"Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31297 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)" Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.";

      4-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа):

      "Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтінішті береді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру". мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.";

      6-тармақтың:

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басын куәландыратын құжат туралы немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер байланысы және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.";

      жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Есепке алу-бақылау маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында айқындалады.

      Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1322 бұйрыққа
қосымша
  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша

      нысан

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру немесе дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа: этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш;
2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа): есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған; 2) этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайлар бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде).