"Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № А-11/556 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30690 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы № А-10/487 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.10.2024 № А-10/487 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7376 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:

      34-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкестігі:

      Ақмола облысының аумағында азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған сауда-логистикалық инфрақұрылымның және/немесе қойма құрылыстарының немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардың болуы;

      Комиссия айқындайтын тізбеге сәйкес Ақмола облысының аумағындағы көтерме немесе бөлшек сауда кәсіпорнында (бөлшек сауда объектілері желісінде) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыру;

      Комиссия айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыру.

      Кәсіпкерлік субъектісі осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес растайтын құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев