"Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31521 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № ҚР ДСМ-251/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21770 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 211-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 211-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және тіндер банкінің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тіндер банкі мынадай тіндерді (тіннің бөлігін) дайындауды және сақтауды жүзеге асырады:

      1) тері;

      2) сүйектер;

      3) шеміршек;

      4) сіңірлер;

      5) қатты ми қабығы;

      6) тамыр;

      7) жүрек клапандары;

      8) амниотикалық қабық;

      9) жануарлардың тіндері (тері, сүйек, ішперде, перикард, сүйек);

      10) мөлдір қабықтар.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният