Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі Көкалажар ауылының көшелерін қайта атау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Көкалажар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 24 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 22 қарашада № 30667 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 35–бабына Заңына сәйкес, Көкалажар ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі Көкалажар ауылының келесі көшелері:

      Новая көшесін Абай Құнанбаев көшесіне;

      Целинная көшесін Мұхтар Әуезов көшесіне;

      Юбилейная көшесін Қабдолла Нұғыманов көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкалажар ауылдық округінің әкімі Р. Шугаипов