БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 25 Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 12-2 бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеумен айналысатын әрбір ұйымда технологиялық регламенттер әзірленеді және бекітіледі.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аумақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға және жабдықтарды пайдалануға қойылатын талаптар";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Геологиялық барлау, бұрғылау, геофизикалық, жерүсті, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстарды жүзеге асыру талабы";
349, 350, 351 және 353-тармақтар алып тасталсын;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Уранды өндіру және өңдеу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
570, 571 және 572-тармақтар алып тасталсын;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Зертханалық және сынамалық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Уранды өндірумен және өңдеумен айналысатын нысандарды жою тәртібі".
2. "Фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10189 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 12-2 бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру мен оларды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Фторсутекті қышқылды өндіру кезінде фторсутекті қышқылды өндіруді жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – пайдаланушы ұйымның) техникалық басшысы технологиялық регламенттерді әзірлеп, бекітеді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Технологиялық процестерді жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі".
3. "Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10225 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 12-2 бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және иондаушы сәулелендіру көздерімен (бұдан әрі – ИСК) жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды, олармен жұмыс істеу кезінде мыналар болуы мүмкін:
1) жеке жылдық тиімді мөлшері 10 микроЗиверттен (бұдан әрі – мкЗв) астам;
2) жеке жылдық мөлшері адам терісінде 50 мЗв-дан астам және адамның көз жанарында 15 миллиЗиверттен (бұдан әрі – мЗв) астам;
3) ұжымдық тиімді жылдық мөлшері 1 адам – 3иверттен астам.
Қағидалар жер бетіндегі ғарыштық сәулеленуге және табиғи калийден пайда болатын адамның ішкі ағзаларының сәулеленуі кезінде қолданылмайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) оқудан өткен және жұмысқа рұқсаты бар лауазымды тұлғалар мен персоналды иондаушы сәулелену көздерімен жұмысқа жіберуді қамтамасыз етуі қажет.";
3-тармақтың 9), 10), 11) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Иондаушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Иондаушы сәулелену көздерімен пайдаланып жұмыс істеген объектілердегі аварияларды жою кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі".
4. "Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 12-2 бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және бериллий, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру (бұдан әрі – бериллий өндірісі) кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қолданыстағы және жаңадан енгізілетін қауіпті өндірістерді пайдаланушы ұйымдар технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу және бекітуге тиіс.";
6-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қалпына келтіру процесінде уақытша технологиялық нұсқаулықтар әзірленеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша даярлықтан өтпеген және білімі тексерілмеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бериллий өңдірісінің аумағында және өндірістік үй-жайларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Бериллий өндірісінде технологиялық процестерді жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Құрамында бериллий бар қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, жою, тасымалдау және көму кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті жүзеге асыру тәртібі";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Бериллий өндірісінің өртке қауіпті учаскелерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі".