Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V "Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 169/21-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 тамызда № 1127 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 239/32-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 30.09.2022 № 239/32-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V "Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 999 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
М. Тулеутаев
      Астана қаласы мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
С. Жүнісов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Астана қаласының Ауыл

      шаруашылығы басқармасы" (АШБ)

      мемлекеттік мекемесінің басшысы                                    А. Досанов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 169/21-VI шешіміне
қосымша

Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды
аулау және жою қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі айқындалады, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына қойылатын талаптарды (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді.

      3. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаңғыбас жануарлар – адамға қауіпті аурулармен ауыратын, топталып жүретін жабайы иттер мен мысықтар. Қаңғыбас жануарлардың қарғы, қарғы бауы, микрочиптер, таңба, бирка және иесінің байланыс нөмірі жазылған жетондар тәрізді әлдебіреуге тиесілі екенін білдіретін танымдық белгілері болмайды;

      2) қараусыз қалған жануарлар – иелерін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар; иесінен қашып кеткен және иесінің немесе ілесіп жүретін адамның (серуендетуші) тарапынан қараусыз жүрген жануар;

      3) мамандандырылған ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;

      4) қаңғыбас жануарды зарарсыздандыру (пішу) – хирургиялық жолмен жануарды тұқым көбейту қабілетінен (өнімділік қабілеттілігінен) айыру.

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі

      4. Қаңғыбас жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

      5. Аулау уәкілетті орган бекіткен Қаңғыбас жануарларды аулау жоспарына сәйкес, сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін (вакцинация) алған, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын адамдарға рұқсат етіледі.

      7. Рұқсат етілген аулау құралдарына: тиісті сертификаты бар, әрекетке қабілетсіз ететін, дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қару, торлар, тор-қақпандар, сондай-ақ жануарларды аулау кезінде оларды өлтірмейтін басқа да құралдар және құрылғылар жатады.

      8. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және басқа да орындарда) ілесіп жүретін адамның қарауынсыз жүрген, байлауда қалдырылған жануарлардан басқа, қаңғыбас және қараусыз жануарлар ауланады.

      9. Ауланған қаңғыбас жануарлар, жануарларды иесіне бергенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталатын оқшаулағышқа жеткізіліп, онда екі ай ұсталады.

      10. Жануарларды иесіне қайтарған жағдайда, жануарларды ұстаған адамның және оларды күтіп-баққан және пайдалануында болған адамның жануарларды ұстауға кеткен өз шығыстарын пайдаланудан алынған пайданы шегере отырып, өтету құқығы бар.

      11. Мамандандырылған ұйым әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні орналастырылады және мамандандырылған ұйымның байланыс деректері, ауланған жануар туралы ақпарат (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануардың фотосуреті болады.

3. Ауланған жануарларды тасымалдау

      12. Ауланған жануарларды тасымалдау техникалық ақаусыз, арнайы металл торлармен жабдықталған, мамандандырылған ұйымның белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен (бұдан әрі – арнайы автокөлік) жүргізіледі.

      13. Ауланған қаңғыбас жануарлар тасымалдауға арналған арнайы автокөлік аулау процесінде зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету үшін мал дәрігерлік құралдар жиынтығымен толықтырылады, табиғи желдетуімен жабдықталады.

      14. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды жануарлардың өлексесімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.

      15. Ауланған қаңғыбас жануарларды тасымалдау ит немесе мысыққа олардың денсаулығына жарақат немесе басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.

      16. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы автокөліктің шанағына, сондай-ақ барлық құралдар мен металл торларға санитариялық тазалау және зарарсыздандыру жүргізіледі.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулағышта ұстау

      17. Ауланған қаңғыбас жануарлар уақытша ұстау оқшаулағышына орналастырылады.

      18. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тіркеу, ұстау, тамақтандыру, тексеру, жою шараларын, сондай-ақ уақытша оқшаулағышты қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етуді мамандырылған ұйым жүзеге асырады.

      19. Уақытша ұстау оқшаулағышында ауланған қаңғыбас жануарларға клиникалық зерттеу және тіркеу жүргізіледі.

      20. Уақытша ұстау оқшаулағышы металл торлармен және иттерге арналған үйшікпен жабдықталуы тиіс.

      21. Әр торға 1 (бір) ит немесе 1 (бір) мысық орналастырылуы мүмкін.

      22. Ауланған қаңғыбас жануарларға қажетті күтім жасалады және тамақтандырылады, торларды күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жүргізіледі.

      23. Жануарды орналастыру, иесін іздеу, сондай-ақ жайғастыру мақсатында фотоға түсіру үшін жануарларды уақытша ұстау оқшаулағышына волонтерлік куәлігі бар болған жағдайда, волонтерлердің кіруі қамтамасыз етіледі.

      24. Дені сау қаңғыбас жануарлар тиісті клиникалық жағдайда зарарсыздандыруға және піштіруге жатады.

5. Қараусыз қалған немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарды қайтару және (немесе) беру тәртібі

      25. Мамандандырылған ұйымға және қаңғыбас жануарларды қайтару жөнінде өтініш берген кезде иелері:

      1) жеке куәлігі;

      2) иттер мен мысықтардың ветеринариялық паспортын және (немесе) иесімен түскен фотосуретін ұсынады.

      26. Мамандандырылған ұйым қызметкерлері үшінші тұлғаның жануарды сақтауды және оған тиісінше күтім жасауды қамтамасыз ету міндетін көздейтін шартты міндетті түрде жасай отырып, ауланған жануарларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі

      27. Талап етілмеген жануарлар екі ай өткен соң үшінші тұлғаға немесе кейіннен ұстау үшін паналау орнына беріледі.

      28. Талап етілмеген, емделмейтін ауруға шалдыққан қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық ізгілікті жолмен жансыздандырылуға жатады.

      29. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мамандандырылған ұйымның арнайы пештер қойылған өндірістік базасында жүргізіледі.

      30. Өндірістік базаның аумағы мен құралдары ветеринариялық-санитариялық нормаларға және талаптарға сәйкес ұсталуы тиіс.

      31. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) мамандандырылған ұйымға жою үшін берілуі тиіс.

7. Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

      32. Мамандандырылған ұйым жануардың көрсетілген кезең бойы олардың өліп қалғаны және оларға зиян келтіргені үшін материалдық жауапкершілікте болады.

      33. Осы Қағида талаптарының бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.