"Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31149 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 117-бабының 2-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Педагог" кәсіптік стандарты бекітілсін.

      2. "Техникалық және кәсіптік білімнің педагогикалық мамандықтары бойынша кәсіби стандарттары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 373 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8819 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министірінің м.а.
Ш. Каринова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министірінің м.а.
2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 500 бұйрығымен
бекітілген

"Педагог" кәсіптік стандарты

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. "Педагог" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1) тармағына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Стандарт:

      1) педагогикалық қызметтің мазмұнын, оның даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сипаттайды;

      2) педагогтерді даярлау мен біліктілігін арттырудың, басқа қызмет салаларындағы мамандарды қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады;

      3) кәсіби өрлеу құзыреттілігін мамандыққа дайындалудан және оған кірісуден бастап педагогикалық шеберлікке дейін сипаттайды;

      4) нақты педагогтің еңбек қызметі мен практикада кәсіби дәлелденген эталонының арақатынасының негізін қалыптастырады;

      5) педагогке өз мансабын кәсіби дамытуға мүмкіндік береді;

      6) педагогтің біліктілік деңгейлерінің, еңбек функциялары мен кәсіби даму дәрежесінің дифференциалды бағалау құралы болып табылады;

      7) педагогке өзгерістер мен инновациялық процестерге белсенді жауап беріп, оқыту мен тәрбиелеуде лидерлік қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді;

      8) педагогтердің кәсіби дамуының навигаторы болып табылады.

      3. Стандарттың қолданылу саласы:

      1) педагогтің кәсіби құзыреттілігін бірыңғай түсінуді қамтамасыз ету және қоғамның мүдделі тараптарын хабардар ету;

      2) кәсіптік оқыту бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнын айқындау;

      3) педагогикалық қызметті жобалау мен жүзеге асырудағы педагогтің кәсіби құзыреттілігін сипаттау;

      4) педагогтің кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;

      5) педагогтің біліктілік талаптары мен еңбек функцияларының деңгейлерін белгілеу және бағалау;

      6) өзгерістерді басқару және өзінің педагогикалық қызметінің мазмұнын бейімдеу.

      4. Осы стандартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) кәсіби қызмет (еңбек функциясы) – бір немесе бірнеше еңбек міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы;

      2) оқыту/тәрбиелеу және оқыту тәжірибесі – білім алушылардың/тәрбиеленушілердің оқыту процесін ұйымдастырудағы, білім беру мазмұнын игерудегі және тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы жоспарлы және жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған оқыту мен тәрбие мақсаттарын іске асырудағы педагогтің қызметі;

      3) инновациялық процесс – білім беру жүйесінде инновацияларды құруға, игеруге, пайдалануға және таратуға бағытталған кешенді қызмет;

      4) проактивтілік – импульсивті реакцияларға басымдық беруге және берілмеуге көмектесетін дағды;

      5) қауіпсіз білім беру ортасы – білім беру ұйымының ішкі өмірінің тұтас сапалық сипаттамасы, ол жеке тұлғаны оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың барлық оң мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.

      5. Осы кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады:

      БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

      СБШ – салалық біліктілік шеңбері.

2- тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

      6. Кәсіптік стандарттың атауы: "Педагог".

      Кәсіптік стандартты әзірлеудің мақсаты: кәсіби педагогикалық қызметтің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды белгілеу, педагогтердің біліктілік деңгейін бағалау, аттестаттауды жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарды қалыптастыру, біліктілікті сертификаттау және растау, кадрлар даярлау.

      Стандарт педагогті даярлаудың, біліктілігін арттырудың және үздіксіз кәсіптік оқыту мүмкіндіктерінде білім беру бағдарламаларының негізін, қызметтің басқа салаларындағы мамандарды қайта даярлаудағы басымдықтарды айқындайды, педагогті оқыту және білім беру/тәрбиелеу тәжірибесін, қоғамның сенімі мен құрметін, педагогтің кәсіби адалдығын қолдауға, кәсіби қоғамдастықта білім беру/оқыту және тәрбиелеуде педагогтің көшбасшылығын дамытуға ықпал етеді.

      7. Кәсіби топ:

      Мамандар – білім беру саласындағы кәсіби мамандар.

      8. Кәсіби кіші топ:

      колледждердің және басқа да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері (колледж оқытушысы);

      орта мектеп мұғалімдері (мектеп педагогі);

      бастауыш мектептегі мұғалімдер және мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі);

      басқа мамандар - білім беру саласындағы мамандар.

      9. Педагогтердің кәсіби қызметінің жалпы сипаттамасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттерінің шеңберін қамтиды.

      10. Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлері арттыру қағидаты негізінде құрылымдалып, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

      Кәсіптер карточкалары осы кәсіптік стандарттың қосымшасында көрсетіледі.

      11. Кәсіптер тізімі:

      1) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі – СБШ бойынша 5-6 деңгейлер;

      2) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мектеп педагогі – СБШ бойынша 4-7 деңгейлер;

      3) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы – СБШ бойынша 6 деңгей;

      4) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Өндірістік оқыту шебері – СБШ бойынша5-6 деңгейлер;

      5) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қосымша білім беру педагогы – СБШ бойынша 6 деңгей;

      6) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Арнайы педагог – СБШ бойынша 6 деңгей;

      7) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Педагог-психолог – СБШ бойынша 6-7 деңгейлер;

      8) Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік педагог – СБШ бойынша 6 деңгей.

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
1-қосымша

Құзыреттер

Критерийлер

Индикаторлар

1. Кәсіби құндылықтар
Өзінің кәсіби қызметін құрмет пен жауапкершілік, адалдық пен әділеттілік негізінде орындайды.

1.1 Педагог мамандығына адалдық

1.1.1 Барлық білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің білім беру мақсаттарына қол жеткізу қабілетіне сенімділік танытады;
1.1.2 Педагог мамандығына адалдығын көрсетеді;
1.1.3 Өз қызметіндегі қолданыста нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

1.2 Азаматтық

1.2.1Қазақстанның ұлттық және мәдени
құндылықтарына адалдығын білдіреді;
1.2.2Жаһандық мәдени және түрлі тілдерге құрмет көрсетеді;
1.2.3Оқыту мен тәрбиелеу процесіне қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының өзге мәдениеттері мен тілдерінің байлығын интеграциялайды;
1.2.4Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидаттарын ұстанады.

1.3 Кәсіби әдепті сақтау

1.3.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке басына және олардың ата-аналарына//заңды өкілдеріне құрмет көрсетеді;
1.3.2 Кәсіби-әдеп нормаларды түсінеді және басшылыққа алады.

1.4 Жауапкершілік

1.4.1 Өзінің кәсіби деңгейін сақтауға және дамытуға жауапты;
1.4.2 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің академиялық жетістігі мен тәрбиесі үшін жауапкершілікті танытады;
1.4.3 Өз құзыреті шеңберінде білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
1.4.4 Білім беру және тәрбие процесіне деген педагогикалық қоғамдастықтың жауапкершілігін сезінеді.

1.5 Белсенділік

1.5.1 Өзгерістерге қатысты белсенділік танытады және білім беру мен тәрбие процесін жақсарту үшін инновацияларды енгізеді;
1.5.2 Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді басқарады;
1.5.3 Өзін-өзі реттеу, стресске төзімділік дағдыларын иемденеді.

2. Кәсіби білім:
Білім беру, мәдени құндылықтар және оқыту теориясы саласындағы стратегиялық құжаттарды білу негізінде сапалы оқытудың педагогикалық тәсілдерін түсінеді.

2.1Білім
алушылардың/ тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін білім беруде, оқыту мен тәрбиелеуде ескеру

2.1.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жас, тұлғалық, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін түсінеді;
2.1.2 Инклюзивті орта құру және білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу процесіне қатыстыру стратегияларын меңгереді;
2.1.3 Пәнді, тілді және мәдени құндылықтарды сапалы оқытуды қамтамасыз ететін көптілді ортада тиімді оқытудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын біледі және игереді. Пәнді оқыту тілін кәсіби С1 деңгейінде меңгереді;
2.1.4 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу процесін қалыптастырады.

2.2 Пәнді, оны оқыту әдістемесін және білім алушыларды/
тәрбиеленуші-
лерді бағалау құралдарын білу

2.2.1 Пән/пәндік сала туралы білімді демонстрациялайды;
2.2.2 Оқу және білім беру бағдарламасының негіздерін түсіне алады;
2.2.3 Сабақты жоспарлау, жоспар әзірлеу және өткізу кезінде бағалау әдістерін меңгереді;
2.2.4 Білім алушының/тәрбиеленушінің танымдық процесінің ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістерін меңгереді;
2.2.5 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің күнделікті өмірде білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастырудың тиімді стратегияларын меңгереді;
2.2.6 Оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолданады.

1.3. Оқыту практикасы/оқыту және тәрбиелеу
Оқу процесін жоспарлайды,
барлық білім алушылар/тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, қолайлы орта ұйымдастырады және оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді

3.1 Оқыту процесін жоспарлау/оқыту және тәрбиелеу

3.1.1 Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес білім беру процесін жоспарлайды;
3.1.2 Білім алушының/тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту/тәрбиелеу технологияларын және оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес бағалау стратегияларын таңдайды;
3.1.3 Оқу процесіне әріптестерін, білім алушыларды/тәрбиеленушілерді және ата-аналарын/заңды өкілдерін тартады.

3.2 Қауіпсіз, қолайлы оқыту және дамыту ортасын құру

3.2.1 Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етеді;
3.2.2 Сабақта әрбір білім алушыға/тәрбиеленушіге қолайлы оқу ортасын құрады;
3.2.3 Білім алушының/тәрбиеленушінің мотивациясы мен тұлғалық дамуына қолайлы инклюзивті жағдай жасайды;
3.2.4 Білім алушының/тәрбиеленушінің цифрлық ортада қауіпсіздігі мен әдептілігін қамтамасыз етеді.

3.3 Оқыту және тәрбиелеу процесін іске асыру

3.3.1 Сабақта оқыту мен тәрбиелеу мақсатына қол жеткізеді;
3.3.2Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижелеріне ынталандырады және оларға қолдау көрсетеді;
3.3.3 Білім алушының/тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес оқыту/тәрбиелеу технологияларын пайдаланады.

3.4 Білім алушылардың/
тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін бағалау

3.4.1 Әр түрлі бағалау құралдарын қолданады;
3.4.2 Оқыту тәжірибесін жақсарту үшін бағалау нәтижелерін қолданады;
3.4.3 Бағалау нәтижелері бойынша уақтылы, тиімді кері байланыс орнатады;
3.4.4 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің оқу жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізеді;
3.4.5 Бағалау жүргізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3.5 Оқыту және тәрбиелеу процесіндегі ынтымақтастық

3.5.1 Білім алушының/тәрбиеленушінің жеке даму траекториясын құру үшін ата-аналармен/заңды өкілдермен өзара байланыс орнатады;
3.5.2 Білім беру процесін жақсарту үшін кәсіби қауымдастықтар мен мүдделі тараптар шеңберіндегі әріптестермен ынтымақтастықта болады.

4. Кәсіби даму
Өзінің кәсіби өсуін басқарады және тиімді педагогикалық қызмет үшін құзыреттерді дамытады.

4.1 Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасайды

4.1.1 Өзінің және әріптестерінің тәжірибесін талдайды;
4.1.2 Әріптестермен өзара іс-әрекетте өз практикасын дамыту салаларын айқындайды;
4.1.3 Өз тәжірибесін үздіксіз жақсартуды жоспарлайды;
4.1.4 Әріптестерімен, кәсіби қоғамдастық және ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесу барысында өз тәжірибесіндегі өзгерістердің тиімділігін бағалайды.

4.2 Өзін-өзі дамыту сапасын басқару және көшбасшылыққа ұмтылу

4.2.1 Әріптестерімен бірлесіп өзінің кәсіби құзыреттеріне талдау жүргізеді;
4.2.2 Өзінің кәсіби білімін, дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді жолдарын белгілейді;
4.2.3 Өзінің кәсіби жетістіктерінің нәтижелілігін қадағалайды;
4.2.4 Өз тәжірибесін таратады, әріптестерінің тәжірибесін зерттеуге қатысады және жас педагогтер мен педагогикалық қоғамдастыққа кәсіби қолдау көрсетеді.

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
2-қосымша

Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлері арттыру қағидаты негізінде құрылымдалған

Құзыреттілік критерийлері

Педагог-тағылымдамашы/педагог

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы

Педагог-зерттеуші

Педагог-шебер

1.КӘСІПТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

1.1 Педагог мамандығына адалдық
1.2 Азаматтық
1.3 Кәсіби этиканы сақтау
1.4 Жауапкершілік
1.5 Проактивтілік

2.КӘСІПТІК БІЛІМ

2.1 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін білім беру, оқыту және тәрбиелеуде ескеру

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке дамуы үшін педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін демонстрациялайды

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке үлгерімін қадағалау стратегияларын демонстрациялайды

Диагностика негізінде білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке білім беру бағытын таңдайды

Білім алушыларды/тәрбиеленушілерді дамытудың жеке траекториясын жобалайды

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері негізінде оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалары мен әдістемесін әзірлейді

2.2 Пәнді, оны оқыту әдістемесін және білім алушыларды/тәрбиеленушілерді бағалау құралдарын білу

Білім беру міндеттерін айқындауды біледі, сабақ жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын және бағалау құралдарын меңгереді

Оқу сабақтарын жоспарлай алады, білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әдістерді таңдайды

Меңгерудің қиындықтарын ескере отырып, білім берудің/іс-әрекетті ұйымдастырудың, бағалаудың қолайлы технологиялары мен стратегияларын таңдайды

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері негізінде оқыту/тәрбиелеу процесін жобалайды

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің табысты меңгеруі үшін пәнді оқыту әдістемесін әзірлейді

3.БІЛІМ БЕРУ/ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ

3.1 Оқыту және тәрбиелеу процесін жоспарлау

Тәлімгердің басшылығымен оқу мақсатына негізделген сабақты/іс-әрекетті жоспарлайды

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып сабақты/іс-әрекетті жоспарлайды және бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын айқындайды.

Пәнаралық тәсіл, бағалау технологиялары мен стратегияларын талдау негізінде жеке қабілеттерді ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу процесін жоспарлайды.

Тәжірибені зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, білім беру/оқыту және тәрбиелеу процесінің мазмұнын жоспарлайды.

Авторлық бағдарлама негізінде білім беру/оқыту және тәрбиелеу процесінің мазмұнын жоспарлайды.

3.2 Қауіпсіз және қолайлы білім беру және дамыту ортасын құру.

Өз жұмысында қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасының нормалары мен әдеп нормаларын сақтайды.

Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады

Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады

Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді

Қауіпсіз және қолайлы білім беру/дамыту ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормалардың озық үлгісін көрсетеді

3.3 Оқыту және тәрбиелеу процесін іске асыру

Танымдық/білім беру процесінің принциптерін ескере отырып, сабақ/іс-әрекет ұйымдастырады және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді.

Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қолайлы әдістемелері мен құралдары негізінде білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып сабақ/ іс-әрекет ұйымдастыру

Пәнаралық байланыстарды, бағалаудың технологиялары мен стратегияларын қолданады және жеке қабілеттері мен қажеттіліктерді ескереді.

Авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың/ тәрбиелеудің интеграцияланған процесін іске асырады.

Тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, білім алудың/ тәрбиелеудің интеграцияланған процесін іске асырады.

3.4 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің білім жетістіктерін бағалау

Ата-аналарды/ заңды өкілдерді оқыту/ тәрбиелеу нәтижелері бойынша хабардар етеді, әріптестерімен білім алушылардың/тәрбиеленушілердің үлгерімі мен дамуын талқылайды.

Білім алушылармен/тәрбиеленушілермен және ата-аналармен/ заңды өкілдермен білім беру/ тәрбиелеу нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды.

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қабілеттерінің өсуі мен дамуын бағалайды және қадағалайды

Білім алушылардың /тәрбиеленушілердің даму мониторингі
нәтижелерін пайдалану бойынша педагогикалық қоғамдастық үшін ұсынымдар әзірлейді

Педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды/тәрбиеленушілерді дамыту бойынша тиімді ынтымақтастық тәжірибесін таратады

3.5 Оқыту және тәрбиелеу үдерісіндегі ынтымақтастық

Өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында тәлімгермен және әріптестерімен өзара іс-әрекет жасайды

Білім беруді/тәрбиелеуді жоспарлау мәселелерінде әріптестермен өзара іс-әрекетке белсенді қатысады, ата-аналармен/заңды өкілдермен сенімді қарым-қатынас орнатады

Білім беруді/тәрбиелеуді жоспарлау мәселелерінде әріптестермен кәсіби қарым-қатынас орнатуға әрекет жасайды, ата-аналармен/заңды өкілдермен сенімді қарым-қатынас орнатады.

Әріптестермен кәсіби пікірталас орнатады және ата-аналармен/заңды өкілдермен сенімді қарым-қатынасты қолдайды

Желілік кәсіби қауымдастықтар құрады және оларға ата-аналарды/заңды өкілдерді, сарапшыларды және басқа да мүдделі тұлғаларды тартады

4.КӘСІПТІК ДАМУ

4.1 Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасау

Танымдық/білім беру процесінің принциптерін ескере отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттейді

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріескерілген өзінің және әріптестердің тәжірибелері мен өзекті нәтижелерін талдайды.

Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды.

Өзекті зерттеулер негізінде жеке оқыту/тәрбиелеу әдістемесін әзірлейді.

Білім алушыларды/ тәрбиеленушілерді жеке оқытудың/тәрбиелеудің бірыңғай стратегиясын жобалайды

4.2 Өзін-өзі дамыту сапасын басқару және көшбасшылыққа ұмтылу

Білім беру/тәрбиелеу және оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-әрекет жасайды

Білім беру және тәрбиелеуде өзінің тәжірибесі мен әріптестері тәжірибесінің дамуын талдайды.

Өзінің және әріптестерінің тәжірибесінде себеп-салдарлық байланыстарды бағалайды

Әріптестерімен бірге сабақты/іс-әрекетті зерттейді және білім беру ұйымдарында білім беру/тәрбиелеу тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады

Білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, кәсіби дамуында әріптестеріне қолдау көрсетеді

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
3-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі"

Код:

236

Топ коды:

2362

Мамандық:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

Мамандықтың басқа атаулары:

Тәрбиеші

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5

Қызметтің негізгі мақсаты

Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, ұйымдастырылған балалар қызметін жобалау және жүргізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылау

 
Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Тәрбие және білім беру процесін жүзеге асыру;
2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2. Өзін-өзі оқыту.

Кәсіби қызметі
1. Тәрбие және білім беру процесін жүзеге асыру

1-міндет: оқу-тәрбие процесін жоспарлау

Білім:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемелері;
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері;
3. Санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

Білік пен дағдылары:
1. Циклограмма жасау;
2. Тәрбиеленушілердің негізгі қызмет түрлерін басқару;
3. Оқыту әдістемелері мен технологияларын, тәрбие мен білім беру процесінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
4. Балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау;
5. Пәндік-кеңістіктік қауіпсіз даму ортасын құру.

2-міндет:
тәрбие және білім беру процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
2. Педагогикалық әдеп нормалары;
3. Жас ерекшелік физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері.

Білік пен дағдылары:
1. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен тұлғалық саулығын қамтамасыз ету;
2. Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру;
3. Ойын қызметін ұйымдастыру үшін техникалық оқыту құралдарын пайдалану;
4. Ата-аналар қоғамымен ынтымақтасу;
5. Тәрбие және білім беру процесіне қатысатын мектепке дейінгі ұйымның басқа қызметкерлерімен (дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, дефектолог, психолог, медицина қызметкері) өзара іс-әрекет жасау.

Кәсіби қызметі
2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

1-міндет:
тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

Білім:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын дамыту деңгейін диагностикалау нәтижелерін есептеу әдістері;
2. Бастапқы, аралық және қорытынды мониторинг жүргізу қағидалары.

Білік пен дағдылары:
1. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын бақылау негізінде зерттеу, оның қиындықтарын анықтау және оған көмек көрсету;
2. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану;
3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мониторинг негізінде жеке бағдарлама жасау.

Кәсіби қызметі
3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу

Білім:
1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын талаптар;
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері.

Білік пен дағдылары:
1. Балалардың жасына сәйкес дәлелденген және өзекті ақпаратты таңдау;
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау;
3. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысу.

2-міндет:
біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау

Білім:
1. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Кәсіби даму траекториясын құру;
2. Өзін-өзі кәсіби дамытуды жүзеге асыру.

3-міндет:
озық педагогикалық тәжірибелерді тарату

Білім:
1. Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері
2. Озық тәжірибелерді жариялау және тарату әдістемесі.

Білік пен дағдылары:
1. Тәжірибені тарату.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Әдептілік, ізгілік, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, жанашырлық қабілеті, қарым-қатынас құра білу, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік такт.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2361

Бастауыш сынып педагогі

2373

Қосымша білім беру педагогтері

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-



Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
01120100
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
6B01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктілік:
4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тәрбиешісі
6В012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі"

Код:

236

Топ коды:

2362



Мамандық:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

Мамандықтың басқа атаулары:

Тәрбиеші

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

Қызметтің негізгі мақсаты

Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастыру, балалармен ойындар мен сабақтарды жобалау және өткізу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылау, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби дамудың басымдықтарын айқындау, дамытушы бағдарламаларды әзірлеу

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Тәрбие және білім беру процесін жүзеге асыру;
2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу;
3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Авторлық білім беру бағдарламаларын, ОӘК әзірлеу;
2. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

Кәсіби қызметі
1. Тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыру

1-міндет: оқу-тәрбие процесін жоспарлау

Білім:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері;
2. Ойын әрекетін зерттеу әдістері;
3. Тәрбиеленушілердің санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
4. Дамушы пәндік-кеңістіктік ортаны құру бойынша педагогикалық тәсілдер.

