Астана қаласы маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 240/32-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазандағы № 30021 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналардың:

      "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы" Астана қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 447/62-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1000 болып тіркелген);

      "Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 447/62-V "Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 20 шілдедегі № 168/21-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1126 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатның хатшысы Е. Каналимов