БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамсыздандыру саласындағы әдістемелік құжаттарын;
ана мен баланы қорғауды, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды реттейтін отбасы, еңбек, тұрғын үй заңнамасының нормаларын;
азаматтық құқық негіздерін, психология мен әлеуметтану негіздерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін;
қамқоршылық, қорғаншылық белгілеу, бала асырап алу, ата-ана құқығынан айыру, арнайы оқу-емдеу (тәрбиелеу) мекемелеріне жіберу тәртібі мен ұйымдастыруды;
отандық және шетелдік озық әлеуметтік жұмыс тәжірибесін;
тәрбие және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістерін;
түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшелігін;
медициналық-әлеуметтік жұмысты, халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды;
ұлттық тұрмыс және отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, өңірдің салт-дәстүрлерін білуі тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі