Түркістан облыстық мәслихатының "Түркістан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VII және "Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды ау

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 17/221-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29593 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналардың:

      1) "Түркістан облысы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/548-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген);

      2) "Түркістан облысы елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/13-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы К. Балабиев