Шет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 9/106 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/198 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31267 болып тіркелді

      Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының "Шет ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №9/106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26335 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының хатшысы С. Социал

  Шет аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 22
желтоқсандағы
№ 19/198
шешіміне қосымша
  Шет аудандық мәслихатының
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№9/106 шешімге
2-қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      7) қандастар;

      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      11) толық емес отбасылар.