Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шоқтыбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 41 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 маусымда № 28390 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің 25.08.2022 № 78 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы №2-18/176 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі Шоқтыбай ауылының аумағында қасқырдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі А. Каражанов