақтылайды;

      4) байланыс телефонымен (қала, ұялы) жедел көмекті шақырушының деректерін нақтылайды;

      5) шақырушыға сауал қояды: пациенттің жай-күйі және ауру жағдайлары немесе жазатайы оқиға жағдайлары туралы қысқаша деректер;

      6) егер шақырушыға пациенттің немесе зардап шегушінің төлқұжат деректері белгісіз болса, оның жынысын, шамамен жасын көрсетіледі;

      7) шақырту себебін айқындайды;

      8) шақыртуды жазып, шақырушыға шақыртуды қабылдау уақытын және екінші рет өзінің қызмет нөмірін, Т.А.Ә (болған кезде) хабарлайды.

      4. Диспетчер шақыртуды қабылдағаннан кейін шақырушыға мынадай:

      1) ЖМЖ бригадасына пациентке немесе зардап шегушіге кедергісіз жол жүру және қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) ЖМЖ шақырылған бригадасын пәтерге (жеке секторға) кірер жерде немесе кіреберісте қарсы алуды ұйымдастыру;

      3) медициналық көмек көрсету және стационарға тасымалдау үшін қажетті жағдайлар жасау нұсқауларын береді.

      5. Шақыртуды қабылдағаннан кейін диспетчер қойылған сұрақтарға толық жауап алып, мекенжайды қайталайды және шақырушыға: "Сіздің шақыруыңыз қабылданды, күтіңіз", - деп жауап береді.

      6. Жиналған ақпаратты диспетчер шақыртуларды АБЖ тіркейді, ол автоматты түрде уақыт хронометражын (шақыруларды қабылдау, беру және шақыртуға ЖМЖ бригадасының шығу уақыты), диспетчердің Т.А.Ә (болған кезде) жазып, шақыртудың реттік нөмірін белгілейді.

      7. Диспетчер жедел жағдайды ескере отырып, жақын маңдағы бос ЖМЖ бригадасына дереу шақырту жібереді.

      8. ЖМЖ-ның бос бригадалары болмаған жағдайда келіп түскен шақырту күтуге кейінге қалдырылады, содан кейін босаған ЖМЖ бригадасына беріледі.

      9. 1-2-жеделділік санаттағы шақыртулар келіп түскен және ЖМЖ бос бригадасы болмаған жағдайда жеделділік санаты бойынша төмен шақырту жеделділік санаты бойынша жоғары шақыртуға қызмет көрсету үшін алынады (күту режиміне ауысады).

      10. Шақыртуды кешіктірген жағдайда және шақырушының қайталап шақыртулары кезінде пациентті күтілетін кешігу немесе ЖМЖ/МСАК жанындағы ЖМЖ бригадасының шығуын күту туралы хабарлауға, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін нұсқаулықтарды беруге міндетті.

      11. Пациенттің өміріне қауіп төнетін жағдайлар кезінде диспетчер "Шақыртуды ұстап тұру" режиміне көшеді.

      12. ЖМЖ бригадасы келгенге дейін диспетчер шақыртушыға мынадай кезек күттірмейтін жағдайларда: жүрек қызметі тоқтаған кезде, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігінде, жүрек-қантамыры жеткіліксіздігінде, ересектерде, балаларда және жаңа туған нәрестелерде жоғарғы тыныс алу жолына бөгде зат түскенде; жіті коронарлық синдром кезінде, ми қан айналымының жіті бұзылуында, гипертониялық криз кезінде, гипо-гипергликемиялық жай-күйінде. есінен танғанда, қан кету, құрысулар кезінде, үйде босану кезінде телефон арқылы консультация береді.

      13. Шақыртуды қабылдау жөніндегі диспетчер шақыруды АБЖ бағдарламасында қоңырауды ұстап тұру кезеңі тіркелген негізгі картаның нөмірі көрсетілген қосымша консультация беру картасын жасайды.

      14. Ең көп түсу кезеңінде шақырту келіп түскен кезде (сағат 18-00-ден 00-00-ге дейін) шақыртуға үздіксіз қызмет көрсетуді сақтау үшін диспетчер шақыртуларды ЖМЖ бригадасының шығу және келу уақытының нормативіне сәйкес аумақтық учаске бойынша оңтайлы бөлуді жүргізеді.

      15. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМЖ диспетчерлік қызметінің басшылығы мен аға дәрігері бақылайды.

      16. Шақырту ЖМЖ бригадасының қызмет көрсетуін жатпайтын жағдайларда, диспетчер МСАК-ға жүгінуді ұсынады немесе дәрігердің пациентке белсенді келуі үшін оның жұмыс сағатында МСАК ұйымына шақыртуды қайта жібереді. МСАК-тың жұмыс уақытынан тыс диспетчер шақыртуды 4-жеделділік санаты ретінде анықтайды және МСАК жанындағы ЖМЖ бөлімшесінің бригадасына шақырту жібереді.

      17. Егер шақырту өртпен, апатпен және (немесе) басқа да ТЖ байланысты болса (криминалдық сипатты қоса алғанда) диспетчер диспетчерлік қызметтің аға дәрігеріне, ЖМЖС басшылығына (бекітілген хабарландыру сызбасы бойынша) және жедел қызметтерге ("101", "102", "104", "112") баяндауға міндетті.

      18. Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчер әдептілік ережелерін сақтай отырып, сыпайы түрде диалог жүргізуге, барынша мұқият болуға, қажетті сұрақтарды нақты қоюға және шақыртуды тіркеу картасын дұрыс толтыру үшін толық жауаптарға қол жеткізуге міндетті.

      19. Диспетчер мен шақыртушының арасындағы барлық телефон әңгімелері компьютерде электрондық жазба нұсқасында кемінде 2 жыл сақталады.

      20. Компьютердегі электронды нұсқадағы ақпаратты ЖМЖ диспетчерлік қызметінің бастығы мен аға дәрігері бақылайды.

  Бұйрыққа 3-қосымша
  Жедел медициналық жәрдем
көрсету, оның ішінде
медициналық авиацияны тарта
отырып, көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы:

      1. Шақырту жеделділік санаттарына байланысты фельдшерлік бригаданың құрамына:

      1) бір фельдшер;

      парамедик (немесе) жүргізуші.

      2) екі фельдшер;

      парамедик (немесе) жүргізуші.

      2. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына:

      дәрігер;

      фельдшер;

      парамедик (немесе) жүргізуші кіреді.

      Санитариялық автокөліктің жүргізушілері "Медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан және алғашқы көмек көрсету стандартынан өткен адамдарға алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) сәйкес алғашқы көмек көрсету дағдыларына тиісті даярлықтан, оқытудан өтеді.

  Бұйрыққа 4-қосымша
  Жедел медициналық жәрдем
көрсету, оның ішінде
медициналық авиацияны тарта
отырып, көрсету қағидаларына
4-қосымша

Жедел медициналық жәрдем бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі

Санаттың сипаттамасы

Коды

Шақыртудың себебі

1 2 3

1.1 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін)

Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық жәрдемді талап ететін пациенттің жай-күйі

1.1

Есінен тану (кез-келген генез)

1.2

Тыныс алуының тоқтауы

1.3

Жүрек қызметінің тоқтауы

1.4

Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене

1.5

Шок

1.6

Құрысқақ

1.7

Кеуде қуысындағы ауырсыну

1.8

Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған)

1.9

Қан кетумен көптеген зақымданулар мен жарақаттар

1.10

Қан кетумен жарақат

1.11

Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын)

1.12

Ауқымды күйік пен үсік

1.13

Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі)

1.14

Электрожарақат

1.15

Қан құсу

1.16

Асқынулары бар босанулар

1.17

Одан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау

1.18

Төтенше жағдайлар

2 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін)

Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі

2.1

Одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы

2.2

Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары

2.3

Жүрек ритмінің бұзылуы

2.4

Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок, асқынған криз дамуының жоғары қаупі

2.5

Жоғары температура жағдайындағы бөртпе

2.6

Қан кетумен оқшауланған жарақат

2.7

Улы заттармен улану

2.8

Атипиялық аурулар (жіті коронарлық синдромға күдіктену)

2.9

Жүкті әйелдердің бас ауруы

2.10

Әртүрлі этиологиядағы психоз

3 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін)

Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі

3.1

Қан кетусіз оқшауланған жарақат

3.2

Іштің ауруы (іштің қатты ауруы)

3.3

3 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердегі 38º С жоғары температура

3.4

Физиологиялық босанулар

3.5

Жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі)

3.6

Балалардағы шектелген күйік пен үсу.


3.7.

Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс

4 - жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін)

Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі

4.1

Жіті аурулар немесе өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы

4.2

Терінің және теріастының жіті қабынған және аллергиялық аурулары

4.3

Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)

4.4

Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы

4.5

Құсу + сусызданудың жеңіл белгілерімен сұйық нәжіс

4.6

Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)

4.7

Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы

4.8

Қан аралас несеп

4.9

Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары

4.10

Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер

4.11

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар

4.12

Жануарлар мен жәндіктердің тістеп (шағып) алуы

4.13

Артериялық гипертензия (криздің асқынуынсыз)

4.14

Өздігінен түспейтін жоғары температура

  Бұйрыққа 5-қосымша
  Жедел медициналық жәрдем
көрсету, оның ішінде
медициналық авиацияны тарта
отырып, көрсету
қағидаларына
7-қосымша

Үйлестіруші ұйым мен медициналық авиация бөлімшесінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі.

