Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 85/17-7 "Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 116/23-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30816 болып тіркелді

      Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосшы қаласы мәслихатының "Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2022 жылғы 1 тамыздағы № 85/17-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28981 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласы
мәслихатының хатшысы
Б.Ибраев