Білік пен дағдылары:
1. Циклограмма жасау;
2. Балалар қызметінің негізгі түрлерін басқару;
3. Балалардың дамуындағы прогреске қол жеткізе отырып, оқу процесінің міндеттерін сәтті шешу;
4. Қауіпсіз пәндік-кеңістіктік даму ортасын құру және оны тиімді пайдалану.

2-міндет:
тәрбие және білім беру процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;
2. Педагогикалық әдеп нормалары;
3. Жас ерекшелік физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері;
4. Ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді нысандары мен әдістері.

Білік пен дағдылары:
1. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету;
2. Тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін, жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін қолдану;
4. Көпфункционалды даму ортасының мүмкіндіктерін пайдалану;
5. Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану;
6. Ата-аналар қоғамымен өзара әрекеттесу;
7. Тәрбие-білім беру процесіне қатысатын мектепке дейінгі ұйымның басқа қызметкерлерімен (дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, дефектолог, психолог, медицина қызметкері) өзара іс-қимыл жасау.
8. Балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;
9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы заманауи зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу.

Кәсіби қызметі
2. Тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

1-міндет:
тәрбиеленушілердің даму деңгейіне мониторинг жүргізу

Білім:
1. Балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігі;
2. Бастапқы, аралық және қорытынды мониторинг жүргізу қағидалары.

Білік пен дағдылары:
1. Педагогикалық практиканы зерттеуге арналған құралдарды әзірлеу;
2. Мониторинг нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау;
3. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану;
4. Мониторинг/зерттеу нәтижелері негізінде тәрбие мен оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мониторинг негізінде жеке бағдарлама жасау.

Кәсіби қызметі
3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім:
1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар;
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері;
3. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері.

Білік пен дағдылары:
1. Көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын қолдану;
2. Оқу бағдарламаларын, тәрбие мен оқыту әдістемелерін әзірлеу қабілеттері мен дағдыларын пайдалану;
3. Авторлық бағдарлама мен әдістемелік құралдардың болуы;
4. Жобалау дағдыларын меңгеру.

2-міндет:
біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім:
1. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Өзінің үздіксіз кәсіби педагогикалық дамуын жоспарлау;
2. Өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру;
3. Өз тәжірибеңізді тарату.

3-міндет:
үздік педагогикалық тәжірибелерді жариялау

Білім:
1. Проблемалық талдаудың мәні мен технологиялары;
2. Алгоритмды, тәжірибенің жариялау түрлерін, әдістерін анықтау, зерттеу.


Білік пен дағдылары:
1. Ұйымдастырылған қызметті талдау дағдыларын қолдану;
2. Республикалық және халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жариялау.

4-міндет:
тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау

Білім:
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар;
2. Педагогикалық өзара әрекеттесудің негізгі тәсілдері.

Білік пен дағдылары:
1. Тәлімгерлік және кәсіби дамудың басымдықтарын анықтау;
2. Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегияларын анықтау;
3. Кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Әдептілік, ізгі ниет, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, жанашырлық қабілеті, қарым-қатынас құра білу, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік сезімі.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2361

Бастауыш сынып педагогі

2373

Қосымша білім беру педагогтері

2347

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-

Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
01120100
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
6B01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктілік:
4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тәрбиешісі
6В012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
4-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Мектеп педагогі"

Код:

235
236

Топ коды:

2350
2361

Мамандық:

Мектеп педагогі

Мамандықтың басқа атаулары:

Педагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

4-5

Қызметтің негізгі мақсаты:

Білім алушының жеке басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және интеллектуалдық, адамгершілік, шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыру.

 
Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу процесін жүзеге асыру;

2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау;

3. Мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту;

4. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Дидактикалық материалдарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу;
2. Өзін-өзі дамыту процесінде айқындау;
3. Сынып нұсқаулығы.

Кәсіби қызметі
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1-міндет: оқу процесін жоспарлау

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
2. Оқу пәнінің мазмұны, оқыту әдістемесі және бағалау;
3. Оқу қызметінің мазмұны.

Білік пен дағдылары:
1. Тиісті оқыту әдістері мен бағалау құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеу, сабақ жоспарларын жасау

2-міндет:
оқу процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары;
2. Оқыту әдістемесінің негіздері, оқытудың заманауи, оның ішінде ақпараттық технологиялары;
3. Жас және жеке даму заңдылықтары.

Білік пен дағдылары:
1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған оқу ортасын және сыныптағы эмоционалды-психологиялық климатты қолдау;
2. Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану, сабақтар өткізу;
3. Заманауи оқыту технологияларын қолдану;
4. Кәсіби қызметте білім беру ресурстарының, әлеуметтік желілердің кең мүмкіндіктерін қолдану;
5. Қажеттіліктер мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту әдістерін анықтау;
6. Әрбір білім алушының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оның әлеуетін жетілдіру үшін қолжетімді оқу ортасын құру;
7. Тиімді коммуникацияны жүзеге асыру, білім алушылардың тілдік құзыреттерін дамыту;
8. Оқуға деген ынтаны қалыптастыру.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

1-міндет:
білім алушылардың білім мазмұнын игеру барысы мен деңгейін бақылау

Білім:
1. Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отыра үлгерімін бақылау әдістері мен технологияларын

Білік пен дағдылары:
1. Білім алушыларға критериалды бағалау жүйесін қолдану;
2. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізу;
3. Бағалау құралдарын әзірлеу.

Кәсіби қызметі
3. Мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту

1-міндет:
мектепте және мектептен тыс этика мен мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстану

Білім:
1. Педагогикалық әдеп ережелері, "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Педагогикалық қызметті адамгершілік, әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру;
2. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару;
3. Субъект-субъектілік өзара іс-әрекетте педгогикалық процестің барлық қатысушыларын ұйымдастыру, білім беру процесін басқару технологиясын меңгеру.

2-міндет: біртұтас құндылықтарды қабылдау арқылы тұлғаның құндылық-болмыс саласын кеңейту және нығайту

Білім:
1. Мектептің тәрбие қызметін реттейтін нормативтік құқықтық және нұсқаулық құжаттар;
2. Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, заманауи тәрбие тұжырымдамалары;
3. Денсаулықты нығайту және дене мәдениеті мен сауықтырудың ұтымды технологиялары;
4. Білім алушыларда әлемдік мәдениетті білім беру негіздерін қалыптастыру тәсілдері.

Білік пен дағдылары:
1. Тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін қолдану;
2. Жеке даму траекториясын құра отырып, білім алушылардың тұлғалық өсуін қолдау;
3. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтай отырып, түрлі мәдениетке ашықтықты көрсету;
4. Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жобалау (және баланың құндылыққа бағытталған бағдар және төзімділік мәдениеті);
5. Білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
6. Ата-аналармен, мұғалімдермен және қоғаммен ынтымақтастық.

Кәсіби қызметі 4.
Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
оқу-әдістемелік материалдарын дайындау

Білім:
1. Дидактикалық материалдарды жобалау және әзірлеу негіздері

Білік пен дағдылары:
1. Сабаққа дидактикалық материалдарды әзірлеу;
2. Бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.

2-міндет:
кәсіби дамуды жүзеге асыру

Білім:
1. Біліктілікті арттыруды/кәсіптік қайта даярлауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер

Білік пен дағдылары :
1. Кәсіби қызметті жетілдірудегі өз қажеттіліктерін анықтау;
2. Кәсіби үздіксіз білім беруді ресми, бейресми, ақпараттық нысандарда жоспарлау.

3-міндет:
Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасау

Білім:
1. Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері

Білік пен дағдылары:
1. Өзінің кәсіби қызметі мен әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасауды жүзеге асыру;
2. Озық педагогикалық тәжірибелерді үйрену.

4-міндет:
Білім беру процесін зерттеу

Білім:
1. Білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері, құралдары;

Білік мен дағдылары:
1. Білім беру процесін жетілдіру бойынша озық зерттеулердің нәтижелерін зерделеу
2. Сабақты зерттеу/Lesson Study (Лессон Стади)

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, ұтқырлық, эмоционалды тепе-теңдік

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері

2347

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер

233

Колледж педагогтері

231–001

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

2375

Қысқа мерзімді даярлаудың кәсіби мамандары

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандықтар:
01140100 Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
01140500 Дене шынықтыру және спорт
01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
01140700 Информатика
Қолданбалы бакалавриат: 01140200 Дене шынықтыру және спорт
01140300 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
011400 Информатика
6B01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктілік:
4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі
4S01140501 Дене шынықтыру мұғалімі
4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
4S01140605 Шет тілі мұғалімі
4S01140701 Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі
5АВ01140202 Дене шынықтыру қолданбалы бакалавры
5АВ01140301 Тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры
5АВ01140302 Орыс тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры
5АВ01140303 Шет тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры
5АВ01140401 Информатика қолданбалы бакалавры
6В013 Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау
6В017 Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Мектеп педагогі"

Код:

235
236

Топ коды:

2350
2361

Мамандық:

Мектеп педагогі

Мамандықтың басқа мүмкін атаулары:

Педагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6-7

Қызметтің негізгі мақсаты:

Білім алушының жеке басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және интеллектуалдық, адамгершілік, шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыру.

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу процесін жүзеге асыру;

2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау;

3. Мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту;

4. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

Қосымша кәсіби қызметі

1. Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асыру;
2. Зерттеуді жобалау және тәжірибені тарату.

Кәсіби қызметі
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1-міндет: оқу процесін жоспарлау

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
2. Оқу пәнінің мазмұны, оқыту және бағалау әдістемелері;
3. Оқу бағдарламасының теориялық және әдістемелік негіздері танымдық процестің заңдылықтарымен байланысты.

Білік пен дағдылары:
1. Тиісті оқыту әдістері мен бағалау құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру, сабақ жоспарларын жасау;
2. Оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың дамуының жеке траекториясын жобалау;
2. Жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалары мен әдістемелерін жобалау, әзірлеу.

2-міндет:
оқу процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары;
2. Оқыту әдістемесінің негіздері, оқытудың заманауи, оның ішінде ақпараттық технологиялары;
3. Жас және жеке даму заңдылықтары.

Білік пен дағдылары:
1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған оқу ортасын және сыныптағы эмоционалды-психологиялық климатты қолдау;
2.Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану, сабақтар өткізу;
3. Оқу процесін ұйымдастыруда білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолдану;
4. Тиімді коммуникацияны жүзеге асыру, білім алушылардың тілдік құзыреттерін дамыту;
5. Тәжірибені зерттеу негізінде оқу процесін жобалау.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

1-міндет:
білім алушылардың білім мазмұнын игеру барысы мен деңгейін бақылау

Білім:
1. Білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отыра үлгерімін бақылау әдістері мен технологияларын

Білік пен дағдылары:
1. Білім алушыларға критериалды бағалау жүйесін әзірлеу және қолдану;
2. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізу.

