Астана қаласы маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 239/32-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қазанда № 30051 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналардың:

      "Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы" 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 999 болып тіркелген);

      "Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V "Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 20 шілдедегі № 169/21-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1127 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов