Рудный қалалық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 179 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31610 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудный қалалық мәслихаттың "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7681 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы С. Байгужин