Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 57/12-7 "Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгі

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 115/23-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30750 болып тіркелді

      Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосшы қаласы мәслихатының "Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 14 сәуірдегі 57/12-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27670 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда көзделген тәртіпте көрсетіледі.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне, 76 (жетпіс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге, 76 (жетпіс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), 76 (жетпіс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 30 - тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен ақталған, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ең төмен зейнетақы алатын және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын), жан басына шаққандағы табысын есепке алмай, өтініштері бойынша:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға растайтын құжаттың негізінде, бір рет, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) табиғи зілзала немесе өрт болған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, бір рет, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) өмірлік қиын жағдайдағы, соның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың салдарынан тұрмыс-тіршілігі шектеулі тұлғаларға (отбасыларға):

      диспансерлік есепте тұрған және амбулаторлық ем алып жүрген туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, 6 (алты) ай бойы ай сайын, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қатерлі ісіктер бойынша медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған адамдарға денсаулық сақтау мекемесінің растау анықтамасының негізінде, бір рет, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, қатерлі ісіктермен байланысты аурулары бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне денсаулық сақтау мекемесінің растау анықтамасының негізінде, бір рет, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын жұқпасы бар адамдарға денсаулық сақтау мекемесінің растау анықтамасының негізінде, бір рет, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын аурулары бар балаларға, соның ішінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИТВ) тасымалдаушы балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне, медицина мекемесінің растау анықтамасының негізінде, ай сайын, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде;

      4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға, бір рет, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, бір рет, 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, бір рет, жолдама құнының 35%-ы мөлшерінде, медициналық мекеме берген санаторлық-курорттық картаның, қызметтерді көрсету туралы шарттың, орындалған жұмыстар актісінің, шот-фактура мен төлем туралы түбіртектің негізінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге;

      6) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылардың медициналық мамандықтар бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне уәкілетті орган, оқу орны мен алушының арасында жасасқан үшжақты келісімшарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттың негізінде, бір рет, бір жылдық оқу құны мөлшерінде;

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға, ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған тұлғаларға, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Мать-героиня" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Материнская слава" медальдарымен наградталған көп балалы аналарға және төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, 53 жасқа толған, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге қала маңындағы жолаушылар көлігі маршруттарында жол жүру шығындарын ай сайын, жол жүру құны мөлшерінде, өтініш бермей өтеу түрінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласы
мәслихатының хатшысы
Б.Ибраев