"2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қазандағы № 156 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қарашада № 30386 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25883 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

      1) кірістер – 399 595 943,3 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 53 715 437,6 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 8 516 129 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100 414 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 337 263 962,7 мың теңге;

      2) шығындар – 409 488 637,9 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 606 086,6 мың теңге, оның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 15 191 782 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 585 695,4 мың теңге;

      4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -13 498 781,2 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 13 498 781,2 мың теңге, оның ішінде:

      қарыздар түсімі – 10 852 282 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 11 210 596,4 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 13 857 095,6 мың теңге.".

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. 2022 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 38 %, Байғанин ауданына – 50 %, Хромтау ауданына – 55 %, Мұғалжар ауданына – 80 % және Әйтеке би, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;

      2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 38 %, Байғанин ауданына – 50 %, Хромтау ауданына – 56 %, Мұғалжар ауданына – 80 % және Әйтеке би, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;

      3) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша Ақтөбе қаласы бойынша – 100 %, Байғанин, Мұғалжар аудандарына – 50 %, Хромтау ауданына – 60 % және Әйтеке би, Алға, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;

      4) төлем көзінде салық салынбайтын кірістерге жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне толығымен есептеледі;";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. 2022 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

      1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;

      2) объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге;

      3) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үй төлемдеріне;

      4) ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерінің қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға;

      5) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;

      6) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;

      7) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;

      8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;

      9) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ, лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;

      10) cаны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға;

      11) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға;

      12) басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға;

      13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне;

      14) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

      15) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға;

      16) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

      17) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

      18) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

      19) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

      20) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      21) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;

      22) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

      23) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге;

      24) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      25) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға;

      26) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      27) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

      28) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;

      29) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге;

      30) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      31) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;

      32) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      33) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

      34) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      35) сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге;

      36) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;

      37) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің нормативтік оқу жүктемесінің төмендеуіне байланысты төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге;

      38) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын арналған іс-шараларды өткізуіне;

      39) жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

      40) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге;

      41) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;

      42) салауатты өмір салтын насихаттауға;

      43) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

      44) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

      45) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;

      46) тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуге;

      47) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;

      48) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      49) "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

      50) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;

      51) мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыруға;

      52) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

      53) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын қамтамасыз етуге және өткізуге;

      54) нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға;

      Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 259 301 мың теңге сомасында бекітілсін.".

      2. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Нугманов

  Облыстық мәслихаттың
2022 жылғы 28 қазандағы № 156
шешіміне Қосымша
  Облыстық мәслихаттың
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 80 шешіміне 1-қосымша

2022 жылға арналған облыстық бюджет

санаты

Сомасы (мың теңге)


сыныбы


ішкі сыныбы


АТАУЫ

1

2

3

4

5




I. Кірістер

399 595 943,3

1



Салықтық түсiмдер

53 715 437,6


01


Табыс салығы

26 050 976,6



1

Корпоративтік табыс салығы

550 000



2

Жеке табыс салығы

25 500 976,6


03


Әлеуметтік салық

19 385 842



1

Әлеуметтік салық

19 385 842


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

8 278 619



3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

7 708 619



4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

570 000

2



Салықтық емес түсiмдер

8 516 129


01


Мемлекеттік меншiктен түсетiн кірістер

2 914 142



1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

985 392



3

Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

61 115



4

Мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

414



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

46 991



7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

1 820 230


03


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

347



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

347


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2 039 610



1

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2 039 610


06


Басқа да салықтық емес түсімдер

3 562 030



1

Басқа да салықтық емес түсімдер

3 562 030

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

100 414


01


Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

100 414



1

Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

100 414

4



Трансферттердің түсімдері

337 263 962,7


01


Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

81 213 604,7



2

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден трансферттер

81 213 604,7


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

256 050 358



1

Республикалық бюджеттен түсетін трансферттер

256 050 358


Функциональдық топ

Сомасы (мың теңге)