АХЖ коды

Фармакологиялық топ (ХПА)

Дәрілік түрі

A

Асқазан жолы және зат алмасу

A03

Асқазан ішек жолы тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараттар

A03B

Итжидек және оның туындылары

A03BA

Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер

А03ВА01

Атропин

A03BA01

Атропин сульфаты

1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді

A03F

Асқазан ішек жолы моторикасын ынталандырғыштар

A03FA01

Метоклопрамид

A03FA01

Метоклопрамид

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%

B01AB

Гепарин және оның туындылары

B01AB01

Натрий гепарині

B01AB01

Натрий гепарині

5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді

B02B

K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар

B02BX

Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар

B02BX01

Этамзилат

B02BX01

Этамзилат

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%

B05

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер

B05A

Қан препараты

B05AA

Қан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар

B05AA06

Сукцинилирленген желатин

B05AA06

Сукцинилирленген желатин

500 мл инфузияға арналған ерітінд, 4%

B05B

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

B05C

Ирригациялық ерітінділер

B05CB

Тұзды ерітінділер

B05CB01

Натрий хлориді

B05CB01

Натрий хлориді

200 мл инфузияға арналған ерітінді, 0,9%

B05CX

Басқа да ирригациялық ерітінділер

B05CX01

Глюкоза

B05CX01

Глюкоза

200 мл 5% инфузияға арналған

B05CX01

Глюкоза

5 мл 40% инъекцияға арналған ерітінді

B05X

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар

B05XA

Электролитті ерітінділер

B05XA03

Натрий хлориді

B05XA03

Натрий хлориді

5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%

B05XA05

Магний сульфаты

B05XA05

Магний сульфаты

5 мл бұлшық ет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 25%

C01B

I және III санатының аритмияға қарсы препараты

C01BD

III санатының аритмияға қарсы препараты

C01BD01

Амиодарон

C01BD01

Амиодарон

150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділер

C01C

Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат

C01CA

Адренергетиктер мен допаминомиметиктер

C01CA04

Допамин

C01CA04

Допамин

5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%

C01CA24

Эпинефрин

C01CA24

Эпинефрин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %

C01D

Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер

C01DA

Органикалық нитраттар

C01DA08

Изосорбид динитраты

C01DA08

Изосорбид динитраты

1 мг/мл 10 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат

C03

Диуретиктер

C03C

"Ілмек" диуретиктер

C03CA

Сульфонамидті диуретиктер

C03CA01

Фуросемид

C03CA01

Фуросемид

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%

C09

Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар

C09A

Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары

C09AA02

Эналаприл

C09AA02

Эналаприл

1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді

D

Дерматология

D08

Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар

D08AX

Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар

D08AX08

Этанол

D08AX08

Этанол

50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%

H

Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар

H02

Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар

H02A

Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар

H02AB

Глюкокортикоидтар

H02AB06

Преднизолон

H02AB06

Преднизолон

30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді

M

Сүйек-бұлшықет жүйесі

M01

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар

M01A

Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар

M01AE

Пропион қышқылының туындылары

M01AE01

Ибупрофен

M01AE01

Ибупрофен

100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия

M01AE03

Кетопрофен

M01AE03

Кетопрофен

100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді;

M03

Миорелаксанттар

M03A

Шетке әсер ететін миорелаксанттар

M03AB

Холин туындылары

M03AB01

Суксаметоний хлориді

M03AB01

Суксаметоний хлориді

0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді

М03АС

Басқа да төрттік амминдік байланыстар

М03АС06

Пипекурон бромиді

М03АС06

Пипекурон бромиді

Еріткішпен (0,9% натрий хлориді ерітіндісі) жиынтықта вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 4 мг

N

Нерв жүйесі

N01

Анестетиктер

N01A

Жалпы жансыздандыруға арналған препарат

N01AX

Жалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат

N01AX10

Профол

N01AX10

Профол

1 мг/мл 20 мл вена ішіне енгізуге арналған эмульсия

N02

Анальгетиктер

N02A

Апиындар

N02AA

Апиынның табиғи алкалоидтары

N02AA01

Морфин

N02AA01

Морфин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%

N02AB

Фенилпиперидин туындылары

N02AB

Тримеперидин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%

N02AX

Басқа да апиындар

N02AX02

Трамадол

N02AX02

Трамадол

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %

N02B

Анальгетиктер және антипиретиктер

N02BE

Анилидтер

N02BE01

Парацетамол

N02BE01

Парацетамол

суспензия 120 мг/5 мл 100 мл-ден

N05

Психолептиктер

N05B

Анксиолитиктер

N05BA

Бензодиазепин туындылары

N05BA01

Диазепам

N05BA01

Диазепам

5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітінді

R

Тыныс алу жүйесі

R06

Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар

R06AA

Аминоалкильді эфирлер

R06AA02

Дифенгидрамин

R06AA02

Дифенгидрамин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%

R06AC

Этилендиамин алмастырғыштар

R06AC03

Хлоропирамин

R06AC03

Хлоропирамин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді 2%

      Медициналық бұйымдар

Атауы

Саны (дана)

1.

