Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Шымылдық" қыстағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 05 шешімінің күші жой

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 19 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29453 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 454 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Шымылдық" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 05 "Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнің "Шымылдық" қыстағына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4012 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Екпін ауылдық округінің әкімі А. Караталов