"Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 қаңтарда № 31688 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:

      4-тармақта:

      11) тармақша алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) әуе кемесінің бақылаудағы командирі (PICUS) – бақыланатын әуе кемесінің командирі ретінде функциялар мен міндеттерді орындайтын екінші ұшқыш. PICUS уақыты екінші пилоттың ұшу кітапшасында тіркеледі, нұсқаушының немесе ӘКК қолымен куәландырылады және ӘКК ретінде жалпы ұшуға есептеледі;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) әуе кемесінің типі – бір қағидаттық конструкциядағы барлық ӘК, оның ішінде пилотаждық және ұшу сипаттамаларының өзгерісіне алып келетіндерді есепке алмағанда олардың барлық модификациялары;";

      19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;

      79) тармақша алып тасталсын;

      98) тармақша алып тасталсын;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Үлгілік бағдарламаның шеңберінде кәсіптік даярлау үшін іске асыратын бағдармаларды тек шетел тілін үйренудің жалпы аспектілерін іске асыратын бағдарламаларды қоспағанда, уәкілетті ұйыммен келісуге жатады.

      7. Кәсіптік даярлау үшін іске асырылатын, осы Үлгілік бағдарламаларда көзделмеген бағдарламалар уәкілетті ұйыммен келісуге жатпайды.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. LАPL (MHG)-қа үміткердің мотодельтапланда кемі 20 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

      жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін мотодельтапланда пилот-нұсқаушымен 10 сағат, оның ішінде:

      1) 3, 15, 30 және 50 метр биіктіктерде 25 рет ұшуы;

      2) дроссельденген қозғалтқышпен кемі 40 рет қонуы;

      3) өте төмен әуе жылдамдығында 1 сағат ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, қанаттың жиналуын алдын алу;

      4) 40 километрден (бұдан әрі - км) кем емес қашықтық маршруты бойынша 2 сағат ұшуы;

      5) 6 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 2 сағат 40 км кем емес қашықтық маршрутымен жеке ұшуы.

      31. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару қағидаттарын ескереді, сондай-ақ мыналарды қамтиды:

      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;

      2) қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен рәсімдерін зерттеу;

      3) ӘК сыртқы көзге көрінетін бағдарларды қолданып басқару;

      4) өте төмен әуе жылдамдығындағы ұшулар, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

      5) өте жоғары әуе жылдамдығындағы ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

      7) ерекше ұшу сипаттамалары (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

      8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;

      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;

      10) әуе қозғалысы ережелерін, байланыс рәсімдерін және фразеологиясын сақтау.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. LАPL (АG)-қа үміткердің автожирда кемі 25 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

      жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат, оның ішінде кем дегенде:

      1) дроссельденген қозғалтқышпен кемі 10 рет қону;

      2) аса төмен әуе жылдамдықтарында ұшудың 1 сағаты, ротор айналымдарының баяулауының бастапқы және дамыған сатысын тану және одан шығару;

      3) ұшу әуеайлағынан ерекшеленетін басқа әуеайлақта толық тоқтағанға дейін бір қонумен ұзақтығы кемінде 100 км маршрут бойынша ұшудың 2 сағаты;

      4) 6 сағат дербес ұшу, оның ішінде маршруттар бойынша кемінде 3 сағат дербес ұшу, оның ішінде ұшу әуеайлағынан ерекшеленетін басқа әуеайлақта толық тоқтағанға дейін бір қонумен ұзақтығы кемінде 100 км маршрут бойынша 1 (бір) ұшу.

      41. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару қағидаттарын ескереді, сондай-ақ мыналарды қамтиды:

      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсет;

      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен рәсімдерін зерттеу;

      3) ӘК сырт көзге көрінетін бағдарларды қолданып басқару;

      4) өте төмен әуе жылдамдығындағы ұшулар, ротор айналымының бәсеңдеуінің бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару;

      5) өте жоғары әуе жылдамдығында ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

      7) ерекше ұшу сипаттамалары (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

      8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;

      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;

      10) қону және ұшу, бақыланатын әуеайлақ транзитімен ұшып өту, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерін, байланыс рәсімдерін және фразеологиясын сақтау.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Ұшу даярлығы қатерлер мен қателер факторларын басқару қағидаттарын ескереді, сондай-ақ мыналарды қамтиды:

      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ұшу алдындағы тексеру және ӘК-ға қызмет көрсету;

      2) қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен рәсімдерін зерттеу;

      3) ӘК-ні сыртқы көзге көрінетін бағдарларды қолдана отырып басқару;

      4) өте төмен әуе жылдамдығындағы ұшулар, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

      5) өте жоғары әуе жылдамдығындағы ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

      6) қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону; планерді іске қосудың түрлі әдістері;

      7) ӘК-нің ерекше ұшу сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

      8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және радионавигациялық құралдарды қолдану;

      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;

      10) қону және ұшу, бақыланатын әуеайлақтың транзитімен ұшып өту, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерін, байланыс және фразеология рәсімдерін сақтау.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару қағидаттарын ескереді, сондай-ақ мыналарды қамтиды:

      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде ӘК жүктеу есептеулерi мен орталық бiлiгi, ӘК ұшуалды даярлығы мен қызмет көрсетулер;

      2) қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен рәсімдерін зерттеу;

      3) ӘК сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;

      4) қауіпті ең төменгі әуе жылдамдығында ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

      5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

      6) қалыпты және бүйiрлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

      7) ӘК ерекше ұшу сипаттамалары (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);

      8) құралдар бойынша ұшу, оның iшiнде 180о бұрылу;

      9) көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару, сандық және радионавигациялық құралдарды қолдану;

      10) айрықша жағдайда ұшуға әрекет ету, төтенше операциялар, оның iшiнде борт жабдығының iстен шығуын да қарастыру;

      11) бақылау әуеайлағына ұшып келу және кету, соқпай өте шығу, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерiн сақтау, байланыс және фразеологиялар рәсімдері.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару қағидаттарын ескереді, сондай-ақ мыналарды:

      1) ұшу алдындағы дайындық, соған қоса салмақ пен ортаны көздеу есебi, ұшар алдындағы тексеру мен тiкұшаққа қызмет көрсетуді;

      2) қозғалыс пен ұшудың әуеайлақтық кестесiн зерттеуді, қақтығысудың алдын алу бойынша iс-шаралары мен тәртiптерiн зерттеуді;

      3) тікұшақты сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқаруды;

      4) ұшу, қону, салбырау, абайлаушылық, бұрылу, салбырау режиміне қалыпты ауысуды және одан шығуды;

      5) авариялық тәртіптер, автоайналымның негіздері, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсатуды, егер бұл нақты тікұшақтың түріне сай болса, жердегі резонансынан шығуды;

      6) салбырау режимінде жанына және кейін ауысуды, орнында айналуды;

      7) бастапқы дәрежеде құйындатып айналуды анықтауды және қорытынды жасауды;

      8) автоайналыммен қонуды, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсатумен қонуды, амалсыздан қону тәжiрибесiн орындауды;

      9) жабдықтардың тоқтап қалуын ұқсатуды және қозғалтқыштың, басқару, электроникалық және гидровикалық жүйелердiң бұзылған жағдайындағы апаттық тәртiптерді;

      10) жантаюдың ең үлкен бұрышымен бұрылуды;

      11) ауысулар, жылдам тоқтаулар, қума желмен оңтайландыруды, баурайларға қонуды және ұшуды;

      12) әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін дайындалмаған алаңдарды таңдауды ескере отырып, шектелген кеңістікте және шектелген қуаттылықпен жағдайды оңтайландыруды;

      13) тек қана негiзгi пилоттық құралдарды қолданумен ұшуды, соның iшiнде аяқасты бұлтты жағдайға тап болуды ұқсатумен, 180о бұрылуды орындау және әдеттен тыс жағдайдан шығуды (оқу нұсқаушымен орындалады);

      14) көзбен шолып тұспалдауды, жолды есептеу және радионавигациялық құралдарды қолданумен маршрут бойынша ұшуды; ауа-райының бұзылуын ұқсату және сондағы керi қайту немесе амалсыздан қонуды орындау бойынша әрекеттерді;

      15) ұшып келу және ұшу, бақыланатын әуеайлақпен транзиттiк ұшу, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерiн, байланыс және фразеология тәртiптерiн қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тараумен толықтырылсын:

      "22-1-тарау. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді-нұсқаушыны (ұшу диспетчерін) FDI (flight dispatch instructor) кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламасы

      469-1. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді-нұсқаушыны (ұшу диспетчерін) FDI (flight dispatch instructor) кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары мынадай нұсқаушылар үшін кәсіби даярлықтың ең аз көлемін айқындайды:

      1) теориялық және практикалық даярлыққа қатысатын нұсқаушы;

      2) жұмыс орнында тағылымдамадан өтетін нұсқаушы (OJTI - on the job training instructor).

      469-2. Теориялық және немесе практикалық даярлыққа қатысатын, сондай-ақ ұшу /ұшу диспетчерлерін қамтамасыз ету бойынша жұмыс орнында (OJTI - on the job training instructor) тағылымдаманы жүзеге асыратын нұсқаушыларды кәсіптік даярлық бағдарламасы кем дегенде осы Үлгілік бағдарламаларға 89-1-қосымшада келтірілген бағыттар бойынша оқытуды қамтиды.

      469-3. Бастапқы дайындықтың жалпы көлемі кемінде 60 сағатты құрайды, оның ішінде практикалық дайындық кемінде 18 сағатты құрайды.

      Кәсіби деңгейді ұстап тұру үш жылда бір рет кезеңділікпен және кемінде 8 сағаттық практикалық дайындықты қамтитын кемінде 20 сағат көлемінде іске асырылады.