Кәсіби қызметі
3. Мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту

1-міндет:
мектепте және мектептен тыс этика мен мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстану

Білім:
1. Педагогикалық әдеп ережелері, "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Педагогикалық қызметті адамгершілік, әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру;
2. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың мінез-құлқын басқару;
3. Субъект-субъектілік өзара іс-әрекетте педгогикалық процестің барлық қатысушыларын ұйымдастыру, білім беру процесін басқару технологиясын меңгеру.

2-міндет: біртұтас құндылықтарды қабылдау арқылы тұлғаның құндылық-болмыс саласын кеңейту және нығайту

Білім:
1. Мектептің тәрбие қызметін реттейтін нормативтік құқықтық және нұсқаулық құжаттар;
2. Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, заманауи тәрбие тұжырымдамалары;
3. Денсаулықты нығайту және дене мәдениеті мен сауықтырудың ұтымды технологиялары;
4. Білім алушыларда көпмәдениетті білім беру негіздерін қалыптастыру тәсілдері

Білік пен дағдылары:
1. Тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін қолдану
2. Жеке даму траекториясын құра отырып, білім алушылардың тұлғалық өсуін қолдау;
3. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтай отырып, түрлі мәдениетке ашықтықты көрсету;
4. Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жобалау (және баланың құндылыққа бағытталған бағдар және төзімділік мәдениеті);
5. Білім алушыларда салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
6. Ата-аналармен, мұғалімдермен және қоғаммен ынтымақтастық.

Кәсіби қызметі 4.
Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
оқу-әдістемелік материалдарды дайындау

Білім:
1. Оқу-әдістемелік материалдарды жобалау және әзірлеу негіздері;
2. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бағалау критерийлерінің жүйесі.


Білік пен дағдылары:
1. Кәсіби қызметтің нәтижелерін әзірлеу және ұсыну;
2. Ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларды оқыту және дамыту бағдарламаларын, әдістемесін әзірлеу;
3. Пәнді оқыту әдістемесін әзірлеу.

2-міндет:
кәсіби дамуды жүзеге асыру

Білім:
1. Біліктілікті арттыруды/кәсіптік қайта даярлауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер

Білік пен дағдылары:
1. Кәсіби қызметті жетілдірудегі өз қажеттіліктерін анықтау;
2. Кәсіби үздіксіз білім беруді ресми, бейресми, ақпараттық нысандарда жоспарлау; 3. Өзінің кәсіби қызметінің тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату.

3-міндет:
Өзінің және әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасау

Білім:
1. Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері

Білік пен дағдылары:
1. Өзінің кәсіби қызметі мен әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия жасауды жүзеге асыру;
2. Озық педагогикалық тәжірибелерді үйрену.

4-міндет:
Білім беру процесін зерттеу

Білім:
1. Білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері, құралдары;

Білік пен дағдылары:
1. Білім беру процесін жетілдіру бойынша озық зерттеулердің нәтижелерін зерделеу
2. Білім беру ортасын зерттеу;
3. Сабақты зерттеу/Lesson Study (Лессон Стади).

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, ұтқырлық, эмоционалды тепе-теңдік.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері


2347

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер


233

Колледж педагогтері


231–001

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы


2375

Қысқа мерзімді даярлаудың кәсіби мамандары

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандықтар:
01140100 Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
01140500 Дене шынықтыру және спорт
01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
01140700 Информатика
Қолданбалы бакалавриат: 01140200 Дене шынықтыру және спорт
01140300 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
011400 Информатика
6B01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктіліктер:
4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі
4S01140501 Дене шынықтыру мұғалімі
4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
4S01140605 Шет тілі мұғалімі
4S01140701 Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі
5АВ01140202 Дене шынықтыру қолданбалы бакалавры
5АВ01140301 Тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры
5АВ01140302 Орыс тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры
5АВ01140303 Шет тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесінің қолданбалы бакалавры
5АВ01140401 Информатика қолданбалы бакалавры
6В013 Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау
6В017 Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
5-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы"

Код:

233

Топ коды:

2331-001

Мамандық:

Білім беру саласындағы оқытушы, колледж

Мамандықтың басқа атаулары:

Педагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6.1

Қызметтің негізгі мақсаты

Білім алушылардың оқытылатын пән және таңдалған мамандық саласында білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру

 
Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу процесін жүзеге асыру;

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу;

3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Тәрбие жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2. Топ жетекшілік.

Кәсіби қызметі
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1-міндет:
оқу процесін жоспарлау

Білім:
1. Пәндік сала, саладағы пәннің қолданылуы;
2. Педагогика және психология негіздері.

Білік пен дағдылары:
1. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын жасау;
2. Оқу материалы мен оқыту әдістемесінің мазмұнын жоспарлау;
3. Оқу нәтижелерін бағалау үшін тапсырмалар құрастыру.

2-міндет:
оқу процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер;
2. Психодидактика, көпмәдениетті және инклюзивті білім беру негіздері;
3. Жас ерекшелік және жеке даму заңдылықтары;
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру;
2. Білім алушылардың оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру;
3. Білім алушылардың қауіпсіздігі мен тұлғалық саулығын қамтамасыз ету;
4. Оқуға деген ынтаны қалыптастыру;
5. Оқытудың заманауи технологияларын қолдану;
6. Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану;
7. Ата-аналармен, кәсіби қоғамдастықпен және қоғаммен ынтымақтасу;
8. Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
9. Педагогикалық қызметті адамгершілік-әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру;
10. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді бағалау.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1-міндет:
білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім:
1. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары;
2. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу қағидалары, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Бағалау құралдарын әзірлеу
2. Мониторинг деректерін интерпретациялау;
3. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану.

Кәсіби қызметі
3. оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және әзірлеу

Білім:
1. Оқу-әдістемелік материалдарды жобалау және әзірлеу негіздері;
2.Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бағалау критерийлерінің жүйесі.

Білік пен дағдылары:
1. Шынайы, ғылыми негізделген және дәлелденген ақпаратты таңдау;
2. Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3.Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

2-міндет:
біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау

Білім:
1. Біліктілікті арттыруды/кәсіптік қайта даярлауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;
2. Пәндік сала, педагогика және психология негіздері.

Білік пен дағдылары:
1. Жеке даму траекториясын жоспарлау;
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды және өзін-өзі жүзеге асыруды жүзеге асыру.

3-міндет:
озық педагогикалық тәжірибелерді жариялау

Білім:
1. Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері
2. Озық тәжірибелерді жариялау және тарату әдістері.

Білік пен дағдылары:
1. Озық педагогикалық тәжірибенің бағыттарын таңдау;
2. Жеке тәжірибені жариялау.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Коммуникация, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, кәсіби беделі, эмоционалды тепе-теңдік.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері

2374

Арнайы білім беру саласындағы оқытушылар

2375

Кәсіби мамандар қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру

2350

Мектеп педагогі

231

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
6B01 Педагогикалық ғылымдар
Колледжде оқыту мамандығына сәйкес келетін кез келген жоғары білім

Біліктіліктер:
6B011 Педагогика және психология
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерді даярлау
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдеріндаярлау
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерін даярлау
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерін даярлау

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы"

Код:

233

Топ коды:

2331-001

Мамандық:

Білім беру саласындағы педагог, колледж

Мамандықтың басқа атаулары:

Педагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6.2

Қызметтің негізгі мақсаты

Білім алушылардың оқытылатын пән және таңдалған мамандық саласында білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік дамудың басымдықтарын айқындау, білім алушылардың зерттеу жүргізу және зерттеу дағдыларын дамыту, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу.

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу процесін жүзеге асыру;


2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу.


3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

1.Тәрбие жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;


2. Қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру.

Кәсіби қызметі
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1-міндет:
оқу процесін жоспарлау

Білім:
1. Мамандық бойынша кәсіптік стандарттар;
2. Педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері.

Білік пен дағдылары:
1. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;
2. Оқу материалы мен оқыту әдістемесінің мазмұнын жоспарлау;
3. Оқу нәтижелерін бағалау үшін тапсырмалар әзірлеу;
4. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыс топтарында жұмыс істеу.

2-міндет:
оқу процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер;
2. Психодидактика, көпмәдениетті және инклюзивті білім беру негіздері;
3. Білім алушыларды саралау технологиялары;
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері.



Білік пен дағдылары:
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру;
2. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
3. Білім алушылардың қауіпсіздігі мен тұлғалық саулығын қамтамасыз ету;
4. Оқуға деген ынтаны қалыптастыру;
5. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану;
6. Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану;
7. Ата-аналармен, кәсіби қоғамдастықпен және қоғаммен өзара әрекеттесу;
8. Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
9. Педагогикалық қызметті адамгершілік, әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру;
10. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді басқару;
11. Білім беру саласындағы заманауи зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу;
12. Білім алушыларды зерттеуге тарту.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1-міндет:
білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім:
1. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары;
2. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу қағидалары, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Бағалау құралдарын әзірлеу;
2. Мониторинг деректерін түсіндіру;
3. Мониторинг нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау;
4. Оқу нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану.

Кәсіби қызметі
3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеу және апробациялау

Білім:
1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар;
2. Оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері;
3. Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері.

Білік пен дағдылары:
1. Шынайы және өзекті ақпаратты таңдау;
2. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау;
3. Оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
4. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу.

2-міндет:
біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау

Білім:
1. Біліктілікті арттыруды/кәсіптік қайта даярлауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;
2. Пәндік сала, педагогика және психология негіздері.

Білік пен дағдылары:
1. Үздіксіз мансаптық дамуға қатысу;
2.Өзінің кәсіби қызметіне рефлексия жасауды жүзеге асыру;
3.Жеке тәжірибені тарату.

3-міндет:
озық педагогикалық тәжірибелерді жариялау

Білім:
1. Проблемалық талдаудың мәні мен технологиялары;
2.Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері
3. Озық тәжірибелерді жариялау және тарату әдістемесі.

Білік пен дағдылары:
1. Проблемалық талдау жүргізу;
2. Озық педагогикалық тәжірибенің бағыттарын таңдау;
3.Озық тәжірибені анықтау, зерттеу, жариялау, сипаттау, тарату бойынша алгоритм құру және іс-әрекетті басқару.

4-міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісінің дамуын жоспарлау

Білім:
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар;
2. Ынтымақтастық педагогикасы.

Білік пен дағдылары:
1. Кеңес беру және тәлімгерлікті жүзеге асыру;
2. Жас мұғалімнің құндылық бағдарының қалыптасуына әсер ету, еркіндікке тәрбиелеу;
3. Жас педагогтің тұлғалық дамуының жеке траекториясын анықтау.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас құзыреттілігі, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайын болу, сыни ойлау, кәсіби бедел, эмоционалды тепе-теңдік, көшбасшылық қасиеттер, жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін жетілдіру

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері

2374

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер

2375

Кәсіби мамандар қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру

2350

Орта мектеп педагогтері

231

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
6B01 Педагогикалық ғылымдар
Колледжде оқыту мамандығына сәйкес келетін кез келген жоғары білім

Біліктіліктер:
6B011 Педагогика және психология
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
6-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Өндірістік оқыту шебері"

Код:

233

Топ коды:

2331

Мамандық:

Өндірістік оқыту шебері

Мамандықтың басқа атаулары:

Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар бойынша)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5

Қызметтің негізгі мақсаты:

Мамандық шеңберінде кәсіптік және жеке құзыреттіліктерді игеру бойынша білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; оқу-өндірістік процесті әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету.

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу-өндірістік процесті жүзеге асыру;

2. Білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу;

3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Кәсіптік бағдар беру жұмысына және мансаптық кеңес беруге қатысу.

Кәсіби қызметі
1. Оқу-өндірістік процесті жүзеге асыру

1-міндет: оқу-өндірістік процесті жоспарлау

Білім:
1. Өндірістік оқыту және тәжірибе бағдарламаларының мазмұны;
2. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер;
3. Оқытылатын мамандық бойынша салалық және кәсіптік стандарттар;
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Модуль мазмұнын және оқыту әдістемесін жоспарлау;
2. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын жасау.

2-міндет: оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру

Білім:
1. Педагогика, психология негіздері, кәсіптік оқыту ментәрбиелеу әдістемесі;
2. Білім беру процесін ұйымдастыру бөлігіндегі білім беру ұйымының желілік актілері;
3. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру;
2. Адамгершілік, әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар өткізу;
3. Оқу зертханалары мен шеберханаларының материалдық-техникалық кешеніне күнделікті қызмет көрсету;
4. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, оқытудың заманауи технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
5. Ата-аналармен, кәсіби қоғамдастықпен және қоғаммен өзара әрекеттесу;
6. Топта өндірістік оқытуды, кәсіптік практика мен тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
7. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді бағалау.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1-міндет: білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім:
1. WorldSkills (Ворлдскилс) стандарттары (бар болса);
2. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары;
3. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу қағидалары, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген).

Білік пен дағдылары:
1. Бағалау құралдарын әзірлеу;
2. Практикалық тапсырмаларды еңбек міндеттерінің күрделілік дәрежесі бойынша саралау;
3. Оқу жетістіктерінің мониторингін жүзеге асыру.

Кәсіби қызметі
3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет: Өндірістегі тағылымдама, біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау

Білім:
1. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген);
2. Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес еңбек қауіпсіздігінің ережелері.

Білік пен дағдылары:
1. Жеке даму траекториясын жоспарлау;
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды және өзін-өзі жетілдіруді жүзеге асыру;
3. Өз тәжірибесін қорытындылау.

2-міндет:
Өндірістік оқыту бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу

Білім:
1. Оқу-әдістемелік материалдарды жобалау және әзірлеу негіздері;
2. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бағалау критерийлері.

Білік пен дағдылары:
1. Сенімді және өзекті ақпаратты таңдау;
2. Өндірістік оқыту бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, кәсіби бедел, эмоционалды тепе-теңдік, орындаушылық, жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттер.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2331-001

Колледж педагогтері

233

Өндірістік оқыту шебері – 6 деңгей

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс



Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
Қолданбалы бакалавриат:
01140500 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
Колледжде оқыту мамандығына сәйкес келетін кез келген жоғары білім

Біліктіліктер: 4S01140801 Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар бойынша);
4S01140802 Өндірістік оқыту шебері, техник-технолог (барлық атаулар бойынша).
5АВ01140501 Кәсіптік оқытудың қолданбалы бакалавры

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Өндірістік оқыту шебері"

Код:

233

Топ коды:

2331

Мамандық:

Өндірістік оқыту шебері

Мамандықтың басқа атаулары:

Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар бойынша)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

Қызметтің негізгі мақсаты:

Білім алушылардың мамандық шеңберінде кәсіптік және жеке құзыреттіліктерін игеру жөніндегі қызметін ұйымдастыру, оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; оқу-өндірістік процесті әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік дамудың басымдықтарын айқындау, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу-өндірістік процесті жүзеге асыру

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне, оның ішінде цифрлық ресурстар арқылы мониторинг және бағалау жүргізу

3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіби қызметі

1. Кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысу

2. Қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру

Кәсіби қызметі
1. Оқу-өндірістік процесті жүзеге асыру

1-міндет: оқу-өндірістік процесті жоспарлау

Білім:
1. Өндірістік оқыту және тәжірибе бағдарламаларының мазмұны;
2. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер;
3. Оқытылатын мамандық бойынша салалық және кәсіптік стандарттар;
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері;

Білік пен дағдылары:
1. Курстың мазмұнын және оқыту әдістемесін жоспарлау;
2. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;
3. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыс топтарында жұмыс істеу.

2-міндет: оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру

Білім:
1. Педагогика, психология негіздері, кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемесі;
2. Білім беру процесін ұйымдастыру бөлігіндегі білім беру ұйымының жергілікті актілері;
3. Білім алушыларды саралау технологиялары және олардың айырмашылықтары;
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру;
2. Адамгершілік, әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар өткізу;
3. Оқу зертханалары мен шеберханаларының материалдық-техникалық кешеніне күнделікті қызмет көрсету;
4. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, оқытудың заманауи технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
5. Ата-аналармен, кәсіби қоғамдастықпен және қоғаммен өзара әрекеттесу;
6. Топта өндірістік оқытуды, кәсіптік практика мен тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
7. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді басқару.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1-міндет: білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім:
1. WorldSkills (Ворлдскилс) стандарттары (бар болса);
2. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары;
3. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу қағидалары, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген).

Білік пен дағдылар:
1. Бағалау құралдарын әзірлеу;
2. Оқу жетістіктерінің мониторингін жүзеге асыру;
3. Оқыту нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау;
4. Оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кәсіби қызметі
3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет: Өндірістегі тағылымдама, біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау

Білім:
1. Педагогтер мен оларға теңестірілген адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген);
2. Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі ережелері.

Білік пен дағдылары:
1. Жеке даму траекториясын жоспарлау;
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды және өзін-өзі жетілдіруді жүзеге асыру;
3. Өз тәжірибесін қорытындылау.

2-міндет: өндірістік оқыту бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім:
1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар;
2. Өндірістің заманауи технологиялары;
3. Оқулықтарды, оқу- әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері;
4. Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері.

Білік пен дағдылары:
1. Шынайы және өзекті ақпаратты таңдау;
2. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау;
3. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;
4. Оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

3-міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісінің дамуын жоспарлау

Білім:
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар;
2. Ынтымақтастық педагогикасы.

Білік пен дағдылары:
1. Кеңес беру және тәлімгерлікті жүзеге асыру;
2. Жас өндірістік оқыту шеберінің құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсер ету;
3. Жас өндірістік оқыту шебері дамуының жеке траекториясын анықтау.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайын болу, кәсіби бедел, эмоционалды тепе-теңдік, жауапкершілік, орындаушылық, көшбасшылық қасиеттер, бастамаларды қалыптастыру және ілгерілету қабілеті.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2331-001

Колледж педагогтері

2331

Өндірістік оқыту шебері - 5 деңгей

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс



Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
Қолданбалы бакалавриат:
01140500 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
Колледжде оқыту мамандығына сәйкес келетін кез келген жоғары білім

Біліктіліктер: 4S01140801 Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар бойынша);
4S01140802 Өндірістік оқыту шебері, техник-технолог (барлық атаулар бойынша).
5АВ01140501 Кәсіптік оқытудың қолданбалы бакалавры

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
7-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Қосымша білім беру педагогы"

Код

2373

Топ коды

2373 – 9

Мамандық

Педагог

Мамандықтың басқа атаулары:

Қосымша білім беру педагогы (білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелердің педагогы)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

Қызметтің негізгі мақсаты

Білім алушыларда қосымша білім берудің таңдалған түрі мен бағыты саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру;

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу;

3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

Кәсіби қызметі
1.Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру

1-міндет:
оқу-тәрбие процесін жоспарлау

Білім:
1. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұны;
2. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер;
3. Педагогика және психология негіздері, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері.

Білік пен дағдылары:
1. Білім беру бағдарламалары мен жоспарларын жасау;
2. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жоспарлау.

2-міндет:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

Білім:
1. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер;
2. Психодидактика, көпмәдениетті және инклюзивті білім беру негіздері;
3. Жас ерекшелік және жеке даму заңдылықтары.

Білік пен дағдылары:
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру;
2. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
3. Білім алушылардың қауіпсіздігі мен тұлғалық саулығын қамтамасыз ету;
4. Оқуға деген ынтаны қалыптастыру;
5. Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын қолдану;
6. Кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану;
7. Ата-аналармен, кәсіби қоғамдастықпен және қоғаммен ынтымақтасу;
8. Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
9. Педагогикалық қызметті адамгершілік, әдеп және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру;
10. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді бағалау.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1-міндет:
білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім:
1. Білім беру бағдарламаларын игеру процесінде білім алушылардың даярлығы мен уәждемесінің динамикасын айқындау құралдары (тәсілдері);
2. Сынақтан өткізілген бағалау құралдарын және/немесе оларды әзірлеу алгоритмін іріктеу әдістері; 3. Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау технологиялары.

Білік пен дағдылары:
1. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтау;
2. Мониторинг деректерін түсіндіру;
3.Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану.

Кәсіби қызметі
3.Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оқу-әдістемелік материалдарын дайындау

Білім:
1. Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарын жобалау және әзірлеу негіздері;
2. Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарының сапасын бағалау критерийлері.

Білік пен дағдылары:
1. Шынайы және өзекті ақпаратты таңдау;
2. Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

2-міндет:
біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім:
1. Біліктілікті арттыруды/кәсіптік қайта даярлауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
2. Бейіндік сала, педагогика және психология негіздері, оқыту әдістемесі.
Білік пен дағдылары:
1.Жеке даму траекториясын жоспарлау;
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру.

3-міндет:
Озық педагогикалық тәжірибелерді жариялау

Білім:
1. Тәжірибені тарату, зерттеу, айқындаудың алгоритмі, формасы және әдістері.
2. Озық тәжірибелерді жариялау және тарату әдістемесі.

