Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31118 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізудің мына мерзімдері:

      құжаттарды қабылдау: 2022 жылғы 19 желтоқсан мен 2023 жылғы 15 наурыз аралығы; 2023 жылғы 28 тамыз бен 2023 жылғы 13 қазан аралығы;

      конкурсты өткізу – 2022 жылғы 23 желтоқсан мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек