"Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 16 қарашадағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30668 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық құралдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 367-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

367

Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді орналастыру

Табиғи монополия субъектісі

Бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында

Есеп беру өткізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жарты жылда бір рет


  ";

      реттік нөмірлері 369 және 370-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

369

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар салаларында коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі есеп

Табиғи монополия субъектісі

Мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында

Жыл сайын (есепті өткізген сәттен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей)


370

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар салаларында коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі есеп

Табиғи монополия субъектісі

Мерзімді баспасөз басылымында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында

Жыл сайын (есепті өткізген сәттен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей)


  ";

      реттік нөмірі 392-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

392

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары туралы ақпарат, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын қызметкерлердің тізімдері

Агент

Уәкілетті мемлекеттік кіріс органы

Қажеттігіне қарай


  ";

      реттік нөмірлері 12, 13, 14, 15, 16, 17, 26, 27, 28, 30, 31, 39, 49, 206, 211, 225, 226, 244, 257, 271, 278, 279, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 288, 289, 291, 302, 303, 306, 307, 308, 323, 324, 325, 326, 327, 333, 334, 350, 368, 399, 403, 404, 405, 406 және 408 жолдар алынып тасталсын;

      аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ВГВ – В вирусты гепатиті

      ЖРВИ – Жіті респираторлық вирустық инфекциялар

      ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      СГВ – С вирусты гепатиті

      СЭХ – Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамалар

      ТТА – Тұмау тектес аурулар".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар

      министрлігі