Білік пен дағдылары:
1. Озық педагогикалық тәжірибенің бағыттарын таңдау;
2. Жеке тәжірибені жариялау.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайын болу, сыни тұрғыдан ойлау, кәсіби бедел, көшбасшылық қасиеттер, бастамаларды қалыптастыру және ілгерілету қабілеті.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2374

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер

2375

Мамандар – қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандары

2350

Мектеп педагогі

231

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

233

Колледждердің және басқа да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

Мамандығы:
01130200 Қосымша білім беру
6B 01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктілік:
4S01130201 Қосымша білім беру педагогы (бағыттар бойынша)
4S01130202 Педагог-ұйымдастырушы
4S01130203 Білім беру ұйымының кеңесшісі

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
8-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Арнайы білім беру саласындағы педагог"

Код:

237

Топ коды:

2374

Мамандық:

Арнайы білім беру саласындағы педагог

Мамандықтың басқа мүмкін атаулары:

Олигофренопедагог, педагог-дефектолог, дефектолог, педагог-логопед, логопед, ерте дамыған оқушылардың педагогі, сурдопедагог, тифлопедагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

Қызметтің негізгі мақсаты

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу, түзету және дамыту, әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу.

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызмет

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларының ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

1.Жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту
бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, жеке, кіші топтық/топтық сабақтар өткізеді.

2.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша мамандарға, тұлғалардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне кеңес береді.

3.Әдістемелік қызметті жүзеге асырады.

Қосымша кәсіби қызметі

1. Өз және әріптестерінің тәжірибесіне кері байланыс жасайды;
2. Өзін-өзі дамыту сапасын басқарады.

Кәсіби қызмет
1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларының ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

1-міндет:
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және психофизикалық дамудың диагностикасы

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
2. Жас ерекшелік физиологиясының, жас ерекшелік және жалпы психологияның, арнайы педагогика мен психологияның, психодиагностиканың теориялық негіздері;
3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшеліктері мен дамуының негізгі заңдылықтары, клиникалық-психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері; психологиялық-педагогикалық диагностиканың негіздері, даму ерекшеліктері, даму кезеңдері мен дағдарыстары;
4. Балалардың психоәлеуметтік даму проблемаларын кешенді бағалаудың әдіснамалық негіздері, жұмыс істеудің халықаралық жіктелуі, денсаулық және тіршілік әрекет шектеулері.

Білік пен дағдылары:
1.1. Баланың даму тарихын нақтылау үшін медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнез туралы мәліметтер жинауды орындау;
2.2. Сенсорлық, моторлық, ақыл-ой және сөйлеу дамуының деңгейлері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ балалар жасына тән әрекеттерді (пәндік, ойын, мектептік) анықтау;
3.3. Баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін бағалау, саналы стратегияны, әртүрлі тактиканы, жұмыс істеу әдістерін таңдау;
4.Баланың ерекшеліктері, күшті жақтары мен даму проблемалары туралы ата-аналардың пікірлері мен көзқарастарын айқындайды, отбасының сұранысын нақтылау;
5.5. Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау және бағалау кезінде пәнаралық командалық тәсілді ұйымдастыру;
6.6. Балалардың психоәлеуметтік даму проблемаларын бағалау үшін жұмыс істеудің, өмір мен денсаулықтың шектеулерінің халықаралық классификациясын қолдану;
7.7. Зерттеу нәтижелерін жариялау, психологиялық-педагогикалық қорытынды жасау;
8. 8. Пәнаралық топтық бағалау және отбасына көмек көрсету бағдарламасы негізінде жеке даму бағдарламасын жоспарлау және құру;
9.Қауіпсіз арнайы пәндік-дамыту ортасын құру.

2-міндет: топтық бағалауды ұйымдастыру

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
2. Жас ерекшелік физиологиясының, жас ерекшелік және жалпы психологияның, арнайы педагогика мен психологияның, психодиагностиканың, мамандар тобының пәнаралық жұмысының теориялық негіздері;
3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшеліктері мен дамуының негізгі заңдылықтары, клиникалық-психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері; психологиялық-педагогикалық диагностиканың негіздері, даму ерекшеліктері, даму кезеңдері мен дағдарыстары;
4. Балалардың психоәлеуметтік даму проблемаларын кешенді бағалаудың әдіснамалық негіздері, жұмыс істеудің халықаралық жіктелуі, денсаулық және тіршілік әрекет шектеулері, балалардың психоәлеуметтік даму проблемаларын кешенді бағалауды жүргізу технологиясы.

Білік пен дағдылары:
1. Балалармен ата-анасының және басқа отбасы мүшелерінің қатысуымен таныстыру-диагностикалық сабақтар өткізу;
2. Сабақтарды өткізу және баланы тексеру үшін жағдай жасау;
3. Диагностикалық құралдарды, түзету - дамыту ойыншықтарын және дидактикалық материалдарды таңдап, оларды қолдану;
4. Ата-аналармен ынтымақтасу;
5. Оқу-тәрбие және түзету-дамыту процесіне қатысатын ұйым мамандарымен (педагог, тәрбиеші, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші, психолог, арнайы педагог, медицина қызметкері және т. б.) өзара іс-әрекет жасау.

Кәсіби қызмет
2. Жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту
бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, жеке, кіші топтық/топтық сабақтар өткізеді.

1-міндет:
жеке оқу, жеке дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
2. Жас ерекшелік физиологиясының, жас ерекшелік және жалпы психологияның, арнайы педагогика мен психологияның, психодиагностиканың, мамандар тобының пәнаралық жұмысының теориялық негіздері, түзету-дамытушылық және оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері, түзету-дамытушылық оқытудың мазмұны, оқу-тәрбие процесі, түзету-дамытушылық оқыту әдістемесі;
3. Жас ерекшелігінің дамуының негізгі заңдылықтары, мүмкіндігі шектеулі балалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері; психологиялық-педагогикалық диагностиканың негіздері, мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктері, даму кезеңдері мен дағдарыстары;
4. Балалардың психоәлеуметтік даму проблемаларын кешенді бағалаудың әдіснамалық негіздері, жұмыс істеудің халықаралық жіктелуі, денсаулық және тіршілік әрекет шектеулері, балалардың психоәлеуметтік даму проблемаларын кешенді бағалауды жүргізу технологиясы;
5.Психологиялық-педагогикалық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытудың инновациялық әдістері, арнайы оқыту әдістемелері, заманауи арнайы педагогикалық технологиялардың түрлері мен әдістері.

Білік пен дағдылары:
1. Пәнаралық топтық бағалау мамандарының нәтижелері мен ұсынымдары негізінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу бағдарламаларын әзірлеу;
2. Пәнаралық негізде мамандардың қатысуымен отбасыларға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу;
3. Баланың заңды өкілдерімен (ата-аналар, қамқоршылар) өзара әрекеттесу;
4. Оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
5.Заманауи психологиялық-педагогикалық технологияларды, ғылыми негізделген қолдау бағдарламаларын әзірлеу және қолдану;
6. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда мамандардың (психолог, логопед, дефектолог және басқа әріптестері) ұсыныстарына сүйену;
7. Ерекше білім беру қажеттіліктерін тексеру және бағалау нәтижелері негізінде баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беру;
8. Цифрлық сауаттылықты меңгеру.

2-міндет:
жеке, кіші топтық/ топтық сабақтар өткізу

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
2. Жас ерекшелік физиологиясының, жас ерекшелік және жалпы психологияның, арнайы педагогика мен психологияның, психодиагностиканың, мамандар тобының пәнаралық жұмысының теориялық негіздері;
3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелік дамуының негізгі заңдылықтары, клиникалық-психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері; психологиялық-педагогикалық диагностиканың негіздері, мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктері, даму кезеңдері мен дағдарыстары;
4.Психологиялық-педагогикалық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудың инновациялық әдістері, арнайы оқыту әдістемелері, қазіргі заманғы арнайы педагогикалық технологиялардың түрлері мен әдістері;
 5. Түзету-дамыту және оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері, түзету-дамыта оқыту мазмұны, оқу-тәрбие процесі, түзету-дамыта оқыту әдістемесі; пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері.

Білік пен дағдылары:
1. Баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру;
2. Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес технологияларды, оқыту/тәрбиелеу бағдарламаларын және бағалау стратегияларын таңдау;
3. Сабақ жоспарын құру;
4. Қауіпсіз арнайы пәндік-дамыту ортасын құру және оны тиімді пайдалану;
5. Баланың оқу-тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге ұмтылуына ықпал ету және оларды қолдау;
6. Әріптестердің, балалардың және ата-аналардың/заңды өкілдердің кері байланысын ескеру;
7. Баланың оқу ортасына тарту үшін оқу, түзету-дамыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын көрсету;
8. Жұмыс барысында туындайтын объективті өзгерістерге қарамастан, сабақтың мақсатына жету.

Кәсіби қызмет
3.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша мамандарға, балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне кеңес береді.

1-міндет:
мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен тиісті мамандарына кеңес беру

Білім:
1. Психологиялық кеңес беру негіздері;
2. Педагогикалық этика ережелері "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген);
3. Қызметкерлер ұжымында жұмыс істеу принциптері мен әдістері;
4. Балалардың ата-аналарымен жұмыс әдістемесі;
5. Әлеуметтену, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік ортаның сипаттамалары;
6.Дағдарыс жағдайларының психологиясы;
7. Психологиялық тренингті ұйымдастыру және өткізу негіздері (әдіснамасы, жүргізілуі, нәтижелері, салдары);
8. Халықтың ұлттық, этномәдени және конфессиялық ерекшеліктері мен ұлттық дәстүрлері.

Білік пен дағдылары:
1. Ақпаратпен, желілік ресурстармен, ақпараттық жүйелермен және бағдарламалармен жұмыс істеудің заманауи технологияларын меңгеру.
2. Баланы дамыту мақсатында психологиялық-педагогикалық білімді қолдану мен пайдалануда әріптестер мен ата-аналардың тұрақты қажеттілігін қалыптастыру.
3.Әріптестер мен балалардың ата-аналарын есту және тыңдау.
4. Кәсіби қызметтің мақсаттарын өз бетінше анықтау.
5.Педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың принциптері мен әдістері негізінде ұжымда, ата-аналармен достық қарым-қатынас құру.

Кәсіби қызмет
4. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1-міндет:
түзету-дамыту бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім:
1. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері, білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері, компьютерлік сауаттылық,
2. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;
3. Білім беру, түзету және дамыту бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері;
4. Бағдарламалар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар.

Білік пен дағдылары:
1. Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету-дамыту жұмысының технологияларын, бағдарламаларын зерделеу, талдау, жүйелеу;
2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың заманауи технологияларын зерттеу, жариялау және рецензиялау;
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түзету-дамыту бағдарламаларын, әдістемелерін дайындау;
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістемелерін қолдану бойынша шығармашылық іздену;
5.Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгеру;
6. Көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

2-міндет: біліктілікті арттыру және/немесе қайта даярлау

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер.

Білік пен дағдылары:
1. Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету-дамыту жұмысының технологияларын, бағдарламаларын зерделеу, талдау, жүйелеу;
2. Өз тәжірибесі мен әріптестер тәжірибесін жариялау;
4.Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгеру;
5.Сабақты зерттеу мен бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын қолдану.


3-міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру

Білім:
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
2. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар;
3. Ынтымақтастық педагогикасының негіздері.

Білік пен дағдылары:
1. Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету-дамыту жұмысының технологияларын, бағдарламаларын зерделеу, талдау, жүйелеу;
2. Өз тәжірибесі мен әріптестер тәжірибесін жариялау;
3. Сабақты зерттеу мен бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын қолдану;
4. Тәлімгерлікпен айналысу және жүзеге асыру;
5. Кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
6. Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегияларын айқындау;
7.Компьютерлік сауаттылықты меңгеру.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, кәсіби бедел, кәсіби қырағылық, байқағыштық, эмоционалды тұрақтылық.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

236

Жалпы және арнайы білім беру саласындағы мамандар, медицина қызметкерлері, педагог-психологтар

Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

Мамандығы:
6B01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктілік:
6В019 Арнайы педагогика

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
9-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Педагог-психолог"

Код:

2634

Топ коды:

2634-1

Мамандық:

Педагог-психолог

Мамандықтың басқа мүмкін атаулары:

Білім беру ұйымының психологы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

Қызметтің негізгі мақсаты:

Білім беру процесіне қатысушылардың қиындықтарын айқындау және диагностикалау, білім беру және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет кезінде психологиялық көмекті сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жүргізу

2. Білім беру процесі қатысушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

3. Білім беру ортасын құру жағдайында психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізу;

4. Білім беру қызметінің дамытушылық және түзету бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеуде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

Қосымша кәсіби қызметі

Оқу-тәрбие іс-шараларын іске асыруға қатысу

Кәсіби қызметі
1. Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жүргізу

Міндет: білім алушылардың оқу-танымдық қызметін жүзеге асырудағы білім беру қиындықтарын анықтау

Білім:
1. Білім алушының қабілеттерін психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістері мен әдістемесі;
2. Білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудегі қиындықтар анықталған жағдайда био-психо-әлеуметтік себептер;
3. Диагностика нәтижелерін интерпретациялау әдістері.

Білік пен дағдылары:
1. Ұсынылған диагностиканың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
2. Білім алушылардың жағдайында психологиялық бақылау дағдыларын қолдану;
3. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностика жүргізудің рұқсат етілген әдістері мен әдістемелерін ажырату;
4. Жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін (дерек көздерін) ажырата білу;
5. Диагностика нәтижелерін өңдеу және талдау;
6. Психологиялық қорытынды жасау және қажет болған жағдайда білім алушылардың жалпы жағдайын жариялау;
7. Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған ұсыныстар әзірлеу;
8. Білім алушылардың оқу-әдістемелік қызметін орындаудағы кедергілерді жою үшін ұсынымдарды іске асыру.

Кәсіби қызметі
2. Білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету

1-міндет: психологиялық көмек көрсету үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету

Білім:
1. Кеңес беру тәжірибесін жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық қағидалары, нысандары мен әдістері;
2. Білім алушының жеке басының дамуы мен қалыптасуының жас ерекшеліктері мен дағдарыстық кезеңдері;
3. Баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Білік пен дағдылары:
1. Білім алушыларға қажетті психологиялық қолдау көрсету;
2. Психологиялық көмек көрсетудің этикасы мен қағидаттарын сақтау;
3. Білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
4. Білім беру процесі кезеңінде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасының талаптарын сақтау.

2-міндет: психологиялық-педагогикалық ағарту мен алдын-алу жұмыстарын қамтамасыз ету

Білім:
1. Кәмелетке толмағандар мен білім беру процесіне қатысушылардың әртүрлі деструктивті мінез-құлқының тәуекелдерін төмендету тәсілдері;
2. Білім алушыларды табысты оқытуға, дамытуға және тәрбиелеуге кері әсер ететін био-психо-әлеуметтік себептер мен факторлар.

Білік пен дағдылары:
1.Әлеуметтену, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық білім беруді жүзеге асыру;
2.Әлеуметтік дезадаптацияның пайда болуын алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.


3-міндет: психологиялық-педагогикалық өзара іс-әрекетті жоспарлау және қамтамасыз ету процесінде сұраныс бойынша білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Білім:
1. Педагогикалық, жас ерекшелік және арнайы психологияның негіздері, теориясы, принциптері, әдістемесі мен мазмұны;
2. Дамыту, оқыту және әлеуметтену процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын құру;
3. Білім алушыны жеке сүйемелдеу бағдарламасын жасау үшін жүргізілетін психологиялық бақылауды талдау;
4. Білім алушыларды тиімді сүйемелдеу мақсатында тәжірибелік кейстермен қамтамасыз ету;
5. Психологиялық диагностика нәтижелерін статистикалық және математикалық өңдеу әдістері;
6. Білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін алынған диагностика нәтижелерінің негіздемелерін психологиялық-педагогикалық интерпретациялау және рәсімдеу талаптары;
7. Білім беру жүйесіне және психологиялық-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қатысты нормативтік-құқықтық актілер.

Білік пен дағдылары:
1. Туындаған қиындықтарды ескере отырып, білім алушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін психологиялық-педагогикалық бағалау;
2.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу уәждемесінің деңгейін анықтау;
3. Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке портфолиосын дайындау және жасақтау;
4.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттеріне кешенді диагностика жүргізу;
5. Білім алушының оқуда немесе дамытуда кедергілерді жоюға бағытталған жеке қолдау бағдарламаларын жасау;
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағыттау процесінде әдістемелік-диагностикалық және дамытушы құралдарын қолдану;
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке білім беру кеңістігін құру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге кәсіби психологиялық-педагогикалық қызығушылық таныту.

Кәсіби қызметі
3. Білім беру ортасын құру жағдайында психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізу

1-міндет: білім беру ортасының проблемалары мен артықшылықтарын анықтау

Білім:
1. Білім беру ортасының жайлылығы мен психологиялық қауіпсіздігін бағалау әдістері;
2. Білім беру ұйымындағы білім беру ортасының тиімділік критерийлері;
3.Деструктивті қоғамдастықтардың критерийлері мен формалары;
4. Білім беру процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәжірибесіндегі педагогикалық және жас ерекшелік психологиясының ғылыми-әдістемелік принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Білім беру қызметінің әдістері мен құралдарын пайдаланудағы тиімділікке психологиялық-педагогикалық мониторинг және талдау жүргізу;
2.Психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және білім беру ортасын құру жағдайының сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымының педагогтерін хабардар ету;
3. Білім беру ортасының сапасы мен мазмұны туралы сараптамалық қорытынды жасау.

Кәсіби қызметі
4. Білім беру қызметінде дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауда оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету

1-міндет: білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету

Білім:
1. Педагогикалық, жас ерекшелік, жалпы, арнайы, отбасылық психология, даму және тұлға психологиясы, кеңес беру психологиясы, патопсихология негіздері;
2. Білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
2. Білім беру ұйымында және одан тыс жерлерде ғылыми-әдістемелік іс-шараларды дайындау, өткізу және оған қатысу;
3. Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыру;
4. Білім беру ортасының қалыптастыру және білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру үшін әдістемелік материал ұйымдастыру.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Педагогикалық интуиция, байқағыштық, қарым-қатынас орната білу, эмоционалдық тепе-теңдік, стресске төзімділік, толеранттылық, кәсіби түсінік, кәсібилік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, оптимистік болжау.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері

2374

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер

2375

Қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандары

2350

Мектеп педагогтері

231

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
6B01 Педагогикалық ғылымдар

Біліктілік:
6B011 Педагогика және психология

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Педагог-психолог"

Код:

2634

Топ коды:

2634-1

Мамандық:

Педагог - психолог

Мамандықтың басқа мүмкін атаулары:

Білім беру ұйымының психологы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

7

Қызметтің негізгі мақсаты:

Білім беру процесіне қатысушылардың қиындықтарын анықтау және диагностикалау, білім беру және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет кезінде психологиялық көмекті сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

8.Кәсіби қызметі

Негізгі кәсіби қызметі

1. Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жүргізу

2. Білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

3. Білім беру ортасының жағдайында психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізу;

4. Білім беру қызметінің дамытушылық және түзету бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеуде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

5. Психологиялық-педагогикалық көмектің қолданбалы ғылыми-практикалық технологияларын құру.

Қосымша кәсіби қызметі

Оқу-тәрбие іс-шараларын іске асыруға қатысу

Кәсіби қызметі
1. Психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жүргізу

Міндет: білім алушылардың оқу-танымдық қызметін жүзеге асырудағы білім беру қиындықтарын анықтау

Білім:
1. Білім алушының қабілеттерін психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістері мен әдістемесі;
2. Білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудегі кедергілер анықталған кездегі био-психо-әлеуметтік себептер;
3. Диагностикалық нәтижелерді интерпретациялар тәсілдері.

Білік пен дағдылары:
1. Ұсынылған диагностиканың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
2. Білім алушылардың жай-күйін психологиялық бақылау дағдыларын қолдану;
3. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностика жүргізудің тиімді әдістері мен әдістемелерін ажырату;
4. Жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін (дерек көздерін) ажырата білу;
5. Алынған диагностикалық нәтижелерді өңдеу және талдау;
6. Психологиялық қорытынды жасау және қажет болған жағдайда білім алушылардың жалпы жағдайын жариялау;
7. Ата-аналар мен педагогтерге арналған ұсыныстар әзірлеу;
8. Білім алушылардың оқу-әдістемелік қызметін орындаудағы қиындықтарды жеңу үшін ұсынымдарды іске асыру.

Кәсіби қызметі
2. Білім беру процесі қатысушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету

1-міндет: психологиялық көмек көрсету үшін қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету

Білім:
1. Кеңес беру тәжірибесін жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық қағидалары, нысандары мен әдістері;
2. Білім алушының жеке басының дамуы мен қалыптасуының жас ерекшеліктері мен дағдарыстық кезеңдері;
3. Баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Білік пен дағдылары:
1.Білім алушыларға қажетті психологиялық қолдау көрсету;
2. Психологиялық көмек көрсетудің этикасы мен қағидаттарын сақтау;
3. Білім беру процесіне қатысушыларды қолайлы оқу ортасын уақытылы құру және қолдау қажеттілігі жөнінде психологиялық-педагогикалық хабардар етуді қамтамасыз ету;
4. Білім беру процесі кезеңінде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасының талаптарын сақтау.

2-міндет: психологиялық-педагогикалық ағарту мен алдын-алу жұмыстарын қамтамасыз ету

Білім:
1. Кәмелетке толмағандар мен білім беру процесіне қатысушылардың әртүрлі деструктивті мінез-құлқының тәуекелдерін азайту тәсілдері;
2. Білім алушыларды табысты оқытуға, дамытуға және тәрбиелеуге теріс әсер ететін био-психо-әлеуметтік себептер мен факторлар.