Кіші функция


Әкімші


Бағдарлама


АТАУЫ

1

2

3

4

5

6





II. Шығындар

409 488 637,9

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

4 768 094,1


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

2 519 433,9



110


Облыс мәслихатының аппараты

204 892




001

Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

164 152




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2 350




005

Мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру

19 444




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

18 946



120


Облыс әкімінің аппараты

1 777 224,9




001

Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

1 322 770,9




004

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

20 583




007

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

141 823




009

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу

188 730




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

103 318



263


Облыстың ішкі саясат басқармасы

187 341




075

Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету

187 341



282


Облыстың тексеру комиссиясы

349 976




001

Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

333 421




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

16 555


2



Қаржылық қызмет

1 463 036,2



257


Облыстың қаржы басқармасы

1 336 328,2




001

Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

210 740,7




009

Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу

780




013

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2 579




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

1 122 228,5



718


Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы

126 708




001

Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

123 708




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

3 000


5



Жоспарлау және статистикалық қызмет

252 007



258


Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

252 007




001

Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

248 537




061

Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау

3 470


9



Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер

533 617



269


Облыстың дін істері басқармасы

193 250




001

Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

139 808




005

Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау

53 442



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

340 367




061

Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту

340 367

02




Қорғаныс

1 478 132


1



Әскери мұқтаждар

316 977



120


Облыс әкімінің аппараты

316 977




010

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

85 701




011

Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс

231 276


2



Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру

1 161 155



120


Облыс әкімінің аппараты

36 355




012

Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру

12 370




014

Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

23 985



287


Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы

1 095 140




002

Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары

723 332




004

Облыс ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

371 808



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

29 660




010

Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту

24 182




016

Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөнінде жұмыстар жүргізу

5 478

03




Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

12 327 935


1



Құқық қорғау қызметi

12 327 935



252


Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы

12 320 935




001

Облыс аумағында қоғамдық тәртіптті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

8 777 627




003

Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу

3 063




006

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

3 540 245



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

7 000




005

Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту

7 000

04




Бiлiм беру

184 076 365,6


1



Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

24 690 250,5



261


Облыстың білім басқармасы

24 690 250,5




081

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

4 715 691,5




202

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

19 974 559


2



Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

134 375 297,1



261


Облыстың білім басқармасы

123 929 010




003

Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру

2 762 185




006

Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру

1 303 075




055

Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру

5 852 909




082

Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру

68 282 748




203

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға

45 728 093



285


Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

6 591 642




006

Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру

6 081 620




007

Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру

510 022



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

3 854 645,1




012

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

3 695 743,5




069

Қосымша білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

158 901,6


4



Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

10 979 139



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

696 043




043

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау

696 043



261


Облыстың білім басқармасы

10 283 096




024

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау

10 283 096


5



Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру

1 961 871



120


Облыс әкімінің аппараты

5 300




019

Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту

5 300



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

13 916




003

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

13 916



261


Облыстың білім басқармасы

1 942 655




052

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау

1 942 655


6



Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру

518 114



261


Облыстың білім басқармасы

518 114




057

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

518 114


9



Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

11 551 694



261


Облыстың білім басқармасы

11 551 694




001

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

800 998




005

Мемлекеттік білім беру ұйымдар үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

1 655 441




007

Облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу

371 126




011

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету

876 275




012

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу

357 614




019

Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттар беру

48 000




029

Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу

1 191 692




067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

5 765 692




080

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының "EL UMITI" таланттарын анықтау және қолдау бастамасын іске асыру

217 048




086

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер

4 825




087

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі

262 983

05




Денсаулық сақтау

8 915 328,8


2



Халықтың денсаулығын қорғау

1 927 448,8



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

1 469 634




006

Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

214 115




007

Салауатты өмір салтын насихаттау

22 574




041

Облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету

146 515




042

Медициналық ұйымның сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты төмендетуге арналған іс-шараларды жүргізу

746




050

Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу

1 085 684



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

457 814,8




038

Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау

457 814,8


3



Мамандандырылған медициналық көмек

2 761 918



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

2 761 918




027

Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау

2 761 918


4



Емханалар

43 389



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

43 389




039

Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар

43 389


5



Медициналық көмектiң басқа түрлерi

92 873



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

92 873




029

Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары

92 873


9



Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер

4 089 700



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

4 089 700




001

Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

163 929




008

Қазақстан Республикасында ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру

82 028




016

Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету

43 751




018

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер

66 782




023

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

75 250




033

Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары

3 657 960

06




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

14 628 123,5


1



Әлеуметтiк қамсыздандыру

4 516 138,5



256


Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

1 586 862




002

Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

793 244




013

Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

785 998




014

Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

7 620



261


Облыстың білім басқармасы

441 021




015

Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру

291 904




092

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

149 117



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

2 488 255,5




039

Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау

2 488 255,5


9



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

10 111 985



256


Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

9 917 850




001

Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

238 627




018

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

89 146




044

Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру

4 827




067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

728 030




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

8 857 220



263


Облыстың ішкі саясат басқармасы

45 869




077

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

45 869



270


Облыстың еңбек инспекциясы бойынша басқармасы

148 266




001

Жергілікті деңгейде еңбек қатынасын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

