"Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30877 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.12.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесінде:

      47-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі