"Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақст

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 113 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31145 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін және жүзеге асыру талаптарын айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Шағын және орта бизнес үшін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібі

      31-1. Провизиялар (резервтер) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және шағын және орта бизнес үшін халықаралық қаржылық есептілік стандартының талаптарына сәйкес құрылады.

      31-2. Шағын және орта бизнес үшін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру тәртібі Әдістеме негізінде Қағидаларда айқындалады.

      31-3. Берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша провизиялар (резервтер) мынадай тәртіппен құрылады:

      1) берілген микрокредиттер бойынша активтер біртекті және жеке болып сыныпталады;

      2) берілген микрокредиттер бойынша жеке активтердің құнсыздануына бағалау жүргізіледі;

      3) Әдістемеде белгіленген құнсыздану белгілері анықталған, берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер бойынша:

      болашақ ақша ағындарының болжамдары анықталады. Берілген микрокредит бойынша актив бойынша қамтамасыз ету болған кезде, мұндай қамтамасыз ету құны болашақ ақша ағындарының болжамын арттырады;

      болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      PV - болашақ ақша ағындарының келтірілген құны;

      CF - болашақ ақша ағындарының болжамы;

      r - пайыздың тиімді мөлшерлемесі;

      t - жылдың реттік нөмірі, аталған жыл ішінде актив бойынша ақша ағыны болжанады;

      n - берілген микрокредит бойынша актив бойынша ақша ағындары болжанатын жылдар саны;

      провизиялардың (резервтердің) мөлшері провизиялардың (резервтердің) есебі жүзеге асырылатын күннің басында қалыптасқан берілген микрокредит бойынша активтің баланстық құны мен болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде айқындалады;

      пайыздың тиімді мөлшерлемесі ауыстыру әдісін, немесе Microsoft Office Excel "КІМ" (кірістіліктің ішкі мөлшерлемесі) автоматтандырылған функциясын, немесе басқа ұқсас автоматтандырылған функцияларды қолдану арқылы есептеледі;

      4) Әдістемеге сәйкес құнсыздану белгілері жоқ берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер және берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтер бойынша:

      Әдістемеде белгіленген кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтерді сыныптау кезінде берілген микрокредиттер бойынша активтердің сол бір клиентке қойылатын талаптар бойынша туындаған жағдайлары кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары ретінде қабылданбайды;

      провизиялар (резервтер) Әдістемеде белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.

      31-4. Берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) әрбір шартты міндеттеме бойынша мынадай тәртіппен құрылады:

      1) "Резервтер, шартты міндеттемелер мен активтер" 37 халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – 37 ХҚЕС) сәйкес шартты міндеттемені орындау ықтималдығы айқындалады;

      2) 37 ХҚЕС-ға сәйкес қолданыстағы міндеттемені реттеу үшін болжамды шығындар есептеледі;

      3) шағын және орта бизнес үшін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес шартты міндеттеменің әділ құны есептеледі;

      4) провизия (резерв) мөлшері 37 ХҚЕС-ға сәйкес есептелген болжамды шығындар сомасының және шағын және орта бизнес үшін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес есептелген әділ құнның ең көп мәні ретінде айқындалады.

      31-5. Қазақстан Республикасының корпоративтік табыс салығы бойынша салық заңнамасында белгіленген салық кезеңінің соңында жылына кемінде 1 (бір) рет жеке активтер және берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) сомасын айқындау нәтижелері бойынша мынадай тіркелімдер толтырылады:

      Қағидаларға 9-1-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшері жөніндегі ақпарат;

      Қағидаларға 9-1-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес нысан бойынша болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнының есебі;

      Қағидаларға 9-1-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша оның құнсыздануына байланысты провизиялар (резервтер) құрылған берілген микрокредит бойынша жеке актив және шартты міндеттеме жөніндегі деректер.

      Салық кезеңі ішінде тіркелімдер толтырылады, сақталады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқық берілген мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.

      31-6. Осы тарауға сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) есепті күнге есептелген мөлшерін микроқаржы ұйымы әрбір тоқсанның соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей микроқаржы ұйымының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінде көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Осы Қағидалардың 3-1-тарауының мақсаттары үшін Әдістемеде:

      1) микроқаржы ұйымының функционалдық міндеттерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының бизнес-процестерін сипаттай отырып, провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау процесіне қатысатын микроқаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;

      2) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелердің құнсыздану, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан қарыз алушыға келтірілген материалдық залалдың маңыздылығын айқындау белгілерінің нақты тізбесі;

      3) микроқаржы ұйымы белгілейтін активтерді, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді жеке активтерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге жатқызу өлшемшарттары және оларды айқындау және есептеуді белгілеу тәртібінің толық сипаттамасы;

      4) кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттамалары бойынша берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді топтастыру өлшемшарттары;

      5) қамтамасыз етуі бар, қамтамасыз етуі жоқ ұсынылған микрокредиттер бойынша біртекті және жеке активтер, шартты міндеттемелер бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындаудың егжей-тегжейлі ашып көрсететін тәртібі, оның ішінде болашақ есеп айырысу ақша ағындарының келтірілген құнын, қамтамасыз ету құнына өтімділік коэффициенттерін және кредиттік залалдарды есептеуге қатысатын басқа да құрамдас формулаларды есептеудің толығырақ тәртібі;

      6) шартты міндеттемелерге қатысты - осы Қағидалардың 31-4-тармағын қолдану тәртібі;

      7) провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есептеу кезеңділігі;

      8) кредиттік шығындарды бағалау кезінде пайдаланылатын статистикалық және макроэкономикалық ақпарат көздері, сондай-ақ провизияларды (резервтерді) есептеу кезінде пайдаланылатын статистикалық ақпаратты жинау тәртібі қамтылады.".

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 113 Қаулыға
қосымша
  Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
9-1-қосымша

1-кесте. Провизиялардың (резервтердің) мөлшерлері туралы ақпарат

Көрсеткіштер

Ақпарат

1

Есепті күн


2

Микрокредит беру туралы шарттың нөмірі және күні


2

Қарыз алушының атауы


3

Микрокредит беру туралы шарт қолданысының басталу күні


4

Микрокредит беру туралы шарттың қолданыс мерзімінің аяқталу күні


5

Шарттың валютасы


6

Ұсынылған микрокредит бойынша микрокредит беру туралы шартта көрсетілген актив сомасы (теңгемен)


      __________________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсынуға жауапты адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолы

      __________________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсынуға жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), қолы

2-кесте. Болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнын есептеу

Ақша ағындарының түсуінің болжамды түсу күні

Негізгі борышты өтеу

Пайыздық кірістерді өтеу

Жиынтығы

Қамтамасыз етуді өткізуден алынатын болжамды құны

Болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны

1

2

3

4

5

6

7

1







2













tn







      _________________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсынуға жауапты адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолы

      _________________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсынуға жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), қолы

3-кесте. Құнсыздануына байланысты ол бойынша провизиялар (резервтер) құрылған, берілген микрокредит бойынша жеке актив пен шартты міндеттеме бойынша деректер

р/н№ Күні Баланстық құн
Негізгі борыштың қалдығы Есеп-телген пайыздар берешегінің қалдығы Құрылған провизиялар (резервтер) мөлшері Басқа да пайыздық кірістер (сыйлықақының (дисконттың) амортизацияланбаған бөлігі көрсетіледі) Жиынтығы
1 2 3 4 5 6 7

1

Құнсыздануға байланысты провизияларды (резервті) бастапқы құру күні (t0)






2

Провизиялар (резервтер) мөлшерін қайта қарау күні (t1)






3

Провизиялар (резервтер) мөлшерін қайта қарау күні (t2)






………






n

Провизиялар (резервтер) мөлшерін қайта қарау күні (tn)






      кестенің жалғасы:

Қамтамасыз етуді өткізумен байланысты емес болашақ ақша түсімдері (төлемдер)

Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің түзетуді ескере отырып кепілдегі қамтамасыз етуді есептеу жөніндегі микроқаржы ұйымының ішкі нормативтік құжатына сәйкес айқындалған құны

Қамтамасыз етуді өткізудің болжамды мерзімі

Болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны

Қалыптастыру (тарату) үшін қажетті провизиялардың (резервтердің) мөлшері

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарындағы өзгерістер туралы ақпарат

8

9

10

11

12

13













      __________________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсынуға жауапты адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолы

      __________________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсынуға жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), қолы