Шымкент қаласында құрылған бесінші ауданға атау беру туралы

Бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 1502 қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/172-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 тамызда № 29189 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін ескере отырып, Шымкент қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 шілдедегі қорытындысы және Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 тамыздағы қорытындысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласында құрылған бесінші ауданға "Тұран" атауы берілсін.

      2. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов
      Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов