"Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 30996 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындалады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:

      Г = D*(1 + r/p + r/12) (4),

      мұнда:

      Г – мемлекеттік кепілдіктер құны;

      D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы;

      r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады;

      p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.".

      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі