Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI "Зырян ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешіміне өзгерістер е

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 20/7-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29788 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 46/2-VIII шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс)

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 28.09.2026 № 46/2-VIII шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс).

      Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Зырян ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/9-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-154 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505 - бабы, 509 – бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.".

      шешімнің 1, 2- қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2022 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 20/7-VII шешіміне 1 - қосымша
  Зырян
ауданының мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 27/9-VI шешіміне 1- қосымша

Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

   № р / с

Автотұрақтар (паркингтер)

Санаттар

1

Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар (паркингтер), шатырмен жабылмаған автотұрақтар (паркингтер)

1- санат

2

Басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғастыра салынған автотұрақтар ( паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар

2- санат

3

Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цокольды немесе төменгі жерүсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер)

3- санат

  Алтай
ауданының мәслихатының
2022 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 20/7-VII шешіміне 2 - қосымша
  Зырян
ауданының мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 27/9-VI шешіміне 2- қосымша

Алтай ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

   № р / с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

Аудандық маңызы бар қалалар (Алтай қаласы, Серебрянск қаласы)

Кенттер

Ауылдар

1

1- санат

7,24

0,96

0,48

10 есе

2

2- санат

7,24

0,96

0,48

9 есе

3

3- санат

7,24

0,96

0,48

8 есе