Фонарь

1

2.

Өрт сөндіргіш

1

3.

Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпарат бойынша есептілік нысандары)

1

4.

Матаны қиюға арналған қайшы

1

5.

Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут

1

6.

Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0;5,0;10,0;20,0

1

7.

Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система

1

8.

Стерильденбеген қолғаптар

1

9.

Стерильденген қолғаптар

1

10.

Қолды өңдеуге арналған құралдар

Қажеттілікке сәйкес

11.

Сыртқы беттерге арналған құралдар

Қажеттілікке сәйкес

12.

Жабдықтарға арналған құралдар

Қажеттілікке сәйкес

13.

Неврологиялық балға

1

14.

Бір реттік пайдаланылатын маскалар

1

15.

Бұластыр

1

16.

Фонендоскоп

1

17.

Тонометр

1

18.

Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр

1

19.

Спирттік мақта және (немесе) майлықтар (саны қажеттілік бойынша)

1

20.

Бинттер (стерильденген, стерильденбеген)

1

21.

Сантиметрлік таспа

1

22.

Анатомиялық пинцет

1

23.

Таңу материалдарына арналған қайшы

1

24.

А класының қалдықтарына арналған пакет

1

25.

Б класының қалдықтарға арналған пакет

1

26.

Өткір құралдарды жинауға арналған В класының (қауіпті қалдықтар) сыйымдылық контейнері (бір рет пайдаланылатын) 250 мл

1

27.

Шприц перфузоры

2

28.

Барлық мөлшердегі зәр шығару катетері


29.

Медициналық көмекке арналған сөмке

1

30.

Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24)

1

31.

Аспирациялық катетерлер (барлық өлшемдері 1 данадан)

1

32.

Ларингиальды маска (1 дана үшін 1,2,3,4,5 өлшемдері)

1

33.

Ауа өткізгіш жиынтығы (барлық өлшемдері 1 данадан)

1

34.

Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар (барлық өлшемдері 1 дана)

1

35.

Эндотрахеальды түтіктер (барлық өлшемдері 1 дана)

1

36.

Ауызкергіш

1

37.

Тілді қышқыш

1

38.

Коникотомиялық жиынтық

1

39.

Қатты шиналар жиынтығы

1

40.

Қатты мойын жағасы

1

41.

Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) вакуумдық шиналар жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Балалар мен ересектерге арналған иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы

1

42.

Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма)

1

43.

Жанэ бір рет пайдаланылатын шприці

1

44.

Бір реттік пайдалануға барлық өлшемдегі асқазан сүңгісі

1

45.

Насосты механикалық аяқ сорғышы

1

46.

Ларингоскоп жиынтықта (3 жүз)

1

47.

Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған кувез

1

48.

Несеп қабылдағыш

1

49.

Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші

1

50.

Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық

1

51.

Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құюға арналған жиналмалы штатив

1

52.

Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор)

1

53.

Вакуумды матрас (қажет болған жағдайда)

1

54.

Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар, оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған маска мен түтікше (ересектер мен балалар) жүйелер жиынтығы; бір реттік пайдаланылатын(балалар мен ересектер) тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты

1

55.

Көліктік дефибриллятор-монитор

1

56.

Телеметрия функциясы бар автоматты режимдегі үш арналы Электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрманы синхронды жазу, үш немесе одан да көп бұрмадан графикалық бейнелеу, сигналды кейіннен қосымша өңдей отырып, компьютерге қосылу мүмкіндігімен электрокардиограмманы жаңғырту)

1

57.

Ересектер мен балалардағы жүрек-өкпе реанимациясына (кеуде қуысының қысылуына) арналған электромеханикалық аспап

1

58.

Пульсоксиметр портативті көлік жиынтықта ересектер мен балаларға арналған датчиктермен

1

59.

Көліктік электр сорғыш

1

60.

Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес)

1

61.

Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны

1

62.

Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор

1

63.

Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны

1

64.

Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға немесе 12 құтыға бір контейнерге термооқшаулағыш контейнер

1

      *Ескертпе: бұйымды санитариялық көліктің қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт арнайы әзірлеген бекіткіші бар. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитарлық көліктің қабырғасына зарядтау үшін бекітпеге салынған ажыратқышы бар.