148 266

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8 114 247,8


1



Тұрғын үй шаруашылығы

397 100



279


Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

397 100




054

Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер

397 100


2



Коммуналдық шаруашылық

7 717 147,8



279


Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

7 717 147,8




001

Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

178 111




004

Елдi мекендердi газдандыру

296 515




032

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау

137 947




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

273 239




114

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері

6 831 335,8

08




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

18 845 695,1


1



Мәдениет саласындағы қызмет

3 899 125



273


Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

3 870 499




005

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

1 686 374




007

Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету

791 954




008

Театр және музыка өнерін қолдау

1 392 171



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

28 626




027

Мәдениет объектілерін дамыту

28 626


2



Спорт

10 580 506,3



285


Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

5 486 526,3




001

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

72 288,3




002

Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу

42 767




003

Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы

5 106 873




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

264 598



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

5 093 980




024

Cпорт объектілерін дамыту

5 093 980


3



Ақпараттық кеңiстiк

2 062 148,1



263


Облыстың ішкі саясат басқармасы

693 000




007

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

693 000



264


Облыстың тілдерді дамыту басқармасы

126 789




001

Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

88 704




002

Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту

37 968




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

117



273


Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

566 181




009

Облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

308 835




010

Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету

257 346



743


Облыстың цифрлық технологиялар басқармасы

676 178,1




001

Жергілікті деңгейде ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, жобалық басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

659 278,1




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

16 900


4



Туризм

275 963



275


Облыстың кәсіпкерлік басқармасы

275 963




009

Туристік қызметті реттеу

275 963


9



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер

2 027 952,7



263


Облыстың ішкі саясат басқармасы

451 063




001

Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

341 957




003

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

99 473




005

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

1 338




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

8 295



273


Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

1 576 889,7




001

Жергiлiктi деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

130 246




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2 190




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

399 199




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

1 045 254,7

09




Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

8 765 135


1



Отын және энергетика

843 359



279


Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

843 359




081

Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

843 359


9



Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер

7 921 776



279


Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

7 921 776




071

Газ тасымалдау жүйесін дамыту

7 921 776

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

29 581 897


1



Ауыл шаруашылығы

26 530 344



255


Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы

24 174 061




001

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

255 378




002

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

300 000




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

14 631




006

Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау

320 000




008

Cаны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау

619 568




018

Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру

4 327




045

Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау

29 945




046

Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеу

4 255




047

Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау

245 000




050

Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу

3 594 219




051

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау

72 220




053

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау

15 227 706




056

Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

2 573 564




057

Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау

662 423




077

Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау

250 825



719


Облыстың ветеринария басқармасы

2 347 590




001

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

219 671




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

12 307




008

Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету

26 642




009

Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру

22 000




010

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

43 569




011

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

118 543




013

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу

187 554




014

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

1 362 213




015

Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

309 000




028

Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер

1 960




030

Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру

44 131



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

8 693




020

Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту

8 693


2



Су шаруашылығы

79 822



254


Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

79 822




003

Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

79 822


3



Орман шаруашылығы

1 055 683



254


Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

1 055 683




005

Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру

1 055 683


4



Балық шаруашылығы

7 038



254


Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

7 038




034

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы), сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау

