"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31426 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішін өңдеу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады, бұдан әрі қорытындылар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің көліктік қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы куәлік қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.";

      38-тармақ алып тасталсын;

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. "Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхатты;

      2) иеліктен шығарылатын объектілер бөлінісінде иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме-растаудың электрондық көшірмесін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 39-1 және 39-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "39-1. Табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасау процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес "Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      39-2. Көрсетілетін қызметті алушы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде, құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, демалыс және мереке күндері Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда және жүргізілген есептемелер негізінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті саласының құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды береді, қорытындылар бойынша жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық орган 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) тарифті жоғарылату;

      2) тұтынушылармен шарттарды бұзу;

      3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіру;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы;

      9) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызмет көрсетілген күннен бастап он сегіз айдан кем болуы;

      10) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі бекітілген уақытша өтемақы тарифіне сәйкес тұтынушыларға негізсіз алынған кірісті өтемеуі;

      11) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасының ұсынылмауы не ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттың (мәліметтердің) болуы жағдайларында өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде келесі күнтізбелік жылға арналған және бірінші басшының бұйрығымен бекітілген Тізбені қалыптастырады және мәлімет үшін уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына жібереді

      Табиғи монополия субъектісі қажет болған кезде бекітілген Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады.

      Тізбе және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі шешім қабылданған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия субъектісі сатып алуды жүзеге асыратын порталда орналастырылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-3-қосымшамен толықтылысын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 138 Бұйрыққа
қосымша
  Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-3-қосымша

"Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

 
7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 
8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат;
2) иеліктен шығарылатын объектілер бөлінісінде иеліктен шығарылатын мүліктің атауын, типін, түрін, түгендеу нөмірін, бастапқы, қалдық құнын көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме-растаудың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) тарифті жоғарылату;
2) тұтынушылармен шарттарды бұзу;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіру;
4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы;
9) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызмет көрсетілген күннен бастап он сегіз айдан кем болуы;
10) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі бекітілген уақытша өтемақы тарифіне сәйкес тұтынушыларға негізсіз алынған кірісті өтемеуі;
11) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасының ұсынылмауы не ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттың (мәліметтердің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.