Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 321 "Жылыой ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 327 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31202 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 321 "Жылыой ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3628 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданының әкімі Ж. Каражанов