7 038


5



Қоршаған ортаны қорғау

1 892 901



254


Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

472 399




001

Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

114 774




008

Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

341 880




013

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

5 745




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

10 000



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

1 420 502




022

Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту

1 420 502


9



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

16 109



719


Облыстың ветеринария басқармасы

16 109




032

Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау

10 608




033

Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру

611




034

Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру

4 883




035

Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіру

7

11




Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

18 791 024,3


2



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

18 791 024,3



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

18 697 897,3




001

Жергілікті деңгейде құрлыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

240 777




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

12 590




004

Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

179 217




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

15 000




114

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері

18 250 313,3



724


Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

93 127




001

Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

93 127

12




Көлiк және коммуникация

32 866 763,1


1



Автомобиль көлiгi

8 463 621



268


Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

8 463 621




002

Көлік инфрақұрылымын дамыту

4 379 875




003

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1 203 449




028

Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру

2 880 297


9



Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

24 403 142,1



268


Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

24 403 142,1




001

Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

130 738




005

Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау

444 618




113

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

17 655 372




114

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері

6 172 414,1

13




Басқалар

10 384 853,6


1



Экономикалық қызметтерді реттеу

233



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

233




040

Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту

233


3



Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау

2 203 587,3



254


Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

111 200




104

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу

111 200



275


Облыстың кәсіпкерлік басқармасы

1 414 730




001

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

108 571




005

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау

119 000




008

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

1 072 117




015

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру

85 131




032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

8 911




082

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру

21 000



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

677 657,3




051

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

677 657,3


9



Басқалар

8 181 033,3



253


Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

1 695 701




058

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру

87 840




096

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

1 607 861



257


Облыстың қаржы басқармасы

259 301




012

Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi

259 301



258


Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

81 407,3




003

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

81 407,3



261


Облыстың білім басқармасы

1 079 232




079

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру

975 964




096

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

103 268



279


Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

116 653




096

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

116 653



280


Облыстың индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

386 154




001

Жергілікті деңгейде индустриялық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

177 035




003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

75




005

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шеңберінде іс-шараларды іске асыру

209 044



285


Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

400 624




096

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

400 624



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

4 161 961




093

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту

4 161 961

14




Борышқа қызмет көрсету

2 026 935


1



Борышқа қызмет көрсету

2 026 935



257


Облыстың қаржы басқармасы

2 026 935




004

Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету

2 021 393




016

Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

5 542

15




Трансферттер

53 918 108


1



Трансферттер

53 918 108



257


Облыстың қаржы басқармасы

53 918 108




007

Субвенциялар

38 084 000




011

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

68 531,2




017

Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

274 403,3




024

Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер

10 241 911




053

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

5 249 262,5





III. Таза бюджеттік кредит беру

3 606 086,6





Бюджеттік кредиттер

15 191 782

7




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

7 480 699


1



Тұрғын үй шаруашылығы

7 480 699



263


Облыстың ішкі саясат басқармасы

300 000




012

Тұрғын үй қарыздарын беру үшін ""Отбасы банк" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру

300 000



279


Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

1 415 086




087

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру

1 415 086



288


Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

5 765 613




009

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру

5 765 613

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

7 211 083


1



Ауыл шаруашылығы

3 023 758



255


Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы

3 023 758




078

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттер беру үшін кредит беру

3 023 758


9



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер

4 187 325



258


Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

647 825




007

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

647 825



275


Облыстың кәсіпкерлік басқармасы

3 539 500




017

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға кредит беру

3 539 500

13




Басқалар

500 000


3



Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау

500 000



275


Облыстың кәсіпкерлік басқармасы

500 000




010

Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға кредит беру

500 000


санаты

Сомасы (мың теңге)


сыныбы


ішкі сыныбы


АТАУЫ

1

2

3

4

5

5



Бюджеттік кредиттерді өтеу

11 585 695,4


01


Бюджеттік кредиттерді өтеу

11 585 695,4



1

Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

10 888 837



2

Бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару

696 858,4


Функциональдық топ

Сомасы (мың теңге)


Кіші функция


Әкімші


Бағдарлама


АТАУЫ

1

2

3

4

5

6





IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0





Қаржы активтерін сатып алу

0





V. Бюджет тапшылығы (профициті)

-13 498 781,2





VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

13 498 781,2


санаты

Сомасы (мың теңге)


сыныбы


ішкі сыныбы


АТАУЫ

1

2

3

4

5

7



Қарыздар түсімі

10 852 282


01


Мемлекеттік ішкі қарыздар

10 852 282



1

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар

5 765 613



2

Қарыз алу келісім-шарттары

5 086 669


Функциональдық топ

Сомасы (мың теңге)


Кіші функция


Әкімші


Бағдарлама


АТАУЫ

1

2

3

4

5

6

16




Қарыздарды өтеу

11 210 596,4


1



Қарыздарды өтеу

11 210 596,4



257


Облыстың қаржы басқармасы

11 210 596,4




008

Жергілікті атқарушы органның борышын өтеу

2 000 000




015

Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу

8 513 738




018

Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

59,4




057

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

696 799


санаты

Сомасы (мың теңге)


сыныбы


ішкі сыныбы


АТАУЫ

1

2

3

4

5

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

13 857 095,6


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

13 857 095,6



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

13 857 095,6




Бюджет қаражатының бос қалдықтары

13 857 095,6