Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 маусымдағы № 171 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 маусымда № 28377 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ШЕШТІ:

      1. Алға аудандық мәслихатының "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7504 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      15 тармақ алынып тасталсын.

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Тулеуов