"Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 106 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қарашада № 30674 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16713 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:

      "

13.

"Н-ГӨЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков