Жітіқара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 111 "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 206 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30828 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Жітіқара аудандық мәслихатының "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 111 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26662 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы А. Кабиев

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 29 қарашадағы
  № 206 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2022 жылғы 25 қаңтардағы
  № 111 шешіміне
  қосымша

Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

р/с №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3

1

Жайлыүйлер

1 тұрғын

1,20

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,25

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,78

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,60

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,39

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,93

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0012

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,69

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,14

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,30

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,10

11

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,03

12

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,04

13

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,19

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,39

15

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,10

16

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,14

17

Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы

жалпы алаңы 1 м2

0,01

18

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,32

19

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильді жөндеу орталығы

1 машина-орын

2,48

20

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,61

21

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,004

22

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

2,95

23

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,03

24

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

25

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,45