Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнің "Заманбек" күзегіне шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 15 шешімінің күші жо

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29480 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 08 қыркүйек № 543 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнің "Заманбек" күзегінің аумағында белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 15 "Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнің "Заманбек" күзегіне шектеу іс-шарасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4114 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Көкжыра ауылдық округінің әкімі М. Суйесинов