      469-4. Жұмыс орнында тағылымдаманы жүзеге асыратын нұсқаушы (OJTI - on the job training instructor) азаматтық авиация ұйымының жұмыс орнында тағылымдамадан өтеді.";

      540-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "540. Алғаш рет қабылданған немесе жұмысында 12 айдан астам үзіліс болған адамдар ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін бастапқы даярлықтан өтеді. Бұрын азаматтық авиация саласында осындай мамандану бойынша жұмыс істеген адамдар бастапқы даярлықтан өтпейді.";

      542-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "542. Ұшуды электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау АОО бағдарламалары бойынша жаңа жүйелер мен технологияларды пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      720 және 721-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "720. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды өз бетінше жұмыс орындауға жіберу әуежайдың бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      721. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау АОО бағдарламалары бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      733 және 734-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "733. Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды өз бетінше жұмыс орындауға жіберу әуежайдың бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      734. Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау АОО бағдарламалары бойынша екі жылда бір реттен кем емес жаңа ресімдер мен жабдықтарды пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      742-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "742. Әуежайларда әуе ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін алғаш рет қабылданған тұлғалар бастапқы даярлықтан өтеді. Бұрын азаматтық авиация саласында осындай мамандану бойынша жұмыс істеген адамдар бастапқы даярлықтан өтпейді.";

      745 және 746-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "745. Әуежайларда авиаЖЖМ қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды өз бетінше жұмыс орындауға жіберу әуежайдың бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      746. Әуе ЖЖМ қамтамасыз ету жөніндегі мамандары қайта даярлау АОО бағдарламалары бойынша жаңа рәсімдер мен технологияларды пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      754-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "754. Алғашқы рет қабылданған тұлғалар ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін бастапқы даярлау өткізеді Бұрын азаматтық авиация саласында осындай мамандану бойынша жұмыс істеген адамдар бастапқы даярлықтан өтпейді.";

      757 және 758-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "757. Ұшуды аппаттық-құтқару қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды өз бетінше жұмыс орындауға жіберу әуежайдың бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жүзеге асырылады.

      758. Ұшуларды апаттық-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды қайта даярлау АОО бағдарламалары бойынша жаңа рәсімдер мен технологияларды, жаңа жабдықтарды пайдалануға беру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      774-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "774. Алғаш рет қабылданған тұлғалар іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін бастапқы даярлау өтеді. Бұрын азаматтық авиация саласында осындай мамандану бойынша жұмыс істеген адамдар бастапқы даярлықтан өтпейді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 89-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа
қосымша
  Ұшу қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қатысатын
авиация персоналын кәсіптік
даярлаудың үлгілік
бағдарламасына
89-1-қосымша

Теориялық және немесе практикалық даярлыққа қатысатын, сондай-ақ ұшу /ұшу диспетчерлерін қамтамасыз ету бойынша жұмыс орнында (OJTI - on the job training instructor) тағылымдаманы жүзеге асыратын нұсқаушыларды кәсіптік даярлау бағдарламасы

№ п/п

Модуль атауы

Қысқаша мазмұны

1.

Тағылымдаманы ұйымдастыру.

Авиациялық персоналды кәсіптік даярлау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері; лауазымдық міндеттері мен жауапкершілігі; нұсқаушы мен тыңдаушылардың алдында тұрған міндеттер; материалды оқыту және игеру; оқу үшін жағдай жасау, тағылымдамадан өтушіні даярлауды ұйымдастыру және жоспарлау; жұмысқа жіберу үшін алдын ала және практикалық даярлық, бағдарлама және тағылымдама жоспары.

2.

Адам факторы

Адам факторының аспектілері, жұмыс білімі мен дағдылары, адамның шектеулері, психологиялық факторлар, медициналық аспектілер, ұйымдастырушылық және әлеуметтік факторлар, қарым-қатынас, стресс, адамның қателігі, жұмыс әдістері, үздіксіз біліктілікті арттыру; мотивация, көшбасшылық, қақтығыстар, коммуникациялық өзара әрекеттесу және кері байланыс, шешім қабылдау.

3.

Тағылымдамадан өту техникасы.

Тағылымдамадан өтушілерге басшылық жасау, оқытуды жүргізу, тағылымдамадан өтушіге нұсқау беру, міндеттер мен мақсаттар қою, тағылымдамадан өтушінің жұмысы кезінде түзету іс-әрекеттерін нұсқау беру, қадағалау және қамтамасыз ету, тағылымдамадан өтушінің іс-әрекеттерін талдау, нұсқаушылық көрсету.

4.

Бағалау әдістері және құжаттаманы енгізу

Тағылымдамадан өтушінің жетістіктерін бағалау, курсты бағалау, тағылымдамадан өтушінің жетістіктерін бағалауға байланысты құжаттама.
Бағалау нысанының мазмұнымен танысу және оны нұсқаушымен толтыру қағидаттары.