Білік пен дағдылары:
1.Әлеуметтену, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық білім беруді жүзеге асыру;
2.Әлеуметтік бейімделе алмаудың пайда болуын алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

3-міндет: психологиялық-педагогикалық өзара іс-әрекетті жоспарлау және қамтамасыз ету процесінде сұраныс бойынша білім алушыларды психологиялық-педагогикалық бағытталуын қамтамасыз ету

Білім:
1. Педагогикалық, жас ерекшелік
және арнайы психологияның негіздері, теориясы, принциптері, әдістемесі мен мазмұны;
2.Дамыту, оқыту және әлеуметтену процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын құру;
3. Білім алушыны жеке сүйемелдеу бағдарламасын жасау үшін жүргізілетін психологиялық бақылауды талдау;
4. Білім алушыларды тиімді сүйемелдеу мақсатында тәжірибелік кейстермен қамтамасыз ету;
5. Психологиялық диагностика нәтижелерін статистикалық және математикалық өңдеу әдістері;
6. Білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін алынған диагностика нәтижелерінің негіздемелерін психологиялық-педагогикалық интерпретациялау және рәсімдеу талаптары;
7. Білім беру жүйесіне және психологиялық-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қатысты нормативтік-құқықтық актілер.

Білік пен дағдылары:
1. Туындаған қиындықтарды ескере отырып, білім алушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін психологиялық-педагогикалық бағалау;
2.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу уәждемесінің деңгейін анықтау;
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушінің жеке портфолиосын дайындау және жасақтау;
4.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттеріне кешенді диагностика жүргізу.
5. Білім алушының оқуда немесе дамытуда кедергілерді жоюға бағытталған жеке қолдау бағдарламаларын жасау;
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағыттау процесінде әдістемелік диагностикалық және дамытушы құралдарды қолдану;
7.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке білім беру кеңістігін құру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге кәсіби психологиялық-педагогикалық қызығушылық таныту.

Кәсіби қызметі
3. Білім беру ортасын құру жағдайында психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізу

1-міндет: білім беру ортасының проблемалары мен артықшылықтарын анықтау

Білім:
1. Білім беру ортасының жайлылығы мен психологиялық қауіпсіздігін бағалау әдістері.
2. Білім беру ұйымындағы білім беру ортасының тиімділік критерийлері;
3. Деструктивті қоғамдастықтардың критерийлері мен формалары;
4. Білім беру процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәжірибесіндегі педагогикалық және ерекшелік психологиясының ғылыми-әдістемелік принциптері.

Білік пен дағдылары:
1. Білім беру қызметінің әдістері мен құралдарын пайдаланудағы тиімділікке психологиялық-педагогикалық мониторинг және талдау жүргізу;
2. Білім беру бағдарламаларына психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу;
3.Психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және білім беру ортасын құру жағдайының сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымының педагогтерін хабардар ету;
4. Білім беру ортасының сапасы мен мазмұны туралы сараптамалық қорытынды жасау.

Кәсіби қызметі
4. Білім беру қызметінде дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауда оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету

1-міндет: білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету

Білім:
1. Педагогикалық, жас ерекшелік, жалпы, арнайы, отбасылық психология, даму және тұлға психологиясы, кеңес беру психологиясы, патопсихология негіздері;
2. Білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік принциптері.

Білік пен дағдылары:
1.Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
2. Білім беру ұйымында және одан тыс жерлерде ғылыми-әдістемелік іс-шараларды дайындау, өткізу және оған қатысу;
3. Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттерін арттыру;
4. Білім беру ортасының қалыптастыру және білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру үшін әдістемелік материал ұйымдастыру.

Кәсіби қызметі
5. Психологиялық-педагогикалық көмектің қолданбалы ғылыми-практикалық технологияларын құру;

1-міндет: ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүргізу

Білім:
1. Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу әдістері мен технологиялары;

Білік пен дағдылары:
1. Ғылыми-зерттеу іс-шараларын жүргізу үшін білім беру міндеттерін өздігінен айқындау;
2. Қажетті зерттеу әдістемесін таңдау;
3. Тиімді көмек көрсету ыңғайына қарай стратегиялық шешім қабылдау.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Тәжірибеге бағытталған қарым-қатынас стилі; педагогикалық интуиция, байқағыштық, қарым-қатынас орната білу, кәсіби тепе-теңдік, стресске төзімділік, толеранттылық, кәсіби түсінік, кәсібилік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, оптимистік болжау.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері

2374

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер

2375

Қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандары

2360

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілер

2350

Мектеп педагогтері

2379

Әлеуметтік педагог

231

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

БТБА, БА немесе басқа мамандық анықтамалықтарымен байланыс

-


Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандық:
6B01 Педагогикалық ғылымдар
Педагог-психолог мамандығына сәйкес келетін жоғары білім

Біліктілік:
6B011 Педагогика және психология

  "Педагог" кәсіптік
стандартына
10-қосымша

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: "Әлеуметтік педагог"

Код:

2379

Топ коды:

2379-9-007

Мамандық:

Әлеуметтік педагог

Мамандықтың басқа атаулары:

Мектептің әлеуметтік педагогы / жалпы білім берудің әлеуметтік педагогі

СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

6

Қызметтің негізгі мақсаты

Білім алушыларды тәрбиелеуді, бейімдеуді және әлеуметтендіруді әлеуметтік-педагогикалық, ақпараттық және құқықтық қолдауды қамтамасыз ету

Кәсіби қызмет

Негізгі кәсіби қызмет

1. Білім алушыларды бейімдеуге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

2. Білім алушыларды әлеуметтендіруге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

3. Материалдық көмек көрсету жағдайларын қамтамасыз ету

Қосымша кәсіби қызмет

Оқу-тәрбие іс-шараларын іске асыруға қатысу

Кәсіби қызметі
1. Білім алушылардың әлеуметтік-педагогикалық бейімделуіне
көмек көрсетуге

1-міндет: бейімделу, оқыту және тәрбиелеу процесінде әлеуметтік қажеттіліктер мен қиындықтарды анықтау

Білім:
1. Бейімделу мен тәрбиелеудегі кедергілердіды анықтау әдістері;
2. Бейімделу, оқыту және тәрбиелеу дегі кедергілерді жоюда әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету әдістері;
3. Ата-аналармен, ювеналды полиция инспекторларымен, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиямен, мүдделі органдар және ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-әрекет нысандары мен әдістері;
4. Бала құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары;
5. Кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайының жас ерекшеліктері мен дағдарыстық кезеңдері;
6. Кәмелетке толмағандардың девиантты, деструктивті және теріс мінез-құлқының негізгі көріністері;
7. Ата-аналар мен заңды өкілдердің деструктивті мінез-құлқы нысандары.

Білік пен дағдылары:
1. Бейімделудегі қиындықтарды анықтаудың әдістері мен формалары туралы хабардар болу;
2.Әлеуметтік отбасылық-тұрмыстық проблемалар мен өмір сүру жағдайларын уақтылы анықтап, бақылауды қамтамасыз ету;
3. Бейімделудің, оқытудың, тәрбиенің әртүрлі кедергілері туралы әкімшілікті уақтылы хабардар ету;
4. Білім алушылардың құқықтарын бұзудың әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-желілік, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нысандары туралы түсініктерге ие болу;
5. Баланың құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері жөнінде құзыреттерге ие болу.

Кәсіби қызметі
2. Білім алушыларды әлеуметтендіруге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

1-міндет:
білім алушылардың табысты әлеуметтенуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету

Білім:
1.Білім беру жүйесіндегі кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру процесінің мақсаттары мен міндеттері;
2.Білім алушылардың әлеуметтік-мәдени тәжірибесін кеңейтуінің шарттары;
3. Дене дамуының, зияткерлік және рухани-адамгершілік құндылықтары;
4. Әлеуметтік жобаларды, бастамаларды, шығармашылық әлеуетті, қабілеттілікті және жеке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қалыптастыру, дамыту жөніндегі ұйымдар;
5. Балалардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік-құқықтық қорғауды шешудегі құзыреттер;
6. Отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешудегі құзыреттер;
7. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету;
8. Ақпараттық өрістің, әлеуметтік желілердің тенденциялары, олардың білім алушыларды оқытуға, дамытуға және әлеуметтендіруге әсері.



Білік пен дағдылары:
1. Өмірлік қиын жағдайда білім алушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету әдістерін меңгеру;
2.Білім алушылардың әлеуметтік микроортасына мониторинг жүргізу;
3.Білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру жағдайларына; проблемаларға, қажеттіліктерге, әлеуметтік тәуекелдерге талдау жүргізу;
4.Өмірге, денсаулыққа, оқуға және әлеуметтенуге қауіпті тәуекелдерді анықтау;
5. Білім алушыларды әлеуметтік және білім беру қиындықтарында қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды әзірлеу;
6. Әлеуметтік құзыреттілікті, әлеуметтік шындық туралы білімді, әлеуметтік мәселелерді шешу тәсілдерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға жәрдемдесу;
7. Мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың балалар мен жасөспірімдер қылмыстарының және басқа да әлеуметтік ауытқулардың алдын алу;
8. Білім алушыларға, олардың ата-аналары мен педагогтарына жеке консультациялық әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
9. Білім алушылардың өзекті әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, білім алушылардың бос уақытын және шығармашылық іс-шараларын игеруіне бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруда құзыреттілікке ие болу

Кәсіби қызметі
3. Материалдық көмек көрсету жағдайларын қамтамасыз ету

1-міндет:
білім беру ұйымдары білім алушыларының әлеуметтік проблемаларын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету

Білім:
1. Қызмет бағытына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
2. Әлеуметтік қиындықтары бар балаларды материалдық және қаржылық қамтамасыз етудің атқарушы тетігі мен институты;
3. Білім алушыларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезеңіндегі материалдық жағдайларды жақсарту жолдары мен мүмкіндіктері.

Білік пен дағдылары:
1. Қамқоршылықты тағайындау, жұмысқа орналастыру, патронат бойынша шараларды іске асыру;
2. Қорғаншылық пен қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмағандарды заңды тұрғыда қамтамасыз ету;
3. Білім алушылардың отбасымен өзара іс-әрекетті орындау;
4. Білім алушылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде кеңес беру;
5. Отбасылық орталықтар мен жұмыспен қамту орталықтары; әлеуметтік әріптестік мекемелер және жеке тұлғаны әлеуметтендіру институттарының өзара ынтымақтастығы;
6. Қайырымдылық көмекті өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Педагогикалық жауапкершілік, эмоционалды және әлеуметтік интеллект, азаматтық ұстаным, қарым-қатынас орната білу, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, түсіну, кәсібилік, өзін-өзі дамытуға дайындық, кәсіби қырағылық, педагогикалық әдістерді меңгеру, нормативтік-құқықтық сауаттылық, оперативтілік, даулы, қиын жағдайда шешім таба білу.

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

2373

Қосымша білім беру педагогтері


2374

Арнайы білім беру саласындағы педагогтер


2360

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілер


2350

Мектеп педагогтері


231

Университеттердің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы


2634

Педагог-психолог

Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы:
6В03 Әлеуметтік ғылымдар
Біліктілік:
5В012300
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану