БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
146-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық сабақтар өткізеді.";
175-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық сабақтар өткізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
А. Аймагамбетов |