Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 171 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27713 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 213 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 18.04.2025 № 213 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің артуы туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов