Маңғыстау облыстық мәслихатының "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/159 шешімінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/191 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 желтоқсанда № 31069 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/159 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген) бекітілген облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесінің 6 тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев