БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас "өзен – теңіз" суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6933 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас "өзен – теңіз" суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағиданың 1-тармағында айтылмаған кемелердің басқа түрлерінің жеке топтағы элементтерін, сыныбы, тағайындалуы, мөлшері мен қуаттылығын жаңартуға осы Қағиданы қолдану мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасының тіркелімі" филиалының (бұдан әрі – Кеме қатынасының тіркелімі) арнайы нысаны болып табылады.";
2) "Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кеме қатынасы тіркелімі материалдар кемелерді жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту және жөндеу, бұйымдарды жасау мен жөндеу және кемелерде орнату үшін материалдарды дайындаудың техникалық құжаттамасын - техникалық жобаларды, жұмыс құжаттамасын, техникалық шарттарды, стандарттарды және басқа да техникалық құжаттарды (бұдан әрі - техникалық құжаттама) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген) Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларының 110-тармағында көзделген тәртіппен 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және келіседі.";
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Техникалық есепке қоюды және сыныпты тағайындауды қоса алғанда, кемені куәландыруды жүргізуді Кеме қатынасы тіркелімі кеме иесі осы Қағиданың 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.".
2. "Қазақстан Республикасының Су көлігі кемелерінде радиобайланыс және электр навигациясы құралдарын техникалық пайдалану мен қызмет көрсету қауіпсіздігі ережелерін" бекіту және күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1996 жылғы 30 шілдедегі № 173 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 604 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |